Бірге саяхат жасайық. Дүниетану, 3 сынып, қосымша материал.


Сабақты ұйымдастырудағы әдістемелік нұсқаулар

  • Сабаққа дайындық

Бұл сабақ – бөлімді қорытындылау сабағы болғандықтан, қайталау және бекіту материалдары іріктеліп алынады. Алдын ала барлық ресурстарды дайындап алыңыз және оларды сынып бөлмесінің 3 бұрышына қойып қойыңыз. Бекеттердің аттарын іліңіз. Топтарға бөлер алдында оқушылар өздерін көрсете алатындай етіп бөлуді ескеріңіз.

Қажетті ресурстар №1: костюмдер, түркілердің тұрмыстық заттары, жылқылардың макеті және т.б.

Қажетті ресурстар №2: Қазақстанның бейресми таңбаларының суреттері, микрофон, кеңсе тауарлары және т.б.

Қажетті ресурстар №3: Қазақстанның тарихи, мәдени мұра нысандарының суреттері, А3 парақ, маркерлер, желім және т.б.

  • Бейнематериалмен жұмыс (ұжымда)

Бейнематериал немесе презентация көрсетілмес бұрын оқушылар стикерге саяхатқа қажетті ақпараттарды жазып алады. Олардың жұмысын жеңілдету және оңтайландыру үшін, презентацияны көру барысында 4 сұраққа жауап берулерін ұсыныңыз: Не? Қайда? Қашан? Не үшін?

  • «Бекеттер бойынша саяхат» тапсырмасы

Әрбір бекеттегі тапсырмаларда көне түркілердің өмірлері, Қазақстанның бейресми таңбалары, тарихи – мәдени ескерткіштер мен мұраларды сақтау тақырыптары қамтылған. Оқушылар бекеттер бойынша жұмыстың техникасын білетіндігіне көз жеткізіңіз. Егер күмәндансаңыз, қысқаша сызбаны түсіндіріп өтіңіз.

  • Рефлексия «Саяхаттың керемет әсерлері»

Рефлексияны жүргізудің екінші нұсқасын ұсынуға болады. Тақтаға жол қапшықтың, себеттің, жүк сақтау камерасынының суреттерін ілінеді. Оқушыларға стикерлер таратылып беріледі, олар оған тақырып бойынша өз пікірлерін жазады. Стикерлер суреттерге сәйкес жабыстырылады. 1-қатардың оқушыларынан «Жол қапшықтың», 2-қатарға «Себеттің», 3-қатарға «Жүк сақтау камерасының» мазмұнын талқылауларын сұраңыз. Соңында жалпылама қорытынды жасаңыз.

  • Теориялық материал:

Біздің мемлекетіміздің ресми рәміздері — Ту, Елтаңба, Әнұран. Бұл рәміздер 1992 жылы 4 маусымда қабылданды. Олардан бөлек бейресми таңбалар да бар. Бейресми таңбалар (рәміздер) – бұлар тарихи мәдени ескерткіштер, кесенелер, күмбездер, көпірлер және т.б

  • «Бәйтерек» монументі Есіл өзенінің жағасындағы Қазақстанның астанасы Астана қаласында орналасқан. Металлдан, әйнек пен бетоннан жасалған бұл «терек» сәулеттік мағынасы жағынан да, жасалуы жағынан да бірегей: биіктігі 105 метрлік металл құрамасынан, салмағы 1000 тоннадан жоғары бес жүзге жуық қададан тұрады. Монументтегі барлық дүние - төбесіндегі алтын күн, 97 метрлік биіктігі, және аспан әлемінің үш негізін кейіптейтін үш аймаққа бөлінген ішкі архитектурасы белгілі бір символды білдіреді. Әлемде бірінші рет диаметрі 22 метрлік және салмағы 300 тоннадан тұратын күннің түсуіне қарай түсін өзгертетін «хамелеон» әйнегінен жасалынған шар биіктігі жағынан рекордқа (әлемдегі ең үлкен шардың ең биіке көтерілуі бойынша) ие болды. Әлемдегі ең үлкен шардың ең биіке көтерілуі бойынша Қазақстан астанасында асқақтаған бұл «терек» жаңартулардың сәулеттік символы, тәуелсіз Қазақстан символы ретінде орын алады. 
  • Алтын Адам 1960 жылдардың аяқ кезінде археолог ғалымдар Есік қаласына жақын жердегі обадан «Алтын киімді адамды» тапты. Ол мұнан 2500 жылдай бұрын жерленген жас жігіт екен. Марқұмға кигізілген бас киімнің, етігінің қонышының сыртына алтыннан жасалған түрлі ұсақ аттың, барыстың, таутекенің, құстардың бейнелері жапсырылған. Олардың саны төрт мыңдай. Есік қорғанынан табылған олжа бүгінде әлемге әйгілі. Алматыдағы Тәуелсіздік монументіне де негіз болып отыр. Осы күнге дейін сақталып келген Алтын адам да қазақтың жеті кереметіне енді. 
  • Киіз үй - көптеген ғасырлар бойы Еуразияның ұшы-қиырсыз жазирасын басқарған ежелгі халықтың көшпенді тұрмысы мен өмір салтына мейлінше қолайлы болған баспана түрі. Соңғы қола дәуірінің өзінде-ақ (б.з.д. ІІ мыңжылдық тың соңы - І мыңжылдықтың басы) Еуразия даласында доңғалақ үстіндегі алғашқы жылжымалы тұрғын жайлар пайда бола бастады.Орта ғасырларда платформаларға орнатылған, ондаған жетек малы сүйреткен орасан зор жиналмайтын киіз үй-ордалар кезіп жүрген. Арба үстіндегі тұрғын жай (күйме) - киіз үйлердің осындай салтанатты түрлері Қазақстанда ХҮІІ ғасырға дейін қолданыста болды.
  • Домбыра - халық даналығы. Ол халқымыздың өмір тәжірибесі мен табиғат, адам, әлем туралы білімдерін, ескі діни наным-сенімдері мен философиялық көзқарасын бейнелеп, оларды атадан-балаға, ұрпақтан-ұрпаққа жалғастырып отырды. Домбыра - көшпелі елдің көнекөз шежіресі, көпті көрген қарияның көкірек күйі. Ол халықтың тарихи тағдырымен тамырлас. Тарихтың хатқа түспеген талай беттерін паш етіп, халқымыздың тарихнамасына айналады. Ғалымдар осыдан кемінде 2 мың жыл бұрынғы бейнелердегі қос шекті аспаптың қазақ домбырасымен ұқсастығын айта келіп, оның Қазақстан жеріндегі байырғы көшпелілер арасында ең көп тараған аспаптың бірі болғандығын дәлелдейді. Домбыра дәстүрінің дамуы ХІХ ғасырда шарықтау шыңына жетті. Мәдениетіміздің дәстүрінде көптеген кәсіби күйші-композиторлар қалыптасып, күйшілік дәстүр көптеген мектептерге бөлінді. Бұл күйші-композиторлар өзіндік стильдік ерекшелігімен, қағыс техникасымен, музыкалық тілімен, орындау шеберлігімен оқшауланып, өнерімізде жарқын із қалдырды. Домбыра - әр дәуірде мәдениетімізде дарынды тұлғалардың дүниеге келуіне мүмкүндік туғызды. Сондықтан, домбыра да қазақтың жеті кереметі қатарында. 

http://collegy.ucoz.ru/publ/59-1-0-14621

  • Қосымша сілтемелер:

Тақырыбы

Сілтеме

ұзақтығы

1

Мемлекеттік рәміздер

https://bilimland.kz/kk/courses/education-movies/tema-klassnogo-chasa/lesson/memlekettik-ramizder

5.21

2

Қазақстан – ортақ үйіміз

https://bilimland.kz/kk/courses/education-movies/tema-klassnogo-chasa/lesson/qazaqstan-ortaq-ujimiz

06.19

3

Қазақстанның 7 керемет жерлері

https://www.youtube.com/watch?v=iTIKkdTQpcs

5.10



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу