Отбасылық өнер – ұлттық негіз. Дүниетану, 3 сынып, сабақ жоспары.


Қысқа мерзімді жоспар

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

5-бөлім «Өнер»

Мерзімі: 3-тоқсан

Сынып: 3

Мектеп

Модератор: Сейтахметова Ж.М.

Қатысқандар:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Отбасылық өнер –ұлттық негіз

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

3.1.1.3. Өз отбасының құндылықтарын айқындау

Сабақ мақсаттары

Оқушылар

  • Өнер түрлерін біледі және анықтайды;
  • Өз отбасындағы құндылықтарды айқындайды.

Бағалау критерийлері

  • Өз отбасы құндылықтарын атай алады (4ден артық);
  • Өнер түрлеріне мысалдар келтіреді;
  • Өнер қайраткерлері туралы айтып бере алады.

Тілдік мақсаттар

Оқушылар:

- көрнекті тұлғалар, өнер түрлері, өз отбасының құндылықтары туралы әңгімелейді.

Терминология:

  • құндылықтар
  • өнер

Талқылауға арналған сұрақтар:

- Отбасылық құндылықтар дегеніміз не?

Жазуға берілетін тапсырма:

- «Менің өлкемнің өнер адамдары» тақырыбына шығарма жазу

Құндылықтарды дарыту

Ынтымақтастық – топтық бірлескен жұмыста көрінеді.

Отбасылық құндылық – отбасындағы өнер иелерін мақтаныш етумен, мәдени орындарға отбасымен бірге бару маңыздылығымен айқындалады.

Пәнаралық байланыстар

Көркем еңбек: Ә.Қастеевтің мұражайы туралы бейнерепортаж көру.

Әдебиеттік оқу: көрнекті тұлғалар, өнер туралы әңгімелейді.

Алдыңғы меңгерілген білім

Оқушыларда «Мен және менің отбасым» тарауларынан отбасы шежіресі және құндылықтары туралы түсініктері бар. Өнер ұғымын түсінеді.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақта жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

0-6

7-8

  • «Ашық микрофон» стратегиясы (топпен, ұжымда)

Мұғалім оқушыларға жетекші сұрақтар қоя отырып, «өнер» ұғымына алып келеді.

Жетекші сұрақтар:

  • Сендер бос уақыттарыңда немен айналысасыңдар?
  • Отбасыларыңмен бірге шұғылданатын істерің қандай?
  • Қандай үйірмелерге барасыңдар?
  • Ән айтуды кім жақсы көреді?
  • Сурет салғанды кім жақсы көреді?
  • Әзілкештер бар ма?
  • Би билегенді кім жақсы көреді?
  • Ал осындай талантты балаларды не біріктіреді?
  • Ортақ ұғым қандай?

Оқушылар топқа бөлінеді. Мұғалім оларға топта өз отбасыларындағы өнер туралы әңгіме жүргізіп, топ арасынан бір спикер шығаруды тапсырады. Спикерлер әңгімелеп(30-60 сек), соңында өнер ұғымына бір сөйлеммен анықтама береді.

Оқушылар өздері барлық жауаптарды талдай келе, мұғаліммен «Өнер» ұғымына анықтама береді.

  • Сабақ мақсатын анықтау (ұжымда)
  • Сабақ тақырыбы мен мақсаты жайлы оқушылардың болжамдары айтылады
  • Сабақ мақсаты ұсынылады:

- Өнер түрлерін біледі және анықтайды;

- Өз отбасындағы құндылықтарды айқындайды.

Әдістемелік нұсқаулыққа

қараңыз

Слайд №3

Сабақ ортасы

9-13

14-19

20-26

27-36

  • «Ассоциациялық карта» тапсырмасы (топта, ұжымда)

Әрбір топ оқушылары «Өнер» ұғымы айналасына өздері білетін өнер түрлерін, оның сипаттарын стикерге жазып карта бетіне орналастырады (немесе плакатка жазып, сызады). Бірлесіп талдау жүргізеді.

Бағалау критерийлері:

  • Өнер түрлеріне мысалдар келтіреді.

  • «Көрнекті тұлғалар» тапсырмасы (топта, ұжымда)

Өнер түрлері бейнеленген мазмұнды суреттер және көрнекті тұлғалардың портреттері таратылып беріледі. Оқушылар өнер түрлері мен портреттерді сәйкес топтарға жинақтау керек. Кейін олар топтамадан өнердің бір түрін таңдап алады және сол өнердегі ерекше тұлғалардың қосқан үлесі туралы әңгімелейді, мысалдар келтіреді.

Бағалау критерийлері:

  • Өнер қайраткерлері туралы айтып бере алады.

  • Бейнефильм көрсету (ұжымда)

Атақты қазақ суретшісі Ә.Қастеев туралы бейнематериал көрсетіледі. Сұрақтар арқылы талқыланады:

-Мұражай кімге арналған?

-Көрнекті тұлғаның өзі және отбасы туралы не айтуға болады?

- Мұражайды кім ашқан?

- Өз өлкеңде қандай мұражай бар?

- Ол мұражай кімге арналған? Не білесің?

Өз отбасы туралы әңгімені жалғастыру:

-Қандай мұражайларға ,театрларға отбасыларыңмен бірге бардыңдар?

- Мәдени орынға барғанда қандай сезімде болдыңдар?

-Мұражайлар мен мәдени орындар қандай мақсатпен салынады?

- Отбасыңмен қандай өнерді дәріптейсіңдер (ұнатасыңдар)?

- Отбасыңда нені бағалайсың?

Бағалау критерийлері:

  • Өз отбасы құндылықтарын атай алады (4-ден артық).

  • «РАФТ» стратегиясы (топпен, ұжымда)

Әрбір топқа төмендегідей тақырыптар беріледі:

1-топ: Кино өнері

2- топ: Саз өнері

3-топ: Сахна өнері

3-топ: Би өнері

Оқушылар рөлді, аудиторияны, формасын, тақырыпты тапсырма тақырыбына сай өздері таңдап алады. Мысалы: Бейнелеу өнері болса, онда рөлі-мұражай қызметкері,

аудиториясы-мектеп оқушылары, формасы-әңгіме, тақырыбы - көрнекті тұлғалардың шығармашылығы немесе отбасылық өнері.

Тапсырманы бағалау критерийлері:

  • Өнердің рөлі, аудиториясы, формасы тақырыбымен сай таңдалған;
  • Ұжымға таңдалған формасына сай өнер түрі тақырыбын аша алды.

Әдістемелік нұсқаулыққа

қараңыз

Ассоциациялық карта

(дидактикалық материалға қараңыз)

Мазмұнды суреттер, көрнекті тұлғалардың портреттері

Әдістемелік нұсқаулыққа

қараңыз

Әбілхан Қастеев атындағы мұражай

Сілтеме: https://www.youtube.com/watch?v=zpZGc2VvdHc

(1:13-ке дейін көрсету)

Топ тапсырмалары

Әдістемелік нұсқаулыққа

қараңыз

Сабақтың соңы

37-40

Рефлексия «Сауалнама» (жеке):

Оқушылар кестені толтырып, мұғалімге өткізеді:

Атым:................. Сынып:......

Менің отбасым

(анам,әкем, ағам...):

Қандай өнер түрімен айналысады немесе қандай өнерді жақсы көреді?

Не себепті? (кімнен үлгі алады?)

Бағалау критерийлері:

  • Өз отбасы құндылықтарын атай алады (4ден артық);
  • Өнер түрлеріне мысалдар келтіреді;
  • Өнер қайраткерлері туралы айтып бере алады.

Таратпа парақ

Әдістемелік нұсқаулыққа

қараңыз

(дидактикалық материалға қараңыз)

Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Оқуда кедергілері бар оқушыларды қолдау мақсатында «Ассоциациялық карта» тапсырмасында картаның қарапайым түрін ұсынуға болады, ал қабілеті жоғары оқушыларға картаға бірнеше тармақтарын қосуды ұсынуға болады.

Сонымен қатар, қабілеті жоғары оқушыларға «Менің өлкемнің өнер адамдары»

тақырыбына репортаж жасауды тапсыруға болады.

Бағалау және кері байланыс беру сабақтың өн бойында жүріп отырады. «Ашық микрофон» тапсырмасында топтар құрастырған анықтама қаншалықты түсінікті болғаны «Бас бармақ» стратегиясына сәйкес бағаланады (жоғары қаратса – бәрі түсінікті, ортада көрсетсе - сұрақтар бар, төмен қаратса - көмек қажет).

«РАФТ» стратегиясын бағалауда арнайы бағалау критерийлері қолданылады. Оларды алдын-ала оқушылармен талдап алыңыз. «Сауалнама» рефлексиясы мазмұнды болып табылатындықтан оқушының оқу мақсатына жету деңгейін көрсетеді.

Оқушылар сынып бөлмесінде қозғалу барысында, топтық жұмыс барысында қауіпсіздік техникасы сақталады.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу