Қала мен ауыл арасында қандай байланыс бар? Дүниетану, 3 сынып, сабақ жоспары.


Қысқа мерзімді жоспар

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

4-бөлім «Сәулет өнері»

Мерзімі: 2-тоқсан

Сынып: 3

Мектеп

Модератор: Сейтахметова Ж.М.

Қатысқандар:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Қала мен ауыл арасында қандай байланыс бар?

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

3.1.3.2 Қала мен ауылдың байланысын зерттеу, мысалдар келтіру

Сабақ мақсаттары

Оқушылар

  • қала мен ауылдың байланысын анықтайды;
  • қала мен ауылдың шаруашылық қызмет түрлерін ажыратады.

Бағалау критерийлері

  • қала мен ауылдың байланысына мысалдар келтіреді;
  • қала мен ауылдың шаруашылық қызмет түрлерін біледі.

Тілдік мақсаттар

Оқушылар:

Қала мен ауылдың байланысы туралы әңгімелейді.

Терминология:

  • Экономика
  • Экономика салалары
  • Қажеттіліктер

Талқылауға арналған сұрақтар:

- Ел экономикасы үшін қайсысы маңыздырақ: қала немесе ауыл?

Құндылықтарды дарыту

Патриотизмді дамыту Қазақстан Республикасының елді мекендеріндегі шаруашылық қызметі түрлерімен танысу, ел экономикасын дамытуда ауылдың рөлін түсіну арқылы көрініс табады.

Пәнаралық байланыстар

Қазақ тілі, әдебиет: алгоритм бойынша сызбаны оқып-үйрену, сюжетті суреттер бойынша әңгіме құрау.

Алдыңғы меңгерілген білім

Оқушылар 1 сыныпта «Бізді қоршаған орта» және «Саяхат», 2 сыныпта «Қоршаған орта», «Саяхат» тарауларынан елді мекендердің түрін, еліміздің көрнекі жерлерін, туризмнің түрлерін, Қазақстанның көне қалалары мен ескерткіштерін біледі.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақта жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

0-4

5-6

  • «Қажеттіліктер ағашы» тапсырмасы (жеке, топта, ұжымда)

Оқушыларға стикерлер таратыңыз. Олардан әрбір стикерге өздерінің жеке қажеттіліктері туралы жазуларын сұраңыз. Кейіннен топта барлық нұсқаларды талдау керек. Әрбір топ көптеген нұсқалардан ең жақын жауаптарды таңдап алып, «қажеттіліктер ағашына» жапсырады.

Талдауға арналған сұрақтар:

- Адам неге мұқтаж?

- Адам өзіне қажеттінің барлығын қайдан алады?

-Тауар мен қызмет арасындағы айырмашылық қандай?

- Қалада және ауылда өндірілген тауарлар мен қызметтердің айырмашылығы бар ма?

- Оларды кім өндіреді немесе қамтамасыз етеді?

- «Экономика» сөзін естідіңдер ме? Ол нені білдіреді?

  • Сабақ мақсатын анықтау(ұжымда)
  • Сабақ тақырыбы мен мақсаты жайлы оқушылардың болжамдары айтылады.
  • Сабақ мақсаты ұсынылады:
  • қала мен ауылдың байланысын анықтайды;
  • қала мен ауылдың шаруашылық қызмет түрлерін ажыратады.

Ағаштың суреті, стикерлер

Әдістемелік нұсқаулыққа

қараңыз

(дидактикалық материалға қараңыз)

Слайд №3

Сабақ ортасы

7-15

16-20

21-26

27-36

  • «Сызбаны оқып-үйрен» тапсырмасы (жұпта)

Оқушыларға «Экономика салалары» сызбасын оқып-үйренуді ұсыныңыз.

Сызбаны оқудың алгоритмін алдын ала беріп қойыңыз.

Бірнеше жұптан алгоритмге сәйкес өз пікірлерін ұсынуларын сұраңыз. Қалған оқушылар өз жауаптарын ұсынып жатқан жұптың пікірлерімен салыстырады, толықтырады, сұрақтар қояды.

Бағалау критерийлері:

  • қала мен ауылдың шаруашылық қызметі түрлерін біледі.
  • «Суретті сөйлет» тапсырмасы (ұжымда)

Сюжетті суреттерге қарап оқушылар қала және ауыл тұрғындары немен айналысып жатқандары туралы әңгімелейді.

  • «Серуен» ойыны (жұпта)

Оқушылар жұптасып, «серуенге» шығады. Сыныпты аралап, әңгімелеседі. Қоңырау соғылысымен жұптар алмасады.

Әңгімелесу сұрақтары:

  • Сенің тұратын жеріңде экономиканың қандай салалары дамыған?
  • Сенің облысыңда қандай өндіріс орындары дамыған?
  • Сенің қалаңда(ауылыңда) не өндіріледі?
  • Сенің қалаң (ауылың) туристерді немен қызықтыра алады?
  • Сенің қалаңда(ауылыңда) қандай мамандық түрлері басым?

Ойынды сұрақтар арқылы қорытындылаңыз.

  • «Зерттейміз» тапсырмасы (жеке, ұжымда)

Оқушыларға «Ауылдың қаласыз, қаланың ауылсыз өмірі жоқ» деген сөйлем беріледі.

Төмендегі сұрақтар бойынша «Қала – ауылға», «Ауыл – қалаға» сызбасын көрсетеді.

- Қала ауылды немен қамтамасыз етеді?

- Ауыл қалаға не береді?

Оқушылар қала мен ауылдың ерекшеліктерін салыстыра отырып, жеке, кейін ұжымда мысалдар келтіреді.

Бағалау критерийлері:

  • Қала мен ауылдың байланысына мысалдар келтіреді.

Таратпа материал: толтыруға арналған сызба

Сыбаны оқып-үйрену алгоритмі

Әдістемелік нұсқаулыққа

қараңыз

(дидактикалық материалға қараңыз)

Сюжетті картиналар (дидактикалық материалға қараңыз)

Қоңырау

Әдістемелік нұсқаулыққа

қараңыз

Әдістемелік нұсқаулыққа

қараңыз

Таратапа материал: толтыруға арналған сызба

Сабақтың соңы

37-40

Рефлексия (жеке):

«3 сәт» стратегиясы

Оқушылар сабақта естерінде қалған 3сәтті таратпа параққа жазып, кейіннен ой бөліседі. (уақыт тапшы болса, жазып өткізуге болады).

Таратпа парақ

(дидактикалық материалға қараңыз)

Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Қабілеті жоғары оқушылар үшін қала мен ауыл туралы 5 жағымды (плюс) және 5 жағымсыз (минус) жақтарын жазуды ұсыныңыз. Сондай-ақ, қала мен ауылдың мамандықтарының тізімін жасап, қандай заңдылық барын зерттеуді тапсыруға болады. Оқуда кедергісі бар оқушыларға жеке тапсырмаларды орындауда сюжетті суреттер мен мұғалімнің жетекші сұрақтары арқылы қолдау көрсетілуі мүмкін.

Бағалау және кері байланыс беру сабақтың өн бойында жүріп отырады.

«Зерттейміз» тапсырмасында оқушылардың жазба жауаптарын өзара тексеру арқылы бағалауға болады: «Ауыл – қалаға: азық-түлік, шикізат, мақта, т б». «Қала – адамға: трактор, ауылшаруашылыққа қажет заттар т.б». Дұрыс жауапқа «+» белгісі қойылады. Топтық жұмыста әрбір оқушының үлесін қадағалан жөн.

Оқушылар сынып бөлмесінде қозғалу барысында, топтық жұмыс барысында қауіпсіздік техникасы сақталады.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу