Мен жергілікті жердің сұлбасын жасаймын. Дүниетану, 3 сынып, сабақ жоспары.
Қысқа мерзімді жоспар
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 4-бөлім «Сәулет өнері» Мерзімі: 2-тоқсан Сынып: 3 | Мектеп Модератор: Сейтахметова Ж.М. Қатысқандар: Қатыспағандар саны: | |||||||||||||
Сабақ тақырыбы | Мен жергілікті жердің сұлбасын жасаймын | |||||||||||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 3.2.1.2. Масштабты сақтап, шартты белгілерді пайдалана отырып, жергілікті жердің сұлбасын сызу. | |||||||||||||
Сабақ мақсаттары | Оқушылар
| |||||||||||||
Бағалау критерийлері | -масштаб және шартты белгілерді біледі; - кем дегенде 4 шартты белгіні пайдаланып, масштабты сақтап мектеп ауласының сұлбасын сыза алады. | |||||||||||||
Тілдік мақсаттар | Оқушылар: - сұлба мен картаның айырмашылығын түсіндіреді. Терминология:
Талқылауға арналған сұрақтар: - Масштаб дегеніміз не? - Жергілікті жердің сұлбасы дегеніміз не? - Шартты белгілер дегеніміз не? Жазуға берілетін тапсырма: - Масштаб пен шартты белгілерді пайдаланып, мектеп ауласының сұлбасын сызу. | |||||||||||||
Құндылықтарды дарыту | Ынтымақтастық – топтық бірлескен жұмыста көрінеді. | |||||||||||||
Пәнаралық байланыстар | Математика: Оқушылар масштабты қолданады (1 сантиметр100 метрге тиесілі). Бейнелеу өнері: оқушылар жергілікті жердің сұлбасын сызады. | |||||||||||||
Алдыңғы меңгерілген білім | Жергілікті жерді бағдарлау түсінігін біледі. Жергілікті жерді белгілеріне қарап және тұсбағдардың көмегімен көкжиек тұстарын анықтай алады. | |||||||||||||
Сабақ барысы | ||||||||||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақта жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | ||||||||||||
Сабақтың басы 0-6 7-8 |
Әр топқа заттар және А4 парақтары таратылады. Оқушылар «Қағаз бетіне заттарды қалай орналастуға болады?» деген мәселенің шешімін табуы керек. 1 нұсқа: затты фотосуретке түсіріп, кішірейтілген суретін қағаз бетіне желімдеу керек; 2 нұсқа: заттың көлемін бірнеше есеге кішірейтіп, соның бейнесін қағаз бетіне түсіру керек. Қай нұсқа дұрыс? Өз нұсқаңды ұсын. Топтағы оқушылар осы қойылған мәселенің шешімін табуға тырысады. Барлық жауап нұсқалары талданып, қорытынды жасалынады.
-шартты белгілерді пайдалана отырып, жергілікті жердің сұлбасын сызу. | Әдістемелік нұсқаулыққа қараңыз Заттар (ойыншықтар және т.б.) А4 формат парақтары Слайд №3 | ||||||||||||
Сабақ ортасы 9-13 14-18 19-23 24-28 29-37 |
Оқушыларға слайдтағы екі суретті ұсыныңыз: сурет және сұлба. Суреттерді салыстырып, оқушылар дұрыс атау беру керек. Оқушылардан «сурет» және «сұлба» ұғымдарына анықтама берулерін сұраңыз. Оны оқулықтағы мәтінмен салыстырыңыз. «Масштаб» деген ұғымды еңгізіңіз. «№1 практикалық жұмыс» (жұппен) Оқушылар мектеп партасының сұлбасын сызып көреді. Ол үшін оларға жұмыс алгоритмі беріледі. Тапсырманы жұппен орындайды. Бағалау критерийлері:
Топографиялық картамен жұмыс, онда жергілікті жердің түрі жоғарыдан беріледі, осы жердің суреті, әуеден жасалған суреті және сұлбасы беріледі. Мұғалім жергілікті жердің сұлбасын түсіндіріп береді. Жергілікті жердің картасы мен сұлбасымен қатар қояды. Ортақ белгілерін анықтайды: масштаб және шартты белгілер бар. Оқулықта берілген шартты белгілерді талдаңыз. Оқушылардың осы тапсырма бойынша қорытынды жасауларын сұраңыз.
Оқушылар карточкадағы тапсырмаға сәйкес туристің жолын салу керек. Жол бағыттары сызылғын парақтарды топтар сағат тілімен бір-біріне беріп тексереді. Тапсырманың қорытындысы шығарылады.
Оқушылар шартты белгілерді (ағаштар, соқпақ жолдар, бұталар, жеміс бағы және т.б), 1см:100м масштабты пайдаланып, мектеп ауласының сұлбасын сызады. Талдап, қорытынды жасайды. «Галереяны шарлау» әдісі арқылы ең үздік жасалған мектеп ауласының сұлбасы таңдалынады. Ең үздік деп нақты және толық, мазмұны жағынан түсінікті сызылған сұлбалар танылады. Бағалау критерийлері:
| Сурет пен сұлбаның суреттері Әдістемелік нұсқаулыққа қараңыз
«Дүниежүзілік физикалық карта» Топографиялық карта А4, қарындаштар, сызғыш Тұсбағдар Карточкалар (дидактикалық материалға қараңыз) Шартты белгілер Әдістемелік нұсқаулыққа қараңыз
| ||||||||||||
Сабақтың соңы 38-40 | Рефлексия (жеке): Оқушылар кестені толтырып, мұғалімге өткізеді:
| Таратпа парақ Әдістемелік нұсқаулыққа қараңыз | ||||||||||||
Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | ||||||||||||
Қабілеті жоғары оқушыларға, өздері жасап отырған картадағы жергілікті жердің адамдарының кәсіптерін тереңірек зерттеуді ұсынуға болады. Сол кәсіптің, маманның еліміздің өндірістік дамуы үшін қаншалықты маңызды екенін дәлелдеу қажет.
| Бағалау және кері байланыс беру сабақтың өн бойында жүріп отырады. «Салыстыру» тапсырмасы «Бас бармақ» стратегиясына сәйкес бағаланады (жоғары қаратса – бәрі түсінікті, ортаға көрсетсе - сұрақтар бар, төмен қаратса - көмек қажет). Практикалық жұмысты бағалауда бағалау критерийлері қолданылады. Оларды алдын-ала оқушылармен талдап алыңыз. Бұл сабақтағы рефлексия сабақ мазмұнына байланысты және сабақ мақсаттарына жету деңгейін көрсетеді. | Оқушылар сынып бөлмесінде қозғалу барысында, топтық жұмыс барысында қауіпсіздік техникасы сақталады. |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?