Қазақ жерінің даңқты хандары. Дүниетану, 3 сынып, сабақ жоспары.
Қысқа мерзімді жоспар
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 6-бөлім «Көрнекті тұлғалар» Мерзімі: 3-тоқсан Сынып: 3 | Модератор: Сейтахметова Ж.М. Қатысқандар: Қатыспағандар саны: | ||||
Сабақ тақырыбы | Қазақ жерінің даңқты хандары | ||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 3.3.4.1 тарихи мысалдармен хандардың, батырлардың, билердің маңызы туралы түсіндіру | ||||
Сабақ мақсаттары | Оқушылар
| ||||
Бағалау критерийлері |
| ||||
Тілдік мақсаттар | Оқушылар: - Тарихи мысалдармен хандардың рөлін түсіндіреді; Терминология:
Талқылауға арналған сұрақтар: - Хандардың ең маңызды істері қандай? - Неге қазақ хандарын Шыңғыс хан ұрпақтары деп атайды? | ||||
Құндылықтарды дарыту | Патриотизмді дамыту қазақ халқының көрнекті тұлғаларымен: Тәуке, Қасым, Жәңгір хандарымен танысу арқылы жүзеге асырылады. | ||||
Пәнаралық байланыстар | Қазақ тілі: синквейн шығару. Көркем еңбек: символды ойлап табады, суретін салады. | ||||
Алдыңғы меңгерілген білім | 1 сыныпта «Саяхат» тарауында оқушылар Ботай мәдениетінің ерекшелігін суреттеп,түрлі дереккөздер негізінде Тұмар патшайым туралы түсінік алған. «Уақыт» тарауында ежелгі түркілердің өмір сүру салты туралы мағлұматтар алған. Қазақ хандығының құрылу себептерін түсіндіре алады. | ||||
Сабақ барысы | |||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақта жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | |||
Сабақтың басы
0-5 6-7 |
Оқушылар алдымен жеке, кейін топпен "Қазақ хандығы" тақырыбына кластер құрайды.
| Кластердің үлгісі (дидактикалық материалға қараңыз) Әдістемелік нұсқаулыққа қараңыз Слайд №3 | |||
Сабақ ортасы 8-11 12-16 17-26 27-36 |
Оқушыларға сюжеттік суреттер таратылады. Жұпта олар өз жорамалдарын айтулары керек: * Хандар немен айналысқан? * Олар кімге қызмет етті? * Оларды кім сайлады? * Ханның маңызды істерінен бірінші орынға не қояр едің? * Неліктен? -Оқушыларға "Қазақ хандары" туралы видеофрагментін көрсетіңіз; -Олардың жорамалдарын ханның нақты қызметімен салыстыруларын сұраңыз.
Бағалау критерийлері: - хандардың Қазақ халқының өміріндегі рөлін түсіндіреді.
Оқушылар топтарға бөлінеді. Әр топқа карталар таратылады. Оқушылар топта Керей мен Жәнібек хандар және Қасым хан заманындағы қазақ жерлерін көрсетіп, қорытынды жасауы қажет. Өзін-өзі бағалау мұғалімнің дұрыс нұсқасымен салыстыру арқылы жүзеге асырылады.
Бағалау критерийлері:
-Оқушылар 3 топқа бөлінеді: №1 топ Қасым хан туралы ақпаратты оқып-зерттеп, оның билігі заманында хандық аумағы қалай өзгергендігін картада көрсетеді. Ресурстар: Қасым хан туралы ақпарат, Қазақ хандығының картасы. №2 топ Жәңгір хан туралы ақпаратты зерделейді және карта бойынша Орбұлақ шайқасы туралы әңгімелейді. Ресурстар: Жәңгір хан туралы ақпарат, Орбұлақ шайқасының картасы, осы шайқас туралы ақпарат. №3 топ Тәуке хан туралы ақпаратты зерделейді және «Жеті жарғы» заңдары туралы әңгімелейді. Ресурстар: Тәуке хан туралы ақпарат, «Жеті жарғы» заңдарының жинағы. Бағалау критерийлері: - Тәуке, Жәңгір, Қасым хандар туралы әңгімелейді; - хандардың Қазақ халқының өміріндегі рөлін түсіндіреді;
Оқушыларға екі тапсырманың біреуін таңдау ұсынылады: №1 тапсырма Қасым, Жәңгір және Тәуке хандарының билік жүргізу кезеңдеріне лайықты сурет не таңба түріндегі рәмізді ойлап табу керек. Бағалау критерийлері: -ойлап тапқан рәміздер аталған хандардың билік ету кезеңдерін көрсетеді. №2 тапсырма «Қасым»/ «Жәңгір»/ «Тәуке» тақырыбына синквейн құрау керек. Бағалау критерийлері: -синквейннің мазмұны хан билігінің ерекшелігін көрсетеді. Бағалау "Галереяға шолу" стратегиясы түрінде жүргізіледі. | Сюжетті суреттер (дидактикалық материалға қараңыз) Әдістемелік нұсқаулыққа қараңыз Бейнематериал Сілтеме: https://www.youtube.com/watch?v=VMBS9dRLHdQ Әр кезеңдегі Қазақ хандығының картасы (дидактикалық материалға қараңыз) Әдістемелік нұсқаулыққа қараңыз Ақпараттар, хандардың портреттері Қазақ хандығының картасы, Орбұлақ шайқасы «Жеті жарғы» заңдар жинағы (дидактикалық материалға қараңыз) (дидактикалық материалға қараңыз) Постер, маркерлер, бос кадрлар шаблоны Қарындаштар Әдістемелік нұсқаулыққа қараңыз Стикерлер | |||
Сабақтың соңы 37-40 | Рефлексия (жеке): «Жалғастыр» стратегиясы Оқушылар шеңбер құрып тұрады. Әр оқушы кезекпен ханның бас киімі суретін (мұрақты) бір-біріне бере отырып, сөйлемді жалғастырып аяқтайды: «Мен өз ата-бабамды мақтан тұтамын, себебі ....» | Ханның тігілген бас киімі-мұрақ немесе оның суреті (дидактикалық материалға қараңыз) | |||
Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | |||
Дифференциация таңдау тапсырмасы арқылы жүзеге асырылады (әдіст.нұсқ.қараңыз). Қабілеті жоғары оқушыларға "Қай ханға қатысты айтылғанын тап» (оқулықтағы тапсырма) тапсырмасында хандарды анықтауды ұсыныңыз. Оқуда кедергісі бар оқушыларға "Сенің таңдауың" тапсырмасын орындауда синквейннің үлгісін немесе символдың үлгісін көрсете отырып, қолдау көрсетіңіз. | Бағалау және кері байланыс беру сабақтың өн бойында жүріп отырады. Оқушылардың дұрыс емес жауаптарын белгілеп, уақытылы конструктивтік кері байланыс беріңіз. "Сенің таңдауың" тапсырмасы «Галереяға шолу» стратегиясы бойынша бағаланады. Ол үшін оқушылар галереяны шарлап, стикерлерге жазбаша кері байланыс қалдырады. | Оқушылар сынып бөлмесінде қозғалу барысында, топтық жұмыс барысында қауіпсіздік техникасы сақталады. |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?