Отбасылық өнер – ұлттық негіз. Дүниетану, 3 сынып, қосымша материал.
Сабаққа арналған әдістемелік нұсқаулар
№ 17 сабақ, 5-бөлім
- «Ашық микрофон» стратегиясы тапсырмасында оқушыларға жетекші сұрақтар қою арқылы «өнер» ұғымына әкеліңіз. Сұрақтарды сыныптың деңгейіне орай қойсаңыз болады. Топта талқылау жүргенде де оқушыларға қолдау көрсетіңіз. Топтан бір спикер таңдап алынып, ұжымда қысқаша әңгімелеп, өнер ұғымына анықтама береді. Берілген уақытты ұстануын бақылаңыз. Барлық топтың жауаптары тыңдалғаннан кейін, оқушылардың өздеріне талдатып, жалпылама толық анықтаманы беріп бекітіңіз.
Өнер — көркем бейнелер (сурет, музыка, би т.б.) арқылы адамның дүниеге көзқарасын, ішкі сезімін бейнелеу.
- «Ассоциациялық карта» (ментальды карта) тапсырмасы Оқушылар өнер туралы жалпы не білетіндіктерін картаға түсіреді.
“Ментальді карта” терминін ағылшын психологы Тони Бьюзен енгізген болатын және де ағылшын тілінен тікелей аудармасы “ақыл-ой картасы” деген мағынаны білдіреді. Ментальді карталар (майндмэппинг, mindmapping) – бұл ойлау қабілетін қалыптастырудың ерекше әдісі емес, ол нағыз қарапайым әдіс, ақпараттың үлкен көлемін есте сақтауға мүмкіндік беретін ойлау қабілетін дамытудың және баламалы жазбаның ыңғайлы әрі тиімді техникасы.
Ментальді карталар тек идеяны тудыру, визуализациялау, құрылымдау, саралау үшін ғана емес, сондай-ақ ұйымдастыруды үйрену, шешімдерді қабылдау құралы ретінде де қолданылады.
http://rusnauka.com/8_NTSB_2015/Pedagogica/2_188694.doc.htm
- «Көрнекті тұлғалар» тапсырмасында оқушылар көрнекті тұлғаларды портреттерден танымауы мүмкін. Ондай жағдайда сол тұлғалар туралы қосымша ақпараттар дайындап қойып, таратып беруге болады.
- Бейнефильм көрсету тапсырмасында оқушыларға көбінесе өз отбасылары туралы айтуларын қадағалаңыз. Олар өз отбасындағы құндылықтарды өздері айқындауларына жол ашыңыз (кем деген 4-5 құныдылықты атаулары керек).
- «РАФТ» стратегиясында тақырыпқа сай жұмыс жасаулары тиіс.
Р – рөл; А – аудитория; Ф –форма; Т –тақырып. Оқушылар рөлді, аудиторияны, жеткізу формасы мен тақырыбын өздері таңдайды. Оқушылар өздеріне берілген рольге сай өз ойларын жазады. Форма хат, өтініш, үкім, т.б. түрлерін қолданады.
Мысалы: Бейнелеу өнері болса, онда рөл-мұражай қызметкері, аудитория-мектеп оқушылары, формасы-әңгіме, тақырыбы - көрнекті тұлғалардың шығармашылығы немесе отбасылық өнері деп таңдауға болатынын айтып, оқушыларға мысалды көрсетіңіз.
- Рефлексияға арналған тапсырманы оқушылар жеке орындайды. Ол үшін дидактикалық материалдардан дайын үлгіні таратып беріңіз. Оқушылар 1 минутқа көздерін жұмып, сабақ барысында не болғанын еске түсіріп, бір шолу жасап алғандары жөн. Содан кейін кестені толтырулары керек. Келесі сабақты жоспарлау кезінде рефлексия нәтижелерін ескеріңіз.
- Теориялық материал:
Өнер — көркем образдар жүйесі арқылы адамның дүниетанымын, ішкі сезімін, жан дүниесіндегі құбылыстарды бейнелейтін қоғамдық сана мен адам танымының формасы.
Өнер өмірде болған оқиғаларды қаз-қалпында алмай, өзгертіп, түрлендіріп, көркем образдарды типтендіру арқылы сомдайтын эстетикалық құбылыс. Оны қоғамдық сананың өзге формаларынан даралайтын белгісі де адамның шындыққа деген эстетикалық қатынасы болып табылады. Өнердің мақсаты – дүниені, адам өмірін, қоршаған ортаны көркемдік-эстетикалық тұрғыдан игеру. Көркем шығарманың бел ортасында нақты бір тарихи жағдайда алынған жеке адам тағдыры, адамдардың қоғамдық қатынастары мен қызметтері тұрады. Олар суреткер қиялы арқылы өңделіп, көркем образдар түрінде беріледі. Шығарманың суреттеу тәсілі, құрылымдық келбеті, көркем бейне жасаудың материялдық арқауы өнер түрлерінің ерекшеліктерін айқындайды. Осыған сай өнердің:
- көркем әдебиет,
- музыка,
- мүсін,
- кескіндеме,
- театр,
- кино,
- би,
- сәулет өнері, т.б. түрлері бар.
Өнердің қызметін, қоғамдық сананың, адам танымының айрықша формасы ретіндегі ерекшелігін айқындайтын белгілі бір анықтама беру немесе оның адам өміріндегі маңызы мен мәнін анықтау жайлы тартыстар бүкіл мәдениет тарихында тоқталған жоқ. Өнер жайлы: “табиғатқа еліктеу”, “Құдайды тану”, “шындықты бейнелеу”, “сезім тілі”, т.б. анықтамалар берілді. Көптеген теорияшылар өнердің күрделілігі мен санқырлылығына сай оның мән-маңызын тек танымдық немесе идеялдық, яки эстетикалық деп біржақты қарастырушылар да болды. Осындай көзқарастарға қанағаттанбай, өнертанушылар өнердің бойында таным да, шындықты көре білу де, жасампаздық та, көркем бейне де, рәміз сияқты көптеген мәселелер келісті үйлесімде, тығыз қарым-қатынаста деген тоқтамға келді. Өнер жеке тұлғаның жан-жақты дамып жетілуіне, оның эмоционалды күйіне, интеллектуалды өсуіне ықпал етіп, адамзаттың қордаланған сан ғасырлық мәдени тәжірибесінен, даналығынан сусындауға мүмкіндік береді. Өнер туындысы адам сезіміне қозғау салумен бірге, баяндалған оқиғаны басынан өткізгендей тебіреніске, кейіпкердің қуанышына сүйінген, қайғысына күйінген толғанысқа әкеледі, эстетикалық ләззәтқа бөлейді. Ол ерекше көркем образды рәміздер жүйесі арқылы, айрықша көркем тіл ретінде көрініп, адамдардың санасына жол табады. Адамның көркем шығармашылдық әрекеті сан алуан қалыпта дамып, ол өнердің түрлері, тектері, жанрлары ретінде таратылады.
Сөз өнері іштей – жазба әдебиет, ауыз әдебиеті болып бөлінсе, музыкылдық өнер – вокалдық, аспаптық музыка түрлеріне бөлінеді. Сахналық өнер – драмалық, музыкалдық, қуыршақ, эстрада, цирк, т.б. болып жіктеледі. Ауыз әдебиеті – эпос, лирика, драма сияқты тектерге бөлінуімен қатар, бейнелеу өнері – портрет, пейзаж, натюрморт, сахна өнері, комедия, трагедия, водевил, т.б. жанрларға бөлінеді. Би де сол секілді гимнастика, халықтық, заманауи би деп бөлінеді. Өнер, жалпы алғанда, әлемді игерудің тарихи қалыптасқан көркем әдісі ретінде өзіне тән ерекшеліктер мен өзіндік сипатқа ие. Өнердің эстетикалық қызметі арқылы танымдық табиғаты мен тәрбиелік сипаты айқындалады. Әрбір тарихи кезеңнің, сондай-ақ әрбір халықтың өзіне тән эстетикалдық талап, талғамдары болады. “Өнер алды – қызыл тіл” деген қазақ мәдениетінде сөз өнерінің орны ерекше болған. Бұны да осы секілді халқымыздан мұра болып қалған мақал-мәтелдерден көруге болады. Қазақ фольклорының шағын жанрлары – мақал-мәтел, жұмбақ, лирикалдық ән-өлеңдер, билер институты тудырған шешендік сөздер табиғатының эстетикалдық сипаты басым. Халық музыкасында қалыптасқан әншілік, күйшілік дәстүрлердің де өзіндік болмысы анық. Кең тынысты лирикалдық әндер арқылы халық өзінің ішкі сезімдерін сыртқа шығарған болса, күмбірлеген күй арқылы өздерінің эстетикалдық әр филосиялдық ой-толғамдарын жеткізіп отырған. Осы белгісіне орай өнерді әрі эстетикалдық, әрі этникалдық құбылыс ретінде қарастыруға да болады. Халық мұрасы тұсында оның этникалдық арқауы басым болса, кәсіби өнерге келгенде эстетикалдық сипаты үстем. Өнер туындылары арқылы өмір шындығын көрсетудің әр түрлі тарихи кезеңдерге тән өзіндік көріністері бар. Соларды саралай отырып, адамзат баласының көркем қиялмен ойлау жүйесінің даму, жетілу жолдарын аңғарамыз.
https://kk.wikipedia.org/wiki/%D3%A8%D0%BD%D0%B5%D1%80
- Пайдалы сілтемелер
- Отбасылық өнер.
Сілтеме: https://www.youtube.com/watch?v=hQpMF0bpEpQ
- Отбасылық өнер ордасы
Сілтеме: https://familypro.kz/ru/about
- «Мәдениет». Қазақстан өнер апталығы халықаралық көрмесі басталды
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?