Қазақстан – ғажапстан! Дүниетану, 3 сынып, қосымша материал.
Сабақты ұйымдастырудағы әдістемелік нұсқаулар
5-бөлім, 19-сабақ
- «Ресми рәміздер» тапсырмасы. Талқылау барысында мемлекеттік рәміздердің ресми және бейресми түрлері болатынына баса назар аудартыңыз.
- «Монументтер тарихы» тапсырмасында ротация әдісін қолдану ұсынылады. Оқушыларды жұп-жұппен болатындай етіп, 3-4 топқа бөліп алыңыз. Әр топта үш жұптан болады, яғни 6 оқушыдан. Әр жұпқа бір бейресми таңбаның суреті мен ақпарат беріледі. Таратпа материалды оқуларына 3 минут уақыт жұмсаңыз. Әр жұп монументтер тарихымен танысып, постер жасайды. 2 минуттан соң қоңырау соғыңыз, жұптар сағат тілімен бір орынға жылжиды. Жұптың бір мүшесі өзгерді, өзгермеген жұп мүшесі жаңа жұбына жасаған постерін таныстырып, түсіндіреді. Жаңа жұп мүшесі өзінің пікірін қосып, постерды толықтырады. 2 минуттан соң тағы жұптар бір орынға жылжиды, осылайша, өз орындарына қайтып келгенше жалғасады. Соңында барлық 3 тақырып қамтылады. Ұжымда қорытындыны оқушылардың өздері жасасын. Постерлерін тақтаға іледі. Бұл әдіс әрбір оқушы барлық сұрақтарды өзінен өткізіп, білімін шыңдауға тиімді әдіс болып табылады. Бағалау жұптар постерлерге толықтырулар енгізгенде, кері байланыс беру арқылы жүзеге асады.
- «Серуен» ойынының соңындағы талқылауда төмендегідей сұрақтар қойыңыз:
-Қандай жауап сені таңқалдырды? Несімен?
-Сен ойламаған жауап.
-Сен үшін ерекше пікір.
-Қандай ойды айтып үлгермедің?
- «Менің сыныбымның таңбасы» тапсырмасында әрбір топ тек бір ғана символ жасауды ұсыныңыз. Ермексаздан өзге де құралдарды таңдауларына мүмкіндік беріңіз. Тапсырманы бағалау критерийі бойынша бағалатыңыз. Бағалау критерийін дайын түрде беруге немесе оқушылармен бірге құрып алуға болады.
- Рефлексияда тапсырманы оқушылар жеке жазып өткізеді. Жазғандарын міндетті түрде оқып, келесі сабаққа дайындаларда ескеріңіз. Бір-екі оқушының жауабын оқып, талдап кетуіңізге де болады.
- Теориялық ақпарат
Біздің мемлекетіміздің ресми рәміздері — Ту, Елтаңба, Әнұран. Бұл рәміздер 1992 жылы 4 маусымда қабылданды.
Бейресми таңбалар (рәміздер) – ел үшін маңызды тарихи мәдени ескерткіштер, кесенелер, күмбездер, көпірлер және т.б
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдық мерейтойлы жылының құрметіне Астана қаласының көрікті жерлері кезекті бірегей нысанмен толықты. «Мәңгілік Ел» салтанат қақпасы ел Президенті Н.Назарбаевтың бастамасымен ел егемендігіне және оның бас қаласы – Астанаға арнап бой көтерген алғашқы архитектуралық құрылыс емес. Ел астанасының Алматыдан Ақмолаға ауыстырылуының құрметіне «Бәйтерек» монументі салынды. Бүгінде монумент – Астананың символына және басты көрікті жеріне айналды.Бәйтеректің биіктігі-97 метр.Ең биігінде –«Аялы алақан» компазициясы орналасқан, бұл Президенттің алақанының ізі. Келген адамдар қолын қойып, Елбасымен амандасқандай болады. «Бәйтере» Қазақстанның өткені мен бүгінінің, болашағының белгісі,Астананың символы.2009 жылы еліміздің ұлттық мақтанышына айналған - «Қазақ елі» тарихи-мемориалдық кешені бой түзеді.
Еуразияның кіндігі - Астананың төрінде Елбасы Н.Назарбаевтың идеясымен Қазақстанның символына айналған «Астана-Бәйтерек», «Қазақ елі» монументтері салынды. Сондай-ақ, бас қаламызда Әлемдік және дәстүрлік діндер көшбасшыларының бірінші және екінші съездері өтіп, соның нәтижесінде «Бейбітшілік және келісім» сарайы бой көтерді. Демографиялық жағдайды көтеру және әлеуметтік қолдау мақсатында аналарға бала тууына байланысты бір реттік жәрдемақылар беріле бастады. «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасы іске асырылып, сан ғасырлық тарихымыз жаңғырды.
http://syrdarya.gov.kz/kz/news/tuelszdk--tu-eter-kiel-ym
Астанада желбіреп Үлкен Ту тұр. Оны Ішкі істер органдарының арнайы жасақ қызметкерлері 24 сағат қарауылдайды. Ені 15, Ұзындығы 30, биіктігі 111 метр, салмағы 96 кг болатын Қазақстанның аумағындағы ең үлкен ту –Елордамызда орналасқан.
Ұлы даланың жаңа Астанасының сәулеттік салтанатына ерекше үлес қосып тұрған –«Ақорда» Қазақстан Республикасы Президентінің Резиденциясы. Алыстан ат шалдырып келген адам алдымен «Ақ Орданың» ажарына сүйсінеді. Елордадағы еңселі ғимараттардың бірегейі. Қазақ елінің ақ ордасы екендігін айтпай-ақ ұғындырып тұрғандай.Ақорда күмбезді – әшекейлі стильмен салынған. Астананын аралап жүрсеңіз, Астананың сәулет құрылыстары мен кешендерін безендіріп тұрған күмбездердің көп екенін байқайсыз. Мысал ретінде , «Ақорданы», Президенттік мәдени орталықты, Есіл жағасындағы биік үйлерді, сол жағалаудағы тұрғын үйлерді атауға болады.
Жаңа Астананы ерекше айшықтап, өзгешелеп тұратын символдық белгі- «Астана-Бәйтерек» кешені.Бағаналы орда «Бәйтерек» сонадайдан менмұндалайды. Бұл – елдігіміздің бетбейнесіне айналып кеткен әйгілі нысандардың бірі. Көне мен келешектің дәнекері іспеттес. Бәйтерек- Даланың көркем дәстүрлерін, Байырғы қазақ елі мәдениетін және ағаш жемісі өмірдің өзі болып табылатын идеяны мегзейді. Бәйтеректің биіктігі тура 97 метр. Бұл ел ордасы Алматыдан Астанаға көшіп келген жылдың соңғы екі цифрына, 1997 жылғы сәйкес келеді. Біздің Бәйтерегіміздің аса бірегей болып табылатынын және әлемде бұған ұқсас объект жоқ екенін атап көрсетуге тиіспіз. Бәйтеректің ұшар басында орналасқан алтын шар күмбездің өзі 76,9 метр биіктікке орналасқан.
Барша ұлт пен барлық дінді татулыққа үндеуден туған ел төрі Сарыарқада бой көтерген Бейбітшілік пен келісім сарайы – астаналықтар мақтан тұтатын нысандардың бірі. Сәулет өнеріндегі хай-тек стилінің хас шебері лорд Норман Фостердің жобасы негізінде, түріктің «Сзмбул-Иншат» компаниясының мықтап қолға алуымен небәрі 13 айдың ішінде жұртшылықтың көзайымына айналған ғимарат шынымен-ақ керемет. Рухани орталықтың сырты мысырлық пирамида үлгісін көзге елестетсе, іші де өнер құдіретін мойындата түседі. Биіктігі 75 метр, 25 қабатты бұл алып ғимараттың алғашқы қадасы қағылған күннен бастап, 900 шаршы метр шыны, 1200 шаршы метр гранит, 10 000 шаршы метр керамикалық плиталар, 6000 шаршы метр төсеніш кілем, 2700 шарша метр тот баспайтын арнайы болаттан жасалған панель плиталары сияқты көптеген құрылыс материалдары пайдаланылған.
Арқа төсінде бой көтерген тәуелсіздіктің басты туындысы – Астана қаласында Қазақстан Тәуелсіздігінің 20 жылдығына орай бабалардың ғасырлар бойғы арманы ел азаттығы мен елордамыздың асқақ рухын айшықтай түсер бірегей нысан – «Мәңгілік ел» салтанат қақпасы бой көтерген. «Мәңгілік ел» салтанат қақпасы Есілдің сол жағалауындағы көкке бой созған зәулім ғимараттардың ортасынан ойып орын алып, азаттықтың асқақ рухына арналған астана сәулет ескерткіштері ансамблімен ерекше үйлесімділік тапқан.. Тарихтан білетініміздей, әдетте салтанат қақпасы әскери жеңістердің немесе жасампаз жетістіктердің құрметіне арналып, қаланың кіреберісіне, үлкен жолдың бойына орнатылады. Мұндай ерекше сәулеттік-монументалды туынды бой көтерген қалалар әлемде санаулы деуге болады. Тәуелсіздігіміздің 20 жылдық салтанатында елордамыз – Астана қаласы да сол санаулылар қатарына қосылды. Салтанат қақпасы елорданың үздік сәулетшілері қатысқан байқау қорытындысында Елбасының көңілінен шыққан Астана қаласының бас дизайнері Сағындық Жанболатов пен жас сәулетші Қанат Қорғановтың жобасы бойынша салынды.
«Мәңгілік ел» салтанат қақпасы қазақ ұлтының болмысы мен тарихын, тәуелсіз мемлекет дамуының алғашқы 20 жылда жеткен жетістігін әйгілеу үшін бой көтерді Салтанат қақпасын орнатқан әр ел оны өзінің тарихымен ұштастырып жасайды. «Мәңгілік ел» туындысы халқымыздың ой-арманымен өріп, ұлттық нақышта жасалынған. Енді сәулеттік жобаға толығырақ тоқталар болсам, оның барлық төрт жақ бетінде орналастырылған композициялар мен мүсіндердің қисынды түйіні бар. Астанаға Салтанат қақпасының классикалық негізі алынды. Әрбір қабырғаның төменгі табанында биіктігі 4,4 метр болатын көлемді мүсіндер бар. Қақпаның сол жақ қапталында даналықтың символы - «Ақсақал» мүсіні орнатылған. Халқымыздың санасындағы осынау дәстүрлі бейне даналық, данышпан, ғұлама ұғымдарымен астасады. Қақпаның сол жақ қапталында от иесі – «Әйел-Ананың» рельефті мүсіні орнатылған. Ана бейнесі қазақ халқы үшін «Отан-Ана», «Жер-Ана», «Ана тілі» сынды киелі ұғымдармен ұштасады. Әрбір мүсіннің жоғарғы жағында мемлекеттің елтаңбасы орналастырылған. Елтаңба нысанға айбындылық береді және оның мемлекет үшін ерекше маңыздылығын көрсетеді. Сыртқы бөліктің жоғарғы жағында «Мәңгілік ел» жазуы бар. Ол – мемлекет пен ұлттың мәңгілік екендігін, қақпада көрініс тапқан тақырыптардың қазақ халқы үшін мәңгі маңызды болатындығын көрсетеді. Түркі халықтары үшін бұл таңбалар – бар бәле-жаладан қорғайтын, жарық пен жылу, мол мейірім әкелетін киелі бейнелер.
http://uskz.org/publ/ashy_saba_tar/aza_tili/t_uelsizdikti_ta_azhajyp_eskertkishi_astana/5-1-0-3334
Пайдалы сілтемелер:
Тақырып | Тарау | Сілтеме | Уақыт | |
1 | Мемлекеттік рәміздер | 5 тарау | https://bilimland.kz/kk/courses/education-movies/tema-klassnogo-chasa/lesson/memlekettik-ramizder | 5.21 |
2 | Қазақстан – ортақ үйіміз | 5 тарау | https://bilimland.kz/kk/courses/education-movies/tema-klassnogo-chasa/lesson/qazaqstan-ortaq-ujimiz | 06.19 |
Қосымша сілтемелер:
- Мемлекеттік рәміздер
https://bilimland.kz/kk/courses/education-movies/tema-klassnogo-chasa/lesson/memlekettik-ramizder (5.21)
- «Мәңгілік ел» салтанатты қақпасы
- «Астана – Бәйтерек» монументі
http:// astana-bayterek.kz/index.php/ru/o-nas/obzhchaya-informatsiya
-«Тәуелсіздік» монументі
https://www.youtube.com/watch?v=_dkUUrTHPIw
-Қазақстан туралы қызықты деректер
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?