Қазақстан – ғажапстан! Дүниетану, 3 сынып, дидактикалық материал.


Дидактикалық материалдар (сабақта берілу ретімен)

  • «Ресми рәміздер» тапсырмасына ақпарат

 Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері туралы» Конституциялық Заң 2007 жылы 4 маусымда қабылданды. Осы Заңға сәйкес жыл сайын 4 маусым Қазақстан Республикасында Мемлекеттік рәміздер күні ретінде мерекеленеді.

 Мемлекеттік рәміздер – бұл кез келген мемлекеттің егемендігі мен біртұтастығын бейнелейтін атрибуттарының бірі. Қазақстан Республикасында Мемлекеттік ту, Мемлекеттік елтаңба және Мемлекеттік гимн мемлекеттік рәміздер болып табылады.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туы

 Қазақстан Республикасының мемлекеттік туы – ортасында шұғылалы күн, оның астында қалықтап ұшқан қыран бейнеленген тік бұрышты көгілдір түсті мата. Тудың сабының тұсында ұлттық өрнек тік жолақ түрінде нақышталған. Күн, оның шұғыласы, қыран және ұлттық өрнек бейнесі алтын түстес.

 Қазақстан Республикасы Мемлекеттік туының авторы – Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері Шәкен Ниязбеков.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік елтаңбасы

 Қазақстан Республикасының Мемлекеттік елтаңбасы – дөңгелек нысанды және көгілдір түс аясындағы шаңырақ түрінде бейнеленген, шаңырақты айнала күн сәулесіндей тарап уықтар шаншылған. Шаңырақтың оң жағы мен сол жағында аңыздардағы қанатты пырақтар бейнесі орналастырылған. Жоғарғы бөлігінде – бес бұрышты көлемді жұлдыз, ал төменгі бөлігінде «Қазақстан» деген жазу бар. Жұлдыздың, шаңырақтың, уықтардың, аңыздардағы қанатты пырақтардың бейнесі, сондай-ақ  «Қазақстан» деген жазу – алтын түстес.

 Қазақстан Республикасы Мемлекеттік елтаңбасының авторлары – белгілі сәулетшілер Жандарбек Мәлібеков пен Шот-Аман Уәлиханов.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік гимні

Бұрын «Менің Қазақстаным» әні ретінде танымал болған Қазақстанның гимні Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасы бойынша 2006 жылы 6 қаңтарда еліміздің Парламентінде бекітілді. Бірінші рет ол 2006 жылы 11 қаңтарда Мемлекет басшысының салтанатты ұлықтау рәсімінде орындалды.

 Әннің авторы Шәмші Қалдаяқов, сөзін жазғандар: Жұмекен Нәжімеденов, Нұрсұлтан Назарбаев.

https://www.tarbie.kz/8217

  • «Монументтер тарихы» тапсырмасына арналған таратпа парақтар (сынып деңгейіне байланысты мәтіндерді жеңілдетіп не күрдленедіріп алуға болады)

1-жұп: «Мәңгілік ел» салтанатты қақпасы

«Мәңгілік ел» салтанат қақпасы Есілдің сол жағалауындағы зәулім ғимараттардың ортасынан ойып орын алып, азаттықтың асқақ рухына арналған астана сәулет ескерткіштері ансамблімен ерекше үйлесімділік тапқан.  Тарихтан білетініміздей, әдетте салтанат қақпасы әскери жеңістердің немесе жасампаз жетістіктердің құрметіне арналып, қаланың кіреберісіне, үлкен жолдың бойына орнатылады. Мұндай ерекше сәулеттік-монументалды туынды бой көтерген қалалар әлемде санаулы деуге болады.

 «Мәңгілік ел» салтанат қақпасы қазақ ұлтының болмысы мен тарихын, тәуелсіз мемлекет дамуының алғашқы 20 жылда жеткен жетістігін әйгілеу үшін бой көтерді  Салтанат қақпасын орнатқан әр ел оны өзінің тарихымен ұштастырып жасайды.   «Мәңгілік ел» туындысы халқымыздың ой-арманымен өріп, ұлттық нақышта жасалынған.  

 https://egemen.kz

2-жұп: «Алтын адам» монументі

Қазақ хандығының 550 жылдығына орай Жылыой ауданының орталығы – Құлсары қаласында ерекше ескерткіш ашылды. Бұл – «Алтын адамның» ескерткіші. Қазба жұмыстары барысында шалқасынан жатқызылған мәйіт, оның жанында жүзден астам жебе салынған қорамсақ пен қыш құмыраның бары анықталды. Сонымен бірге, қайқы қылыш та болған. Мұны археологтар сарматтар қоғамының жоғары лауазым иесі, қолбасылыққа қоса абыздығымен танымал болған деген тоқтамға келді. Өйткені, ер адамның қасында әйелі де, екі аты да жерлеген. Бұл қорымға жерленген адамдардың киім-кешегі өте қымбат асыл бұйымдармен, көркем әшекейлермен безендірілгені белгілі болды. Қару-жарақпен бірге абыздың асатаяғы да табылып еді. Сол себептен, ел шежіресіне Аралтөбеден табылған сарматтар дәуірінің жауынгері «Алтын адам» ретінде қосылған болатын. «Алтын адам» ескерткішінің биіктігі – 5 метр. Оны жергілікті мүсінші Серік Мәтениязов сомдапты.

  https://egemen.kz/article/altyn-adam

3-жұп: «Бәйтерек» монументі

Жаңа Астананы  ерекше айшықтап, өзгешелеп тұратын символдық белгі- «Астана-Бәйтерек» кешені. Бұл – елдігіміздің бетбейнесіне айналып кеткен әйгілі нысандардың бірі.  Бәйтеректің биіктігі тура 97 метр. Бұл ел ордасы Алматыдан Астанаға көшіп келген жылдың соңғы екі цифрына, 1997 жылғы сәйкес келеді. Біздің Бәйтерегіміздің аса бірегей болып табылатынын және әлемде бұған ұқсас объект жоқ екенін атап көрсетуге тиіспіз. Бәйтеректің ұшар басында орналасқан алтын шар күмбездің өзі 76,9 метр биіктікке орналасқан. 

 Бәйтеректің сәулеткерлік шешімі үш буыннан тұрады:

- Бірінші бөлік – жер асты бөлігі, ол 4-5 метр тереңге кеткен. Осы бөлікте балықтар жүзіп жүр, 7 метрлік аквариум су патшалығының кіші моделіндей.

- Екінші бөлік – Бәйтеректің діңгегі, металл конструкциялары. Соны бойлап «MITSUBISHI» фирмасының екі ұшқыр лифтісі ерсілі-қарсылы зулайды.

- Үшінші бөлік – диаметрі 22 метр алып шар – Самұрықтың алтын жұмыртқасы. Ол үш деңгейден тұрады. Алғашқысы ұя іспетті, жарты шар десе де болғандай. «SUN GLAS» фирмасының алтын реңді шыныларынан жасалған, күн көзінде мың құбылады, тәуліктің әр сәтінде түрлі шапаққа боялады.

 Baq.kz

  • «Серуен» ойыны

Әр өлкелердегі Қазақстанның бейресми таңбалар суреттері . Әр аймаққа сай суреттер өзгереді. Мысалда Алматы қаласының бейресми таңбалары

Алматы қаласындағы Медеу спорт кешені

Көктөбедегі «Алма» субұрқағы

Park Kok Tobe, Алматы қаласы

Шымбұлақ, Алматы қаласы

  • «Менің сыныбымның таңбасы» тапсырмасына арналған үлгілер:

Аппликация

Ермексаз

Сурет

  • Рефлексия таратпа материалы:

«Плюс, минус, қызықты»

Аты-жөні........

Сынып: .....

Плюс

Минус

Қызықты



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу