Түркілер және олардың өмір сүру салты. Дүниетану, 3 сынып, қосымша материал.


Сабаққа арналған әдістемелік нұсқаулар

  • Топтарға бөліну

Оқушылар «Менің ата-бабам» тақырыбына қатысты бір-бір сөзден атап шығады. Атаған сөздерінің бірінші әрпі бойынша, әліпбиге сәйкес шеңбер құру кезінде бір-біріне сөздерін айтады. Бұл тақырып бойынша сөздік қорларын кеңейуіне ықпалын тигізеді.

  • «Еске түсірейік» тапсырмасы

Бұл кіріспе тапсырма болып табылады, сондықтан тақырып бойынша оқушылар 1-2 сыныпта өткен білімдерін еске түсірулері қажет. Егер қиындық туды деп болжасаңыз, алдын-ала 1-2 сынып оқулықтарын, сақтар мен ғұндар туралы материалдар дайындап қойыңыз. Тапсырма көп уақытты алмау керек.

  • «Есі ауысқан профессор» стратегиясы бойынша мәтінмен жұмыс

Бұл тапсырма мәтінді әртүрлі эмоционалдық күйде бірнеше рет қайталау арқылы ақпаратты есте сақтауға көмектеседі.

  • «Зерттеушілік әңгіме» стратегиясы

Түркі жауынгері бейнеленген суретті талқылау барысында, түркі әлемінің колөнершілерінің жұмысы ретінде жауынгердің киімі мен қаруына назар аудартыңыз.

  • «Құжатты зертте және қатесін жөнде» стратегиясы

Ақпараттық парақта көне түркілердің мәдени жетістіктері жазылған.

  • «Түркілердің жетістіктері» тапсырмасы

Суреттер ежелгі түркілердің салт-дәстүрі мен көзқарастары, киім үлгілерін, рухани –мәдени дүниетаны бейнеленген мазмұнды болуы керек. Негізгі өнертабыстарды талқылау кезінде бейнеленген бұйымдар түркілердің өмірі туралы жақсы тарихи дерек болып табылатыны және оларды сақтау керектігіне көңіл аудартыңыз. Ең үздік постерді анықтауды стикерлер жабыстыра отырып оқушылар өздері жүргізеді.

  • Теориялық материалдар:

Ежелгі түркілер туралы мәлімет тұңғыш рет б.з.-дың 542 жылындағы қытай жылнамаларында кездеседі. Қытай жазбаларының айтуынша, түркілер ғұндардың ұрпақтары болып табылады. Ал көне аңызға сәйкес, түркілер касқырдан тараған ұрпақ деп есептеліп, «Ашина» (қасқыр) әулеті атанған. Ашина тайпасы VI ғасырдың ортасына дейін жужандардың қол астында болады. VI ғасырдың ортасынан бастап билікті қолына алған Бумын түркілердің басын біріктіріп, Түрік қағандығын (552 - 745 жж. өмір сүрген) құрады. Түрік мемлекетінің алғашқы билеушісі Бумын қаған болып есептелінеді, оның мұрагерлері, яғни балалары Қара Ыссық (Қараессе) пен Мұқан қағандар жужандарды талқандауды аяқтайды.

Түркілер шығысында Тынық мұхиттан бастап, батысында Қара теңізге дейінгі ұлан-ғайыр даланы қол астына қаратқан. Бүгінгі Қазақстан жері сол замандарда осы бір аса қуатты Түрік мемлекетінің құрамында болған. Мемлекетті Ашина әулетінен тарайтын мұрагерлер басқарған. Билік, әдетте, балаларына, бірге туған ағайындарына немесе жақын туыстарына көшіп отырған. Түркілердің жоғарғы ел билеушісі «қаған» деген лауазымга ие болған.

http://www.uniface.kz/interfacts/index.php?id=56&post=article

  • Қосымша сілтемелер:

Тақырыбы

Сілтемелер

Ұзақтығы

1

Түркі мемлекеттері

https://bilimland.kz/kk/courses/dunie-zhuzi-tarixy/turki-xalyqtary/lesson/turki-memleketteri

2.54

2

Түркі халықтары

https://bilimland.kz/kk/courses/dunie-zhuzi-tarixy/turki-xalyqtary/lesson/orta-hasyrlardahy-turki-xalyqtary

1.53

3

Ежелгі түркі халықтарының жазба ескерткіштері

https://bilimland.kz/kk/courses/dunie-zhuzi-tarixy/turki-xalyqtary/lesson/ezhelgi-turki-xalyqtarynyng-zhazba-eskertkishteri

2.29

4

Түркілер әлемі:

https://www.youtube.com/watch?v=B79zCp-vUkk

2,3

ҚАЗАҚСТАННАН ТАБЫЛҒАН

КӨНЕ ТҮРКІ

ЖАЗБА

ЕСКЕРТКІШТЕР

http://nbisu.moy.su/_ld/23/2314_IGUMAMIEVA2011-.pdf

Ерте Түркі мемлекеті - Түркі қағанаты 552 жылы құрылды. Оның негізін салған - Бумын қаған 553 жылы қайтыс болады. Бумын өлгеннен кейін таққа оның інісі Қара-Еске отырады, оның бастауымен түріктер жоғары жағында бір жердегі Бұкрат (Мула) тауларында аварларды екінші рет жеңеді. Қара-Ескенің мұрагері деп шежіреші оның інісі Иркинді (Ицзинь) атайды, ол кағандық тағына Мұқан қаған деген атпен отырады, оның лақап аты Йанту болды. Мұқан қаған (553-572) билік құрған жылдарда Түркі қағанаты Орта Азияда саяси үстемдікке ие болады. Олар Маньчжуриядағы қидандарды, Енисейдегі қырғыздарды бағындырады, Солтүстік Қытайды алым-салық төлеп тұруға мәжбүр етеді. 563-567жж. эфталит патшалығын басып алады. Міне, осыдан кейін олардың жері Каспий теңізінен Солтүстік Индияға дейін және Шығыс Түркістанға дейін созылып жатқан.

Жібек жолы бойында үстемдік орнату үшін мемлекеттердің арасында жие соғыс болып тұрған. Сауда жолы үшін талас 7 ғ. 20-ж. барлық ортағасырлық мемлекеттерді екі коалиция бөлді. Бұлар - бір жағынан - Батыс Түркі қағанаты, Византия, Қытай, екінші жақтан - Шығыс Түркі қағанаты, Иран және Ауар (Авар) қағанаты. Екі коалицияның арасындағы шайқас, мемлекеттерді әлсіретіп, ешқайсына да жеңіс әкелген жоқ. Дегенмен де, осы соғыстардың нәтижесінде, дулы тайпалары (он оқ будун тайпа бірлігіне кірген тайпаның бірі), 630 ж. түркі қағанаттің патшасың өлтіріп, оның орнына дулының арасынан шыққан Сібір-ханды таққа отырғызады. Осы кезден басталған, дулы мен он-шадпы тайпаларының арасындағы билікке күрес ұзаққа созылады. Сонымен, қарауындағы халықты ұстап тұруға, бағындыруға Батыс түркі қағанаттың орталық үкіметінің шамасы жетпейтін болғандықтан, Батыс Түркі қағанаты өзінің саяси және әскери күшін жоғалтуға мәжбүр болды. Осыны қытайдағы Тан империсы пайдаланып, Батыс Түркі қағанатқа қарсы соғыс жариялайды. Өзара (640-648, 656-657, 658-659 жж.) соғыстар, қырқыстар Жетісуға қытай әскерінің баса-көктеп кіруіне әкеп соқты. Олар өздері қалаған адамдарын Батыс Түркі қағанатын билетуге тырысты. Барлық Батыс Түркі қағанаттың аймақтары екі губернаторлыққа бөлінді. Жаулап алынған жерлерде қаған орынбасарлары - тудундар алым-салықтың алынуын қадағалады.

http://bankreferatov.kz/kazakstan-tarihi/1464-2010-11-18-13-27-17.html

Барлық түркі халықтары соғыс кезіндегі жекпе-жек айқастарында қарудың 5 түрімен сайысқан. Садақ ату, найзаласу, қылыштасу, балталасу және шоқпарласу түріндегі сайыс тек соғыс кезінде емес, бейбіт заманда, ұлы жиын-тойларда да өткізіліп отырған. Негізінде соғыс қарулары жұмсалу тәсіліне қарай – ату, кесу, түйреу, шабу, соғу болып қалыптасқаны айқын.  Ату қаруы: садақ, жақ, жай. Садақтың екі негізгі функционалдық бөлігі бар: адырна және кіріс. Адырна серпінді етіп сүйектен, ағаштан жасалады, атудың негізгі қызметін атқарса, кіріс деп оған керілген, оқты тіреп қоятын жібін айтады. Садақты жасалу әдісіне және дайындалатын материалдарына байланысты бірнеше түрге бөледі.

© e-history.kz



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу