Атамекен - алтын бесік. Дүниетану, 3 сынып, қосымша материал.
Сабақты ұйымдастырудағы әдістемелік нұсқаулар
- «Сурет бойынша әңгіме» тапсырмасында оқушылар елді мекендерді түрлі белгілеріне (қала, ауыл, кент), көлеміне (үлкен, кіші), қызметіне (астана, аудан орталығы) қарап ажыратуға үйренеді. Сонымен қатар, оқушыларға Республикалық маңызы бар екі қала - Алматы мен Шымкент қалалары туралы айту керек. Оқушылардан өз ата-аналарынан/Интернеттен Шымкенттің неліктен Республикалық маңызы бар қалалардың тізіміне кіргенін және Түркістан қаласына облыс орталығының мәртебесі берілуі Қазақстан үшін қаншалықты маңызды екенін сұрап біліп келулерін өтініңіз.
- «Атамекен – алтын бесік» тақырыбына эссе жазу.
Тапсырма жеке орындалады. Оқушыларға дайын парақтарды таратыңыз (дидактикалық материалға қараңыз). Эссе жазар алдында бағалау критерийлерін естеріне салыңыз.
- Рефлексия «Алғыс айтамын»
Мұндай көрініс эмоционалдық рефлексияға жатады және мұғалімге сыныптың жалпы көңіл-күйін бағалауға көмектеседі. Сондай-ақ, бұл әдіс ұжымдағы бір-біріне деген ризашылық пен құрмет сезімін тудырады. Оқушыларға осы сабақта кімге және не үшін алғыс айтқысы келетінін жазу ұсынылады. Сондай-ақ орынды ескерту, қатесін түзету, әділ бағалауы үшін де алғыс айтса болады. Егер оқушылар мұғалімге алғыс жаза бастаса, сабақта қол жеткізгендерінің бәрі олардың өз еңбекқорлығы мен тиімді өзара оқытуларының нәтижесі екендігін ескертіп, бір-біріне алғыс айтуды өтініңіз.
- Теориялық ақпарат:
Елді мекен – адамдардың тұрақты қонысы. Ол үй-жайлардың, кәсіпорындардың, әлеуметтік мекемелер мен ұйымдардың ғимараттар жиынтығынан тұрады және өзіне тән география атауы (топонимі) болады.
Елді мекендер қоршаған табиғи ортаның әсеріне және әлеуметтік-экономикалык жағдайға байланысты қалыптасады
Қазақстанда Елді мекендер ауыл, кент, қала болып негізгі үш дәрежеге бөлінеді.
Қала – тұрғындары өнеркәсіп, сауда қызмет көрсету орындарында және ғылыми, мәдени, басқару мекемелерінде жұмыс жасайтын, халқы тығыз орналасқан ірі елді мекен.
Қалада біршама дамыған қызмет көрсету, сауда жасау, тазалық, тұрғын үймен қамдау, қатынас-тасымал, ойын-сауық кешендері, спорт кешендері қатарлылар болады.
Ауыл – Қазақстандағы халық мекендейтін қора-қопсылы тұрақты және уақытша үй-жайлардан, мәдени ағарту, денсаулық сақтау мекемелері мен кейбір кәсіпорын ғимараттарынан тұратын, географиялық атауы бар мекен.
Географиялық карталарда тек қана басты елді мекендер (мемлекеттердің астаналары, үлкен елді мекендер, трихи қалаларғ аса ірі өндіріс орталықтары және т.с.с) түсіріледі. Елді мекендердің шартты белгісі ретінде дөңгелек қойылады.
- Пайдалы сілтемелер:
№ | Тақырыбы | Сілтеме | Ұзақтығы: |
1 | Елді мекендер, қала және село халқы. Қалалардың өсуі | 2.12 | |
2 | ҚР физикалық картасы | http://900igr.net/prezentatsii/okruzhajuschij-mir/Vidy-poverkhnostej/004-Fizicheskaja-karta-Kazakhstana.html |
Қосымша:
Президент Шымкентке республикалық маңызы бар қала мәртебесін берді
Республикалық маңызы бар мәртебесі берілген соң, Шымкент одан әрі өркендей түседі - Назарбаев.
Сурет : akorda.kz19 Маусым 2018, 18:08
Мемлекет басшысы Жарлыққа қол қою рәсімі кезінде Астана және Алматымен қатар Шымкенттің тұрғындар саны 1 миллион адамнан асатын қазақстандық қалалар қатарына кіргенін айтты, деп хабарлайды Zakon.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
"Шымкент инвестициялар, технологиялар және интеллектуалдық ресурстарды біздің елге ғана емес, тұтас Орталық Азия аймағына тартатын жаңа орталық болады. Бұған қажет барлық шарттар мен әлеует бар", - деді Елбасы.
Президент сондай-ақ, Шымкентке республикалық маңызы бар қала мәртебесі берілген соң, қала одан әрі өркендеп, табысты дами түседі.
«Бұл қадам қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуына және бүкіл өңір тұрғындарының өмір сапасын дәйекті жақсартуға серпін береді», - деді Нұрсұлтан Назарбаев. https://kaz.zakon.kz/4924198-prezident-shymkentke-respublikaly-ma.html
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?