Тарихи және мәдени ескерткіштерді қорғаудың маңызы неде? Дүниетану, 3 сынып, қосымша материал.
Сабаққа арналған әдістемелік нұсқаулар
- «Мәселе сұрақ» стратегиясы
Оқушылар алдын-ала меңгерген білімдерін пайдалана отырып, идеялар мен пікірлерді талқылау арқылы сабақтың проблемалық мәселесіне жауап табады. Тапсырма соңында мұғалім сабақтың мақсаттарына алып келеді.
- «Атаулар» тапсырмасы
Оқулықтағы материалды немесе біз ұсынған тарихи және мәдени ескерткіштер фотосуреттер топтамасын қолдана аласыз. Ескерткіштер туралы мәліметтерді жылдам табулары үшін ғаламтор желісіне сымсыз қосылу мүмкіндігі бар смартфондарды қолдануға болады (егер ұялы телефондарды қолдану мектеп жарғысына қайшы келмесе).
- «Мұғалімнің сыйлығы» стратегиясы
Оқушыларға арналған сыйлық - жаңа теориялық қызықты материал. Оқушыларға осындай түрдегі тосын сыйларды күтуге үйретіңіз. Слайдты және Қазақстанның мәдени және табиғи нысандарының тізімін көрсетіңіз.
- «Экскурсия жүргізуші» тапсырмасы
Оқушылардың туристік бағдарды құрастыру тәжірибесі бар. Бағдарды безендіру топтың қалауы бойынша әр түрлі болуы мүмкін.
Сондай-ақ, өз өңірінен бөлек, Астана, Алматы, Шымкент және Түркістан қалалары бойынша да бағдар жасауларына болады.
- «Таңдау» тапсырмасы
Бағалау критерийлер бойынша өзара тексеру арқылы жүзеге асырылады. Сондай-ақ, жұмысты жинап, үйде тексеріп, келесі сабақтың басында кері байланыс беруге де болады.
Сергіту сәті ретінде «Ескерткіштерді сақтау керек» деген ой қорытуы бар «Алан мен Қозықа» мультфильмін көрсету тиімді.
- Қосымша ойын «Домино»
Оқушыларға «Әлемнің мәдени ескерткіштері» домино ойыны ұсынылады. Ол үшін алдын-ала домино жиынтығы дайындалады және әрбір топқа таратылады. Әлем және еліміздің ескерткіштері мен атауларын сәйкестендіру арқылы доминоны дұрыс жинау керек. Домино екі бөліктен тұрады. Домино фишкаларының бір бөлігінде мәдени нысанның суреті, екінші бөлігінде мәдени мұра тізімінен алынған мәдени нысанның атауы, қай елде орналасқаны жазылуы тиіс.
Пайдалы сілтемелер:
1 | Әлем кереметтері (видео) | 2мин 08сек | |
3 | Қазақстан кереметтері (презентация) | 1мин 57сек |
Қосымша:
Әлемдік мұра - ЮНЕСКО тарапынан бекітілетін, адамзат үшін ерекше мәдени, тарихи немесе экологиялық маңызы бар деп танылатын табиғи немесе адам қолымен жасалған нысандар. 2018 жылғы жағдайына сәйкес әлемнің 167 мемлекеті бойынша Әлемдік мұра тізімінде — 1092 нысан. Соның ішінде 845 мәдени, 209 — табиғи және 38 — аралас нысан бар.
Бүгінгі таңда 5 тарихи нысаны ЮНЕСКО-ның бүкіләлемдік мәдени мұрасына қосылды. Олар Түркістандағы «Қожа Ахмет Яссауи» кесенесі, Алматы облысындағы «Тамғалы тас» шатқалы, Жібек жолының ескерткіштері: «Тянь-Шань дәлізі», Сарыарқа мен Солтүстік Қазақстанның өзен-көлдері. Бұл тізім жыл сайын жаңа нысандармен толығып отырады.
1972 жылы БҰҰ Білім, Ғылым және Мәдениет Ұйымы (ЮНЕСКО) дүниежүзіндегі мәдени және табиғи мұраларын қорғау туралы қарар қабылдады ( 1975 ж. Күшіне енген). КСРО бұл Қарарды 1988 жылы наурыздың 9 ратификациалады. 2010 жылы сәуірде қарарды 187 БҰҰ-ға мүше елдер ратификациалаған, соның ішінде Қазақстанда бар.
«Әлемдік мұра мәртебесінің» келесі артықшылықтары бар (табиғи ескерткіштер үшін):
- Ерекше табиғи кешенге қосымша оның бірегей кешен болып сақталып тұруына кепілдік береді.
- Ескерткіш орналасқан аймақ пен оның иелерінің абыройын арттырады.
- Сол тізімге енген нысандарды дәріптеу және соның салдарынан баламалы табиғатты пайдалану үрдістерін қадыптастыруға (әсіресе, экологиялық туризмді) септігін тигізеді.
- Ескерткіштерді қаржыландыру маңыздылығын орнатып, Әлемдік мұра қорынан қаражат бөлуді қамтамасыз ету.
- Табиғи ескерткіштерді бірыңғай бақылап, тексеріп отыруды ұйымдастыруға ықпал етеді.
Ескерткіш орналасқан мемлекеттер сол ескерткіштерді сақтау міндеттемесін алады.
Негізгі тізім аясында Әлемдік мұра жоғалу қаупіндегі ескерткіштер ішкі тізімі бар. Бұл тізімге әр түрлі табиғи немесе адамдардың себебінен қауіп төніп тұрған ескерткіштер уақытша кіреді: қарулы қақтығыстар мен соғыстар, жер сілкініс пен табиғи апаттар, ластану, браконьерлік пен тәртіпсіз құрылыс салдары сияқты. Тізімге кірді деген сөз оларға ерекше назар аударып, шұғыл шаралар істеу керектігін айтады.
2007 жылы Омандағы Аравия ориксы қорығы (ақ орикске үзіліссіз аңшылық пен қорық аймағының тарылуынан) және 2009 жылы Германия Дрездендегі Елбі алабы (мәдени ландшафттағы аймақтағы толассыз салынып жатқан жол құрылысынан) ЮНЕСКО тізімінне алынып тасталды.
Әлемдік мұраның негізгі мақсаты — өз санатындағы ерекше болы табылатын ескерткіштерді дәріптеу және қорғау. Осы мақсатта объективті болу үшін бағалак критерийлері енгізілді. Басында (1978 жылдан бері). Мәдени мұра секерткіштері үшін критерий болған — бұл тізімде алты шарт болған. Содан әр құрлық арасында баланс орнату үшін табиғи объектілерді де қосып, оларға төрт шарт енгізілді. Ақыры, 2005 жылы барлық критерийлер біріктірілді, енді Әлемдік мұраның әр объектісі кем дегенде бір шартты қанағаттандырады
Әлемдік мұраның нысан саны бойынша ең жоғары елдер (2018 ж.).
Аймақтар бойынша диаграмма
Бұл диграммада 10 нысаннан астам бар елдер көрсетілген
- Қоңыр: 40-тан астам нысаны бар елдер
- Ақшыл қоңыр: 30 - 39 нысаны бар елдер
- Сарғылт: 20 - 29 нысаны бар елдер
- Көк: 15 - 19 нысаны бар елдер
- Жасыл: 10 - 14 нысаны бар елдер
Қазақстан ЮНЕСКО тізімінде (2017 жыл):
№ | Суреті | Атауы | Орналасуы | Жасалу уақыты | Тізімге еңгізілген жылы |
1 | Қожа Ахмет Ясауи кесенесі (ағылш.Mausoleum of Khoja Ahmed Yasawi) | ||||
2 | Б.з.д. II мыңжылдық — XX ғасыр басы | ||||
3 | Облыстар: | — | |||
4 | Ұлы Жібек жолының Чанъань-Тянь-Шань бөлігіндегі объектілері - Қаялық, Қарамерген, Талғар, Ақтөбе, Ақыртас, Құлан, Қостөбе және Өрнек қалашықтары | Облыстар: Алматы, Жамбыл (Қытай және Қырғызиямен бірге) | — | ||
5 | Батыс Тянь-Шань* Қаратау қорығы * Ақсу-Жабағлы қорығы* Сайрам-Өгем ұлттық паркі | ОҚО, Жамбыл облысы | — | 2016 |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?