Қандай елді мекендер бар? Дүниетану, 3 сынып, қосымша материал.
Сабақты ұйымдастырудағы әдістемелік нұсқаулар
- «Қалалар» ойыны. Ойын барысында мұғалім жетекші сұрақтар қойып отырады:
- Қазақстанда қанша облыс бар?
- Облыстың басты қаласы қалай аталады?
- Елорда дегеніміз не? Ол мемлекетке не үшін қажет?
- Қалалардан басқа адамдар қай жерде өмір сүреді?
- Неліктен олар картада жоқ т.б.
- Топқа бөлуде қысқа мерзімді жоспарда ұсынылған қалалардың атауын таңдауға болады, сондай-ақ өзіңіздің аймағыңыздағы елді мекендердің кез-келген 4 атауын алсаңыз болады. Аймағыңыздағы ауыл, қала, кент және облыс орталығының аты болғаны жөн. Бұл нұсқа сабақтың өңірлік компонентін көрсетеді.
- Картамен жұмыс. Оқушылардың назарын елді мекендерді түрлі белгілеріне (қала, ауыл, кент), көлеміне (үлкен, кіші), қызметіне (астана, аудан орталығы) аудартыңыз. Сонымен қатар, оқушыларға Республикалық маңызы бар екі қала - Алматы мен Шымкент қалалары туралы айту керек. Оқушылардан өз ата-аналарынан/ғаламтордан Шымкенттің неліктен Республикалық маңызы бар қалалардың тізіміне кіргенін және Түркістан қаласына облыс орталығының мәртебесі берілгені Қазақстан үшін қаншалықты маңызды екенін сұрап біліп келулерін тапсырыңыз.
- Теориялық материал:
Елді мекен – адамдардың тұрақты қонысы. Ол үй жайлардың, кәсіпорындардың, әлеуметтік мекемелер мен ұйымдардың ғимараттар жиынтығынан тұрады және өзіне тән география атауы (топонимі) болады.
Елді мекендер қоршаған табиғи ортаның әсеріне және әлеуметтік-экономикалык жағдайға байланысты қалыптасады.
Қазақстанда Елді мекендер ауыл, кент, қала болып негізгі үш дәрежеге бөлінеді.
Қала – тұрғындары өнеркәсіп, сауда қызмет көрсету орындарында және ғылыми, мәдени, басқару мекемелерінде жұмыс жасайтын, халқы тығыз орналасқан ірі елді мекен.
Қалада біршама дамыған қызмет көрсету, сауда жасау, тазалық, тұрғын үймен қамдау, қатынас-тасымал, ойын-сауық кешендері, спорт кешендері қатарлылар болады.
Ауыл – Қазақстандағы халық мекендейтін қора-қопсылы тұрақты және уақытша үй-жайлардан, мәдени ағарту, денсаулық сақтау мекемелері мен кейбір кәсіпорын ғимараттарынан тұратын, географиялық атауы бар мекен.
Географиялық карталарда тек қана басты елді мекендер (мемлекеттердің астаналары, үлкен елді мекендер, трихи қалаларғ аса ірі өндіріс орталықтары және т.с.с) түсіріледі. Елді мекендердің шартты белгісі ретінде дөңгелек қойылады.
- Қосымша:
«Жуан және жіңішке сұрақтар» стратегиясы (топта)
«Не?» «Кім?» « Қашан?» « Қай жерде?» деген 3 «жіңішке» сұрақтар және «Қалай?» «Неліктен?» «Қандай мақсатпен?» деген 3 «жуан» сұрақтар қою арқылы бейнефильмнен көргендері талқыланады.
- Пайдалы сілтемелер:
1 | Елді мекендер, қала және село халқы. Қалалардың өсуі | Ұзақтығы: 2.12 | |
2 | Менің Отаным Қазақстан | 2.19 | |
3 | ҚР физикалық картасы | http://900igr.net/prezentatsii/okruzhajuschij-mir/Vidy-poverkhnostej/004-Fizicheskaja-karta-Kazakhstana.html |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?