Менің бабаларым - қыпшақтар. Дүниетану, 3 сынып, сабақ жоспары.


Қысқа мерзімді жоспар

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

6-бөлім «Даңқты тұлғалар»

Мерзімі: 3-тоқсан

Модератор: Сейтахметова Ж.М.

Сынып: 3

Қатысқандар:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Менің бабаларым - қыпшақтар

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

3.3.2.1 Әр түрлі материалдарды зерттеу негізінде түркілердің өмір салтын анықтау

Сабақ мақсаттары

Оқушылар

- зерттеу негізінде қыпшақтар қалай өмір сүргенін, немен айналысқанын анықтайды.

Бағалау критерийлері

-қыпшақтардың өмір салтын сипаттайды;

-қыпшақтардың пайда болуы жайлы айтып бере алады;

-қыпшақтар мен қазақтардың өмір салтын салыстырады;

-қыпшақтардың өміріндегі маңызды ерекшеліктерді атайды (3тен кем емес)

Тілдік мақсаттар

Оқушылар:

-оқушылар көне түркілерінің өмір сүру салты туралы айта алады.

Терминология:

  • Көне түркі халқы
  • Қыпшақтар. Қыпшақ даласы.

Талқылауға арналған сұрақтар:

- Көне түркілер мен қыпшақтар қалай өмір сүрген?

Жазуға берілетін тапсырма:

-Қыпшақ – ірі түркі тайпасы.

- Қыпшақтар – қазақтардың арғы бабасы.

- Қазақ тілі қыпшақ тілінің негізінде пайда болды.

Құндылықтарды дарыту

Патриотизмді дамыту ел ертеңі үшін көне түркілердің, қыпшақтардыңкешегісінің маңыздылығын түсіну арқылы жүзеге асады.

Пәнаралық байланыстар

Көркем еңбек:кадрларға сурет салады.

Күнделікті өмірмен, тарихпен, АКТ-мен байланысты.

Алдыңғы меңгерілген білім

Оқушылар ежелгі түркілердің өмір сүру салты туралы мағлұматтар алған.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақта жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

0-2

4-7

8-9

  • «Егер мен күн болсам»

Сабақтың алдында оқушылар шеңберге жиналады. Олар топтың ортасына шығып,қолына күннің суретін немесе макетін ұстап тұрып сабаққа жақсы тілек айтып, жақсы көңіл күй сыйлайды.

Содан соң оларға ақын О. Сүлейменовтың «Арғымақ» өлеңінен үзінді оқылады:

Қыпшақтардың ой-хой құба жондары-ай,

Жер тарпыған тұлпарын айт, тұлпарын!

Шарайнадай сауырына қомдап ай,

Арғымақ жүр

Көк шалғынға-көк кілемге

Сүртіп мүйіз ұлтанын.

Берші менің тақымыма біреуін,

Жеті қиян жер түбіне асайын.

Арғымақтай аласұрған жүрегім

Оны қалай басамын.

  • Талқылау (ұжымда)

Осы үзіндіні мұғалім өзі немесе бір оқушы оқиды.

Оқушылар өлеңді тыңдап, соңынан талқылау жүргізіледі.

Талқылауға арналған сұрақтар:

  • Өлеңдегі дала қалай аталады?
  • Қандай түсініксіз мәліметтер кездесті?
  • Арғымақ өлеңі мен қыпшақтардың арасында қандай байланыс бар деп ойлайсың?

Сұрақтарға оқушылар жауап беруге тырысады. Соңғы сұрақтың жауабы сабақтың тақырыбымен тікелей байланысты екені айтылып, сабақ мақсаты анықталады.

 

  • Сабақ мақсатын анықтау(ұжымда)
  • Сабақ тақырыбы мен мақсаты жайлы оқушылардың болжамдары айтылады.
  • Сабақ мақсаты ұсынылады:

- зерттеу негізінде қыпшақтар қалай өмір сүргенін, немен айналысқанын анықтайды.

Слайд №1,2

(дидактикалық материалға қараңыз)

https://www.youtube.com/watch?v=P5kZ2iM-о. О.Сүлейменовтың «Арғымақ» өлеңінен үзінді

Слайд №3,4

Әдістемелік нұсқаулыққа

қараңыз

(дидактикалық материалға қараңыз)

Әдістемелік нұсқаулыққа

қараңыз

Слайд №5

Сабақ ортасы

10-14

15-19

20-25

26-35

  • «Қабырғаға қарап оқу» стратегиясы (жеке, топта, ұжымда)

Оқушыларға Қыпшақтардың өмір сүру ерекшеліктері туралы мәліметтермен танысу ұсынылады. Мәліметпен танысқаннан соң, мәліметі талқылайды.

Талқылауға арналған сұрақ:

«Қыпшақтар немен айналысқан, қалай өмір сүрген

Пікірталас«Қалам ортада» стратегиясы арқылы өткізіледі.

Бағалау критерийлері:

-қыпшақтардың өмір салтын сипаттайды;

  • «Бейнематериалды көрсету» (жұпта, ұжымда)

Мұғалім Дешті-Қыпшақ, құпия таңбалар туралы бейнематериал көрсетеді

Оқушылар бейнефильмді көріп, соңынан талқылау жүргізіледі.

Талқылауға арналған сұрақтар:

Бейнефильм не жайында?

Дешті – Қыпшақ, қыпшақ даласы деген не?

Құпия таңбалардың қандай мағыналары бар?

Қыпшақтар қалай өмір сүрген?

Бағалау критерийлері:

Қыпшақтардың пайда болуы жайлы айтып бере алады;

  • «Венн диаграммасы» стратегиясы(топта)

Мұғалім оқушыларға қазақтар мен қыпшақтарды салыстыруға тапсырма береді. Олар киімдерін, тілдерін, жазуларын, жалпы өмір сүрулері, немен айналысатындықтарын салыстырады. Әр топ салыстырған диаграммаларын келесі топқа жылжытады да, ол топ стикерге пікір жазу арқылы бағалайды.

Бағалау критерийі:

қыпшақтар мен қазақтардың өмір салтын салыстырады;

  • «Ара ұясы» стратегиясы.

1)Елестетіңдер.

Сендер қыпшақ отбасында қонақта отырсыңдар. Үйдің қожайындары сендерге қандай тағамдар ұсынады?

Сендер олардан не жайында сұрайсыңдар? Қыпшақтардың сөйлегенін түсінесіңдер ме?

Егер қыпшақ жылқыларына жоғарғы құн төленсе, оның бойында қызығатын қандай қасиеттер болуы мүмкін?

2)Сен қыпшақтар туралы фильмнің сценарийін құрастырып жатырсың. Қыпшақтардың өміріндегі қандай маңызды сәттерді кадрға енгізер едің? (суретін сал немесе жаз).

Бағалау критерийлері:

-қыпшақтардың өміріндегі маңызды ерекшеліктерді атайды (3тен кем емес)

Слайд №6,7

Таратпа мәтін

(дидактикалық материалға қараңыз)

Үкі тағылған қалам

Слайд №8

Слайд №9

Әдістемелік нұсқаулыққа

қараңыз

Дешті – Қыпшақ құпия таңбалар Сілтеме:

https://www.youtube.com/watch?v=XFMyyYbXTHg

(1:57-тан 4:16-ға дейін көрсету)

Слайд №10

(дидактикалық материалға қараңыз)

Ақ қағаз, маркерлер

Стикерлер

Слайд №11

Әдістемелік нұсқаулыққа

қараңыз

Слайд №12-15

Ақ қағаз, бояулар

Сабақтың соңы

36-40

Рефлексия (жеке):

«Үш жағымды сәт» стратегиясы.

Оқушыларға сабақтың барысында орын алған үш жағымды сәтті, яғни, тапсырманы орындауда болған үш жағдайды және келесі сабақта олардың жұмыстарын жақсарта түсуге керек болатын бір әрекетті атау ұсынылады. Кейбір жауаптарды оқып талдап, пікірлерін білдіреді.

Слайд №16

микрофон

(дидактикалық материалға қараңыз)

Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Қабілеті жоғары оқушыларға«Менің бабаларым - қыпшақтар» тақырыбына аңыз жазу ұсынылады. Оқуда кедергілері бар оқушыларды қабілеті жоғары оқушымен жұп болуына әрекет жасаңыз. Бағалау критерийлерін оқушылармен алдын ала талқылау ұсынылады.

«Үкілі қалам» стратегиясысаралауда тиімді болып табылады.

Бағалау және кері байланыс беру сабақтың өн бойында жүріп отырады. «Қалам ортада» стратегиясында тапсырма «Үкілі қалам» міндеттеріне қарай бағаланады. «Венн диаграммасыстратегиясын оқушылар критерийлерге сай стикерлермен бағалайды.

«Ара ұясы» стратегиясы бойынша қыпшақтардың өмір сүруі, ерекшеліктері туралы ойлары тыңдалып, фильмнің сценарийін құрастыруда қандай маңызды сәттерді кадрға енгізгендігі суреттері мен жазбаларын бірлесе талдау арқылы бағаланады.

АКТ- ны құралдарын тиімдіпайдалану, сынып бөлмесінің тазалығын сақтау, оқушылардың сергіту сәтінде және топтық жұмыс барысында икемді қозғалуын және дұрыс отыруын қамтамасыз ету.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу