Қазақ хандығы қалай құрылды? Дүниетану, 3 сынып, қосымша материал.
Сабаққа арналған әдістемелік нұсқаулар
- Тақырыпқа кіріспе
Сабақты бейнефильмді (сілтеме жоспарда көрсетілген) немесе "Қазақ хандығы" мультфильмін талқылаудан бастаңыз. Алдын ала ата-аналармен бірге сабаққа дейін бір күн бұрын немесе демалыс күндері мультфильмнің толық нұсқасын көруді тапсырыңыз. Мультфильм мына сілтемеде: https://www.youtube.com/watch?v=PdEj2XS3a_M
- «Құс базары» мәтінді оқу стратегиясы
Бұл стратегия барлық оқушыларды мәтінді оқумен және тыңдаумен 100% қамтуға бағытталған. Оқушылардан "Құс базары" деген ұғымды түсіндіруін талап етіп, табиғатта осы феномен бар ма деп сұраңыз.
- «Диалог құрамыз» тапсырмасы
Қазақ хандығының құрылу себептері:
1. Барлық қазақ тайпаларының біртұтас мемлекетке бірігуі.
2.Жауларға бірлесіп қарсы тұру.
3.Тәуелсіз жеке мемлекет құру.
- Бір минутқа тапсырма «Кел, санайық»
Оқушыларға 2015 жылы Қазақ хандығына 550 жыл мерекесі қалай атап өтілгендігін әңгімелеп беріңіз (сілтеме бойынша мына материалдармен танысуға болады):
- «Бейнебаян жаса» стратегиясы
Оқушыларға №7 слайдта (презентацияны қараңыз) бейнебаян кадрларының үлгілерін көрсетіңіз. Оларға ең аз дегенде 4 кадрдан тұратын бейнебаян сценарийін жазу/суретін салу қажет екенін түсіндіріңіз. Әрбір кадр осы тарихтың маңызды оқиғасын қамтуы тиіс. Анимациялық фильмнің оқиғасы бірнеше кадрларда ғана берілген Ақ бұғы (1 сынып) туралы аңызды еске түсіруді сұраңыз.
- «Қазақ елі» толықметражды мультфильмің оқушылардың бос уақыттарында толық көрулерін ұсыныңыз.
- Теориялық материал:
Қазақ хандығы –1457 жылдың күзінде Әбілқайыр хан Сығанақ түбінде қалмақтардан жеңілгеннен кейін, Керей мен Жәнібек сұлтандар қол астындағы ру-тайпалармен Шу өңіріне келіп қоныстанып, Қазақ хандығының негізін салады. 1458 жылдың көктемінде Керейді ақ киізге көтеріп хан сайлайды. Әбілқайыр ханға наразы сұлтандар, әмірлер, ру-тайпа басылары Керей мен Жәнібекке келіп қосылады. Аз уақыттың ішінде халықтың саны 200 мыңнан асып түседіXV ғасырдың алпысыншы жылдары Қазақ хандары қарсыластарын тықсыра отырып, Батыс Жетісуға табан тіреді. XVI-XVII ғасырларда Қазақ хандығы нығайып, этникалық аумағының негізгі бөлігін қамтитын шекаралары кеңейе түсті. Орта Азия, Астрахан, Қазан, Сібір хандықтарымен, Ресеймен тығыз байланыс болды. Қасым хан, Хақназар хан, Тәуекел, Тәуке хандардың есімдері Қазақ мемлекеттілігі деген атаумен қоса жүреді. XV-XVII-ғ. Қазақ хандығы дәуірінде қазақ этносының материалдық және рухани мәдениетінің негізгі сипаттары қалыптасты.
Әз-Жәнібек хан |
|
Әз-Жәнібек хан, Жәнібек Әбусаид (туған жылы белгісіз - 1480) — Қазақ хандығы мен қазақ хандары әулетінің негізін қалаушы, Барақ ханның ұлы, Ұрыс ханның шөбересі. 15 ғасырда өмір сүрген. 1450 жылға дейінгі өмірі мен қызметі туралы нақты деректер жоқ.
1456 жылы Дешті-Қыпшақта шайбандық Әбілхайыр хан билікті қолына алған соң, көшпенді халықтың Жәнібек пен Керейбастаған бір бөлігі Моғолстанға қоныс аударып, Шу мен Қозыбасы өзендерінің аңғарында орын тепті. Моғолстан ханы өз қарсыластарымен болатын күресте көмектесер деген есеппен қазақ басшыларымен одақтас болды. Өзара қырқысулар мен соғыстардан жапа шеккен 200 мыңға жуық көшпенділер Жәнібек хан мен Керей ханның маңына топтасты, олардың билігінің күшеюі 1468 жылы Моғолстанға әскери жорық жасамақ болып, бірақ жол үстінде кенеттен қайтыс болған Әбілқайырға олар тарапынан қауіп төнуі мүмкін деген ой салды.
Жәнібек хан қазіргі Шу стансасының солтүстік - шығыс жағындағы Хантауды қоныстанған.
Әбілқайыр хан өлімінен кейін хан тағы үшін болған өзара қырқысулар Дешті-Қыпшақта өрши түсті, оған туған жерге оралуды көздеп жүрген Жәнібек хан мен Керей хан да араласып кетті. Олар Әбілқайыр мұрагері Шейх-Хайдар ханмен кескілескен шайқасқа түсті. Өз әміршілері тарапынан ешқандай көмек ала алмаған Шейх-Хайдар билік үшін күресте жеңіліске ұшырады. Бұдан кейін Дешті-Қыпшақтағы билік Орыс ханның тұқымдары — Жәнібек хан мен Керей ханның қолдарына өтті. Олар тағы да отыз жыл бойы шайбанилықтармен табан тіресе шайқасты.
Биліктің Орыс хан тұқымдарының қолына өтуі де «Көшпелі өзбектер мемлекетіндегі» саяси жағдайды өзгерткен жоқ. Дегенмен, бұл оқиға «Көшпелі өзбектер мемлекеті» атының Дешті-Қыпшақ болып өзгеруіне ықпал етті. Бір кездері Моғолстанға қоныс аударған адамдар Өзбек ұлысында «қазақтар» деп атала бастады және бұл атау бүкіл хандыққа тарай бастады. Билік үшін күрес Жәнібек хан мен оның үзеңгілестері қазақтардың бірігуі мен Қазақ хандығының құрылуына үлес қосты.
15 ғасыр орта шанінде ежелден Жетісу өңірін мекендеген түркі тайпалары бір этникалық топқа біріге келе, қазақ халқын құрады. Жәнібек хан мен Керей хан Жетісу өңірі, Шу мен Талас өзендерінің бойын мекендеген қазақтардың басын қосуда көп еңбек сіңірді. Бұл мақсатпен олар өзара қырқысуларды басып, ірі феодалдарды маңайына топтастырды.
Жәнібек ханның Дешті-Қыпшаққа оралғаннан кейін билігін күшейткені туралы, өмірінің соңғы жылдары мен өлімі туралы деректер жоқ. Оның есімі тарихи деректерде соңғы рет 1473 жылы кездеседі. Бұдан кейінгі жылдары Керей хан туралы ғана айтылған. Жәнібек хан жиі болатын шайқастардың бірінде қаза тапқан деп болжауға болады. Сақталып қалған халық аңыздары мен өлеңдерінде Жәнібек ханды Әз Жәнібек деп атаған.
Керей хан |
|
Керей хан Кирай, Гирей (туған, өлген жылы белгісіз – 1473) – Қазақ хандығының негізін қалаушы ұлы екі тарихи тұлғаның бірі, алғашқы қазақ ханы. Ақ Орданың ханы Ұрыстың ұрпағы. Ұрыс ханнан Тоқтақия, одан Болат, одан Керей хан тараған.
«Тауарих-и Гузида-йи Нусратнаме» дерегі бойынша, Керей хан – Болаттың жалғыз баласы. 15 ғасырдың ортасына дейінгі тарихи оқиғаларда Керей хан туралы мәліметтер кездеспейді. Мұхаммед Хайдар Дулатидың «Тарих-и Рашиди» атты еңбегінде Керей хан туысы Жәнібек ханмен бірге 15 ғасырдың 50-жылдарының аяғында Қазақ хандығының құрылуына қатысты оқиғаларда алғаш рет атала бастайды. Онда Керей хан мен Жәнібек ханның Әбілхайыр хандығынан бөлініп, Моғолстанныңбатысындағы Шу бойы мен Қозыбасы өңірі аралығына келіп қоныстанғаны туралы баяндалады. Бұл аймақ – сол жылдардағы Моғолстан билеушісі Есенбұға хан мен оның туған ағасы Жүніс хан иеліктерінің арасы болды.
Соңғы жылдары ғылыми айналымға енгізілген аңыз мәліметтері бойынша, Керей хан мен Жәнібек хан қол астындағы ру-тайпалармен 1457 жылдыңкүзінде Шу өңіріне көшіп келген. Ал 1458 жылдың көктемінде Керейді хан етіп көтерді. Керей хан мен Жәнібек ханның бөлінуімен Көшпелі өзбектер мемлекетінде ыдырау процесі басталады. Әбілхайыр ханға наразы сұлтандар, әмірлер, ру-тайпа басылары Керей хан мен Жәнібекке келіп қосылады. Аз уақыт ішінде Қазақ хандығындағы халықтың саны 200 мыңнан асып кетеді. Керей хан мен Жәнібек ханның арқасында Есенбұға хан ағасы Жүніске қарсы күресте сенімді, әрі мықты одақтас табады. Жүніс 1461-62жылы Есенбұға хан қайтыс болғанға дейін Моғолстан тағына қарсы ешқандай әрекет жасай алмайды. 1461/62–1469 жылдары Моғолстан ханы Досмұхаммедтің мәнсіз, мағынасыз жүргізген саясаты салдарынан Керей хан Жүніске қолдау көрсете бастайды. Ақыры, 1469 жылы Досмұхаммед хан қайтыс болғаннан кейін, Моғолстандағы билік басына еш қиындықсыз Жүніс хан келеді. Керей хан тұсында негізі қаланған Қазақ-Моғолстан қатынасы 16 ғасырдың 30-жылдарына дейін достық, бейбіт сипатта болады. Әбілхайыр хан Керей хан мен Жәнібек хан ықпалының күшейе бастағанынан қауіптеніп, оларды дер кезінде талқандау мақсатымен 1468/69 жылы жорық ұйымдастырады. Жорық кезінде Әбілхайыр хан ауырып, қайтыс болады да, әскері кейін оралады. Көп ұзамай Көшпелі өзбектер мемлекетінде билік үшін талас-тартыс басталып кетеді. Кешегі Әбілхайыр ханның қарсыластары – Ахмет пен Махмұт хандар, ноғай мырзалары Мұса мен Жаңбырлы, Сібір ханы Ибақ, шайбанилық Берке сұлтан және қазақ хандары Әбілхайыр ханның мұрагері Шайх Хайдар ханға қарсы шығады. “Тауарих-и гузида-йи нусратнаме” дерегінде қазақ хандары ретінде Керей хан мен Жәнібектің есімдері аталса, “Фатхнама”, “Шайбанинаме” деректерінде тек қана Жәнібек ханның есімі кездеседі. Дегенмен Керей хан есімі тарихи деректерде соңғы рет 1472–73 жылдары, Жүніс хан ордасына Бұрыш оғлан деген сұлтанның шабуыл жасауына байланысты аталады. Соған қарағанда Керей хан 1470 жылдың бас кезінде қайтыс болған. Аңыз бойынша, Керей хан Қазақ хандығын 10 жылдай билеген және Хан тауы етегінде жерленген.
www.tarih-begalinka.kz
- Қосымша сілтемелер:
№ | Тақырыбы | Сілтемелер | Ұзақтығы |
1 | Қазақ хандығының құрылуы және нығаюы (XV-XVI ғғ. басы) | 5.56 | |
2 | Ұлы Қазақ хандары: Керей мен Жәнібек хандар "Қазақ Елі" | 2.15 | |
4 | Қазақ елі. Толықметражды Мультфильм | 1.15.50 |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?