Ер елі үшін туады. Дүниетану, 3 сынып, сабақ жоспары.
Қысқа мерзімді жоспар
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 6-бөлім «Көрнекті тұлғалар» |
| ||||
Мерзімі: 3-тоқсан | Модератор: Сейтахметова Ж.М. | ||||
Сынып: 3 | Қатысқандар: Қатыспағандар саны: | ||||
Сабақ тақырыбы | Ер елі үшін туады | ||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 3.3.4.2 Шығармашылықпен қазақ елінің тәуелсіздігі үшін күресушілердің рөлін тарихи мысалдармен көрсету. | ||||
Сабақ мақсаттары | Оқушылар - қазақ елінің тәуелсіздігі үшін күрескен тұлғалармен танысады; - Олардың қосқан үлесін мысалдар арқылы түсіндіреді. | ||||
Бағалау критерийлері | - қазақ елінің тәуелсіздігі үшін күрескен тұлғалар туралы айтып береді (3-тен кем емес); - қазақ елінің тәуелсіздігі үшін күрескен тұлғалардың рөлін түсіндіретін мысалдар келтіреді; - қазақ елінің тәуелсіздігі үшін күрескен тұлғалардың бейнесін шығармашылық формада таныстыра алады. | ||||
Тілдік мақсаттар | Оқушылар: - Қазақ елінің тәуелсіздігі үшін күресушілердің рөлі туралы айта алады. Терминология:
Талқылауға арналған сұрақтар: - Қазақ елінің тәуелсіздігі үшін күресушілердің рөлі қандай? Жазуға берілетін тапсырма: - «Қазақстан тарихындағы батырлар бейнесі» тақырыбында тест құрап, жауаптарын жазады. | ||||
Құндылықтарды дарыту |
| ||||
Пәнаралық байланыстар | Әдебиеттік оқу: көрнекті тұлғалардың өмірбаянымен танысу. | ||||
Алдыңғы меңгерілген білім | Өткен сабақта Қазақстанның мемлекет болып құрылу жолындағы тарихи тұлғалардың маңызын талдады. Тарихи тұлғаларға мысалдар келтірді. | ||||
Сабақ барысы | |||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақта жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | |||
Сабақтың басы 0-5 6 |
Б. Тюлькиев пен З.Қожамқұловтың «Ұлы көш» суреті көрсетіледі. Сурет бойынша талқылау жүргізіледі: - Қалай ойлайсыңдар, бұл сурет қалай аталады? - Суретте кімдер бейнеленген? -Осы суреттегі автордың ойы қандай деп ойлайсыңдар? Мұғалім Б. Тюлькиев пен З.Қожамқұловтың «Ұлы көш» суреті туралы түсінік береді. Суретте осы заманға дейінгі тарихи тұлғалардың бейнеленгенін бірлесіп анықтайды.
- қазақ елінің тәуелсіздігі үшін күрескен тұлғалармен танысу; - Олардың қосқан үлесін мысалдар арқылы түсіндіру. | Б. Тюлькиев пен З.Қожамқұловтың «Ұлы көш» суреті (дидактикалық материалға қараңыз) Әдістемелік нұсқаулыққа қараңыз Слайд №3 | |||
Сабақ ортасы 7-11 12-35 |
Сынып өткен сабақта бөлінген топтарға бөлініп отырады. Текшені лақтыру арқылы топтар негізгі 2 сұраққа жауап береді:
Әр топ жауаптарын 1 минутта айтулары керек. Құм сағатпен уақытты басқарыңыз. Басқа топтар тыңдап, қажетінше толықтырулар жасайды. Бағалау критерийлері: -қазақ елінің тәуелсіздігі үшін күрескен тұлғалар туралы айтып береді (3-тен кем емес); - қазақ елінің тәуелсіздігі үшін күрескен тұлғалардың рөлін түсіндіретін мысалдар келтіреді;
Әрбір топ Қазақстан тарихындағы ұлы тұлғалар туралы қойылым дайындайды:
Әр бір топ берілген уақытты қатаң ұстануын қадағалаңыз. Әрбір қойылымға 6 минут. Қойылымды бағалау критерийлері:
Бағалау критерийлері: - қазақ елінің тәуелсіздігі үшін күрескен тұлғалардың бейнесін шығармашылық формада таныстыра алады. | 6 қырлы текше (дидактикалық материалға қараңыз) Әдістемелік нұсқаулыққа қараңыз Құм сағат Берілген тұлғалардың портреттері, олар туралы ақпарат Әдістемелік нұсқаулыққа Қараңыз Киімдер, безендірулер (дидактикалық материалға қараңыз) | |||
Сабақтың соңы 36-40 | Рефлексия: «Тест – сұхбат» (жұпта) «Қазақстан тарихындағы батырлар бейнесі» тақырыбында оқушылар тесті өздері құрап, екінші оқушыдан сұхбат алады. Оқушылар сыныпты аралап жүріп, дайындаған сұрақтарын қояды. Жауаптарын жазып отырады. Соңынан бірлесіп, жауаптарды талқылайды. Бөлім бойынша сұрақ дайындауға болады. Бағалау критерийлері: - қазақ елінің тәуелсіздігі үшін күрескен тұлғалар туралы айтып береді (3-тен кем емес); - қазақ елінің тәуелсіздігі үшін күрескен тұлғалардың рөлін түсіндіретін мысалдар келтіреді. |
Таратпа парақ (дидактикалық материалға қараңыз) | |||
Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | |||
Қабілеті жоғары оқушылар «Кубизм» стратегиясында сұраққа жауап беруде көшбасшылық танытуларын ұсыныңыз. Қойылымда рөлдерді бөліп алу оқушылардың әртүрлі шығармашылық қабілеттерін көрсетуге мүмкіндік береді. Оқуда кедергісі бар оқушыларға «Тест-сұхбат» тапсырмасында қолдау ретінде қосымша мәліметтер беріңіз. | Бағалау және кері байланыс беру сабақтың өн бойында жүріп отырады. «Кубизм» стратегиясында топтар сұраққа берген жауаптары қаншалықты түсінікті болғаны «Бас бармақ» стратегиясына сәйкес бағаланады (жоғары қаратса – бәрі түсінікті, ортада көрсетсе - сұрақтар бар, төмен қаратса - көмек қажет). «Қойылым. Рөлдік ойын» берілген критерийлер бойынша өзара бағалау арқылы бағаланады. «Тест – сұхбат» рефлексиясында «Қазақстан тарихындағы батырлар бейнесі» тақырыбындағы сұхбат оқушылардың білім деңгейін байқатады. | Оқушылар сынып бөлмесінде қозғалу барысында, топтық жұмыс барысында қауіпсіздік техникасы сақталады. |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды