Бірге саяхат жасайық. Дүниетану, 3 сынып, сабақ жоспары.


Қысқа мерзімді жоспар

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

5 бөлім. «Өнер»

Мерзімі:

Модератор: Сейтахметова Ж.М.

Сынып:

Қатысқандар:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Бірге саяхат жасайық

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

3.3.5.1 Қазақстанның бейресми таңбаларының маңызын түсіндіру (ескерткіш «Алтын адам», «Бәйтерек», «Мәңгілік ел» салтанат қақпасы т.б)

3.3.1.2 Тарихи ескерткіштер мен салт –дәстүрді сақтаудың

маңызы мен мағынасын түсіндіру

3.3.2.1 Түрлі материалдар негізінде ежелгі түркілердің

өмір жолын анықтайды

Сабақ мақсаттары

Оқушылар

  • Қазақстанның бейресми таңбаларының мағынасын түсінеді;
  • Тарихи және мәдени ескерткіштерді сақтау маңыздылығын дәлелдейді;
  • Түркілердің өмір салтын сипаттайды.

Бағалау критерийлері

- Түркілердің өмір салтын шығармашылықпен ұсынады (қойылым түрінде);

- Қазақстанның бейресми таңбалары туралы әңгімелейді (4-тен кем емес);

  • Тарихи және мәдени ескерткіштерді сақтау маңыздылығын дәлелдейді.

Тілдік мақсаттар

Оқушылар:

- тарихи –мәдени ескерткіштерді сақтаудың маңыздылығын түсіндіреді.

Терминология:

  • Қазақстанның ресми және бейресми рәміздері (таңбалары)
  • «Алтын адам», «Байтерек», «Мәңгілік ел» салтанат қақпасы

Талқылауға арналған сұрақтар:

- Қазақстанның қандай бейресми таңбаларын білесің?

Жазуға берілетін тапсырма:

  • «Балашақтан болашаққа» тақырыбында постер дайындау

Құндылықтарды дарыту

Патриотизмді дамыту Қазақстанның ресми және бейресми рәміздерінің мағынасын түсіну арқылы жүзеге асады.

Пәнаралық байланыстар

Көркем еңбек: бекеттер бойынша жұмыс.

Әдебиеттік оқу: сөздер байланысын дамыту.

Алдыңғы меңгерілген білім

Қазақстанның бейресми рәміздерінің бірі «Бәйтерек» монументін сипаттай алады. Елімізде атап өтілетін мемлекеттік мерекелер туралы түсініктері бар.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақта жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

0-5

6-7

8

  • «Сәйкестендір» ойыны (ұжымда)

Оқушыларға Қазақстанның бейресми және ресми рәміздері (елтаңба, ту, гимн, «Алтын адам», «Бәйтерек» ескерткіштері, «Мәңгілік ел» салтанат қақпасы) суреттері ұсынылады. Оларды атауларымен сәйкестендіру керек.

Ойынды бүкіл ұжыммен бірге тақта алдында немесе 4 топқа бөліп алып жүргізуге болады.

Сәйкестендіріп болғаннан кейін оқушыларға суреттерді 2 топқа бөлуді сұраңыз. Осы екі топтамаға ат қоюды ұсыныңыз.

Жауап:

Елтаңба, ту, гимн – Қазақстанның ресми рәміздері;

«Алтын адам», «Бәйтерек» ескерткіштері, «Мәңгілік ел» салтанат қақпасы, домбыра, - Қазақстанның бейресми таңбалары.

  • Талқылау (ұжымда)

Оқушылар өз пікірлерімен бөлісіп, жұмыстың нәтижесін қорытындылайды.

Талқылауға арналған сұрақтар:

- Қазақстанның рәміздері қандай?

- Неліктен олар елге қажет?

- Оларды қандай екі топқа бөлуге болады?

- Қазақстан Республикасының ресми рәміздері қандай?

- Бейресми таңбалары қандай?

-Айырмашылығы неде?

  • Сабақ мақсатын анықтау(ұжымда)
  • Сабақ тақырыбы мен мақсаты жайлы оқушылардың болжамдары айтылады.
  • Сабақ мақсаты ұсынылады:
  • Қазақстанның бейресми таңбаларының мағынасын түсіну;
  • Тарихи және мәдени ескерткіштерді сақтау маңыздылығын дәлелдеу;
  • Түркілердің өмір салтын сипаттау.

Қазақстанның бейресми және ресми рәміздерінің суреттері, олардың атаулары жеке парақта

(дидактикалық материалға қараңыз )

Слайд №3

Сабақ ортасы

9-13

14-16

17-20

21-35

  • Кіріспе әңгіме

Тарауды қорытындылау сабағы болғандықтан сабақ саяхат түрінде жүргізіледі. Оқушыларға бүгін 5ші бөлімнің материалдарын қайталауға арналған сабақ болғандықтан дәстүрлі емес түрде «Саяхат сабақ» өтетіндігін ескертіп қойыңыз.

  • Бейнематериалмен жұмыс (ұжымда)

Саяхатшы жолға шығар алдында Қазақстанның бейресми таңбалары туралы өткен сабақта қткен және қосымша жаңа ақпараттармен қамдануы тиіс.

Оқушыларға видео немесе презентация ұсынылады. Оны көрсетпес бұрын оқушыларға алдымен стикерге саяхатқа қажет ақпаратты жазуларын сұраңыз.

  • «Ұлы адамдардың ойлары» тапсырмасы (жұппен)

Ф.Ламенненің қанатты сөзі оқылып, талқыланады: «Саяхатқа шығарда есіңде болсын: саяхаттаудың маңызы соңына дейін жетуде емес, саяхаттың мән- мағынасында екенін ұмытпа, егер асығыстық жасасаң, не үшін саяхаттанғаныңның маңызын өткізіп аласың».

Оқушылар осы қанатты сөзге өз түсініктерін айтады.

  • «Бекеттер бойынша саяхат» тапсырмасы
  • Оқушыларды 3 топқа бөліңіз;
  • Сынып бөлмесінің 3 бұрышына 3 бекетті дайындаңыз.
  • Бекеттер бойынша саяхат схемасын ұсыныңыз.
  • Топ мүшелері әрбір бекетке барып, тапсырмаларды орындайды.

1 бекет «Уақыт кезеңдері»

Тапсырма: көне түркілердің өмір сүру салтын көрсету.

Түрі: қойылым.

Қажетті ресурстар: костюмдер, түркілердің тұрмыстық заттары, аттың макеті және т.б.

Бағалау критерийлері:

  • Түркілердің өмір салтын шығармашылықпен ұсынады (қойылым түрінде);

2 бекет «Армандар орындалады»

Тапсырма: Ата бабаларымыздың армандарының қазіргі кездегі орындалғанын дәлелдейді. (Қазақстанның бейресми таңбалары туралы)

Форма: Жарнамалық жоба

Қажетті ресурстар: Қазақстанның бейресми таңбаларының суреттері, микрофон, кеңсе тауарлары және т.б.

Бағалау критерийлері:

- Қазақстанның бейресми таңбалары туралы әңгімелейді (4-тен кем емес);

3 бекет «Бала шақтан болашаққа»

Тапсырма: «Болашақ Қазақстаным» тақырыбында әр түрлі материалдарды пайдаланып постер құрастырады. Бүгінгі күннің тарихи ескерткіштерін келер ұрпаққа жеткізу жолдарын ұсынады.

Форма: постерді қорғау.

Қажетті ресурстар: Қазақстанның тарихи, мәдени мұра нысандарының суреттері, А3 парақ, маркерлер, желім және т.б.

Бағалау критерийлері:

  • Тарихи және мәдени ескерткіштерді сақтау маңыздылығын дәлелдейді.

Презентацияға сілтеме:

https://infourok.ru/prezentaciya_azastanny_7_keremet-193318.htm

Әдістемелік нұсқаулыққа

қараңыз

Слайд №

Бекеттердің аттары жазылған қағаздар.

Әдістемелік нұсқаулыққа

қараңыз

Әр бекетке арналған ресурстар (дидактикалық материалдарға қараңыз)

Сабақтың соңы

36-40

Рефлексия (жеке):

«Саяхаттың керемет әсерлері»

Оқушылар кестені толтырып, топта талқылайды. Толтырылған таратпа парақтар мұғалімге өткізіледі.

Жол қапшық (білім және тәжірибе)

Себет (бұл маған әзірге қажет емес)

Жүк сақтау камерасы (толықтыруды қажет етеді)

Таратпа материал

(дидактикалық материалға қараңыз)

Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Қабілеті жоғары оқушыларға Венн диаграммасын қолдана отырып, Қазақстанның ресми және бейресми таңбаларын салыстыру ұсынылады. Ашық шығармашылық тапсырма түрінде оқушылардан өз аймағының (мектеп/сынып/отбасы) бейресми таңбасын ойлап табуды оны сыныпқа ұсынуды тапсыруға болады.

Бағалау және кері байланыс беру сабақтың өн бойында жүріп отырады.

Бұл сабақ – бөлімді қорытындылау сабағы болғандықтан, әрбір оқушының іс-әрекетін бақылап отырып, бірден кері байланыс беріп отырған абзал. Спикер рөліндегі жауаптан қашқан немесе нақты емес жауап берген оқушыларға нақтылап сұрақтар қойыңыз. Бекеттер бойынша топтарды бағалауды мұғалім жүргізеді.

Оқушылар сынып бөлмесінде қозғалу барысында, топтық жұмыс барысында қауіпсіздік техникасы сақталады.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу