Жұлдыздар мен планеталарға қарап қалай бағдарлауға болады? Дүниетану, 3 сынып, сабақ жоспары.


Қысқа мерзімді жоспар

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

4-бөлім «Сәулет өнері»

Мерзімі: 2-тоқсан

Сынып: 3

Мектеп

Модератор: Сейтахметова Ж.М.

Қатысқандар:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Жұлдыздар мен планеталарға қарап қалай бағдарлауға болады?

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

3.2.1.1. Көкжиек тұстарын астраномиялық белгілерге қарап анықтау

Сабақ мақсаттары

Оқушылар

  • астрономиялық белгілерге қарап көкжиек тұстарын анықтайды.

Бағалау критерийлері

- Күнге қарап көкжиек тұстарын анықтай алады;

- Темірқазыққа қарап көкжиек тұстарын анықтай алады.

Тілдік мақсаттар

Оқушылар:

- суретке қарап әңгіме құрастырады.

Терминология:

  • Астрономиялық белгілер
  • Жұлдыз
  • Күн

Талқылауға арналған сұрақтар:

-Күн арқылы үйге апарар жолды табуға бола ма?

Жазуға берілетін тапсырма:

- Өзіңнің сүйікті кейіпкеріңнің саяхатқа шыққанын ойдан құрастыр.

Құндылықтарды дарыту

Сыйластық пен ынтымақтастық – топтық бірлескен жұмыста көрінеді (ұлдар тобы мен қыздар тобы).

Пәнаралық байланыстар

Қазақ тілі: оқушылар сурет бойынша әңгіме құрастырады.

Әдебиет: жоспарға сай өзінің әдеби кейіпкері туралы ойдан әңгіме құрастырады.

Алдыңғы меңгерілген білім

Жергілікті жердің белгілеріне қарап және тұсбағдардың көмегімен көкжиек тұстарын анықтай алу дағдылары бар.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақта жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

0-5

6-7

  • «Еске түсірейік» тапсырмасы (топта)

Әр топқа өмірден алынған жергілікті жерді бағдарлаумен байланысты оқиғалар жазылған карточкалар таратылады. Оқушылар шешу жолдарын табады. Мысалы. «Балалар бейтаныс жерде адасып кетті? Үйге қайтар жолды қалай табуға болады?», «Көкжиек тұстарын қалай анықтауға болады?», «Қандай жергілікті белгілер көмектесе алады?» және т.б.

  • Сабақ мақсатын анықтау (ұжымда)
  • Сабақ тақырыбы мен мақсаты жайлы оқушылардың болжамдары айтылады.
  • Сабақ мақсаты ұсынылады:

- астрономиялық белгілерге қарап көкжиек тұстарын анықтау.

Әдістемелік нұсқаулыққа

қараңыз

Таратпа карточкалар

(дидактикалық материалға қараңыз)

Слайд №3

Сабақ ортасы

8-12

13-17

18-22

23-29

30-36

  • «Күн мен жұлдыздарға қарап бағдарлауды үйренейік» бейнематериалды көрсету (ұжымда)

Оқушыларға «Астрономиялық белгілеріне қарап көкжиек бағыттарын анықтау» (Күн, Темірқазық жұлдызы) тақырыбында бейнефильм немесе презентация көрсетіңіз.

  • «6 НЕГЕ» стратегиясы (топтар бойынша: ұлдар және қыздар)

Көрсетілген бейнематериал бойынша мазмұнына сәйкес, қыздар «Неге ...» деген сөздерден бастап жұлдыз туралы 6 сұрақ қояды және ұлдардан сұрайды. Өз кезегінде, ұлдар бейнематериалдан Күн туралы 6 сұрақ қыздарға қояды.

Тапсырма қорытындыланады.

  • «Әңгіме құра» тапсырмасы (топтар бойынша: ұлдар және қыздар)

«Темірқазық арқылы бағдарла» суреті қыздарға беріледі, ал «Күн арқылы бағдарла» суреті ұлдарға беріледі (немесе керісінше). Оқушылар өз беттерімен оқулықтағы мәтіндерді және суреттерді негізге ала отырып, әңгіме құрастырады.

Бағалау критерийлері:

- Күнге қарап көкжиек тұстарын анықтайды;

-Темірқазыққа қарап көкжиек тұстарын анықтайды.

  • Практикалық жұмыс (жұппен)

Жұптасқан оқушылар күн сағатын жасап, сыныпқа ұсыну керек. Оқушыларға жұмыс істеу үшін қажетті материалдарды беріңіз.

Күн сағаттарының көрмесін жасаңыз. Оқушылардан басқа жұптардың жұмысын стикерлермен бағалауларын сұраңыз, олардың дұрыстығын тексеріңіз.

(егер оқушыларда қиындық туындап жатса, мына бейнені көрсетуге болады:

https://www.youtube.com/watch?v=R12xgz3qCyE)

  • «Әлемді шарла» қызықты әңгімелер байқауы (жеке)

Оқушылар жоспарға және бағалау критерийлеріне сәйкес қызықты әңгімелер ойдан құрастырады. Байқаудың нәтижелері келесі сабақтың басында айтылатын болады.

Бағалау критерийлері:

- Жергілікті белгілерге қарап бағдарлау әдістерін біледі;

- Күнге қарап көкжиек тұстарын анықтайды;

-Темірқазыққа қарап көкжиек тұстарын анықтайды.

-Сөйлемдер саны 8-ден кем болмау тиіс.

Сілтеме:

https://www.youtube.com/watch?v=VBkYdZl-mnw#action=share

(0:27-3:00 уақыт аралығын көрсету)

Әдістемелік нұсқаулыққа

қараңыз

Әдістемелік нұсқаулыққа

қараңыз

Суреттер

Тұсбағдар

Парақтар, қайшылар, желімдер, қарындаштар, сызғыштар

Стикерлер

(дидактикалық материалға қараңыз)

Әдістемелік нұсқаулыққа

қараңыз

Сабақтың соңы

37-40

Рефлексия (жеке):

Оқушылар төмендегі тұжырымға дәлелдер келтіреді және мұғалімге өткізеді: «Турист Күн мен Темірқазық арқылы бағдарлауға әрқашан сүйене алады».

«ИЯ» дәлелдері

«ЖОҚ» дәлелдері

Таратпа парақ

Әдістемелік нұсқаулыққа

қараңыз

Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Сабақта әртүрлі тапсырмалардың болуы оқушылардың әртүрлі шығармашылық қабілеттерін көрсетуіне мүмкіндік береді (мысалы, практикалық жұмыста оқушылар рөлдерді өзара бөліп алуларына болады). Қабілеті жоғары оқушыларға «Жұлдыздарға қарап қалай бағдарлауға болады?» деген тақырыпты тереңірек зерттеп, постер жасауды ұсынуға болады.

Бағалау және кері байланыс беру сабақтың өн бойында жүріп отырады.

«Әңгіме құра» тапсырмасы «Үш шапалақ» стратегиясына сәйкес бағаланады. Практикалық жұмысты бағалауда бағалау критерийлері қолданылады. Оларды алдын-ала оқушылармен талдап алыңыз. Бұл сабақтағы рефлексия оқушылардың сабақ мақсаттарына жету деңгейін көрсетеді.

Оқушылар сынып бөлмесінде қозғалу барысында, топтық жұмыс барысында қауіпсіздік техникасы сақталады.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу