Жұлдыздар мен планеталарға қарап қалай бағдарлауға болады? Дүниетану, 3 сынып, қосымша материал.


Сабаққа арналған әдістемелік нұсқаулар

  • «Еске түсірейік» тапсырмасын оқушылар әр түрлі бағдарлау тәсілін пайдалану арқылы шешеді. Шешу жолдарын табуда көкжиектің тұстары туралы білімдерін, әр түрлі белгілерге сай бағдарлауларды (оның ішінде жұлдыздар бойынша) қайталауға мүмкіндік туады. Мұғалім оқушыларды «масштаб», «шартты белгілер», «жергілікті жердің сұлбасы» түсініктермен таныстырады.
  • «6 неге» стратегиясы. Оқушыларды екі топқа бөліңіз: ұлдар мен қыздар. Бұл дифференциация гендерлік сипатқа жатады және жасөспірімнің жыныстық тәрбиесіне үлес қосуға мүмкіндік береді («Мен ер баламын - жылдам, батыл, тәуекелшіл» - «Мен қыз баламын- еңбекқор, қарапайым, ұқыпты»).
  • «Әңгіме құра» тапсырмасында әңгімені ауызша құрауға болады. Алайда, тірек сөздер мен ойларын қысқаша параққа түртіп отыруларын сұраңыз. Сондай-ақ, әңгімелерін жазбаша түрде де жазуларына болады, бірақ бұл біршама уақытты алуы мүмкін. Уақытты байқап отырыңыз. Әңгімелерін ұсынып жатқанда топтың әрбір мүшесінің қатысқанын қадағалаңыз.
  • «Әлемді шарла» қызықты әңгімелер байқауы. Оқушылар тапсырманы жеке орындайды. Жоспары алдын-ала оқушылармен талданады.

Жоспардың үлгі нұсқасы:

а. Сенің әдеби кейіпкерің кім?

б. Қай жерге не үшін барды?

с. Қандай көлікпен аттанды?

d. Бейтаныс жерде оған бағдар жасауға не көмектесе алды?

e. Саяхат немен аяқталды?

  • Теориялық материал:

Жер беті мен оның шағын аймақтары қағаз бетіне белгілі бір масштаб  аркылы кішірейтіліп кескінделеді. Белгілі бір заттың көлемін кішірейтетін санды «масштаб» дейді. Масштабпен жер бетін кішірейтіп бейнелеуді жергілікті жердің сұлбасы деп атайды.

Топографиялық шартты белгілер — жер беті бедерін топографиялық карталар мен пландарға түсіруде қолданылатын жергілікті заттардың шартты белгілері (сызықтық, әріптік, контурлық, цифрлык).

Жергілікті жерді бағдарлау –бақылаушының өзі тұрған жерін айналасына, көкжиек тұстарына және жер бедері элементтерінің кейбір өзгешеліктеріне қарап анықтауы. Бағдарлау тұсбағдар немесе карта көмегімен, аэрофото-түсірім мен жергілікті белгілерге, астрономиялық белгілерге, Күнге, Айға, жұлдыздарға қарап жүргізіледі.

Көкжиек дегеніміз – біздің төңірегіміздегі көзіміз жеткен жерге дейінгі кеңістік. Көкжиектің негізгі төрт тұсы ажыратылады. Олар: солтүстік, оңтүстік, батыс және шығыс.

Бағдарлау әдістерінің бірі көкжиек тұстарын бағдарлай білу, оның тәсілдерін меңгеру. Көкжиек тұсы жергілікті жерде тұсбағдарға немесе жұлдыздарға қарау арқылы және жергілікті белгілер бойынша анықталады. Күн, Ай, Темірқазық жұлдызы бойынша көкжиек тұстарын анықтауға болады, бірақ оның дәлдігі 20-25 градустан аспайды. Астрономиялық белгілер арқылы да бағдарлауға болады.

Көкжиек тұсы түнгі ашық аспанда әрқашан солтүстік бағытта көрінетін Темірқазық жұлдызы бойынша анықталады. Оны Жетіқарақшы шоқжұлдызымен оңай табуға болады.

https://kk.wikipedia

  • Пайдалы сілтемелер
  • Бағдарлау әдістері (орыс тілінде)

http://www.13min.ru/otdyx/sposoby-orientacii-na-mestnosti/

  • Аспан денелеріне қарап бағдарлау жасау https://www.youtube.com/watch?v=VBkYdZl-mnw#action=share (0:27-3:00 уақыт аралығы)
  • Он саусақ. Күн сағат.

https://www.youtube.com/watch?v=UbLNM1eFdFc

https://www.youtube.com/watch?v=R12xgz3qCyE



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу