Туған өлкем - қандай көркем. Дүниетану, 3 сынып, сабақ жоспары.


Қысқа мерзімді жоспар

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

4-бөлім «Сәулет өнері»

Мектеп: Көкшетау қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі

Мерзімі: 2-тоқсан

Мұғалімнің аты-жөні:Толеубаева А.С.

Модератор: Сейтахметова Ж.М.

Сынып: 3

Қатысқандар:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Туған өлкем-қандай көркем

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

3.1.3.2 Қала мен ауылдың байланысын зерттеу, мысалдар келтіру

3.2.4.1 Қазақстанның барынша тартымды туристік нысандарының рейтингісін жасау

Сабақ мақсаттары

Оқушылар

  • Қала мен ауылдың байланысын анықтайды;
  • Қазақстанның кейбір туристік нысандарының рейтингісін жасайды.

Бағалау критерийлері

  • Қала мен ауылдың байланысына мысалдар келтіреді;
  • Белгілі бір облыс бойынша туристік нысандарды сипаттайды;
  • Белгілі бір облыс бойынша туристік нысандар рейтингісін құрады.

Тілдік мақсаттар

Оқушылар:

Қазақстанның көрікті жерлерін сипаттап бере алады.

Терминология:

  • туристік нысандар;
  • рейтинг.

Талқылауға арналған сұрақтар:

-Қазақстанның қандай туристік нысандарын білесің?

Құндылықтарды дарыту

Патриотизмді дамыту Қазақстанның көрнекі жерлерін танып білу арқылы жүзеге асады.

Табиғатқа қамқор болуға үйренеді.

Пәнаралық байланыстар

Математика: рейтинг ұғымын енгізу.

Ана тілі: Синквейн, өлең, сипаттау мәтінін құрау.

Алдыңғы меңгерілген білім

Оқушылар 1 сыныпта «Бізді қоршаған орта» және «Саяхат», 2 сыныпта «Қоршаған орта», «Саяхат» тарауларынан елді мекендердің түрін, еліміздің көрнекі жерлерін, туризмнің түрлерін, Қазақстанның көне қалалары мен ескерткіштерін біледі

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақта жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

0-4

5-6

  • Топқа бөліну

Оқушыларды топтарға бөлу: «Солтүстік Қазақстан», «Оңтүстік Қазақстан», «Батыс Қазақстан», «Шығыс Қазақстан». Ол үшін облыс орталықтарының бас қаласы жазылған жолақ қағаздар оқушы санына таратылады. Оқушылар «өз облыстарына» (облыс аты жазылған үстелге) дұрыс тауып барып отыруы тиіс.

Талқылау сұрағы:

-Не себепті облыстарға бөлініп отырдық?Қандай жұмыс жасауымыз мүмкін?

  • Сабақ мақсатын анықтау(ұжымда)
  • Сабақ тақырыбы мен мақсаты жайлы оқушылардың болжамдары айтылады.
  • Сабақ мақсаты ұсынылады:
  • Қала мен ауылдың байланысын анықтау;
  • Қазақстанның кейбір туристік нысандарының рейтингісін жасау.

Облыс аттары, облыс орталықтары жазылған парақтар Әдістемелік нұсқаулыққа

қараңыз

Дид. материалға қараңыз

Слайд №3

Сабақ ортасы

7-11

12-13

14-18

19-29

30-36

  • «Қала мен ауыл» тапсырмасы (жеке)

Оқушыларға өткен сабақпен байланыстырып бірнеше сұрақтар қойылады.

Төмендегі сұрақтар бойынша «Қала – ауылға», «Ауыл – қалаға» сызбасын көрсетеді.

- Қала ауылды немен қамтамасыз етеді?

- Ауыл қалаға не береді?

Оқушылар қала мен ауылдың ерекшеліктерін салыстыра отырып, жеке, кейін ұжымда мысалдар келтіреді.

Бағалау критерийлері:

  • Қала мен ауылдың байланысына мысалдар келтіреді.
  • «Сұрақ – жауап» әдісі (ұжымда)

Мазмұнды суреттер арқылы «туризм», «туризмнің түрлері», «туристік нысандар» туралы ұғымдарды еске түсіреді.

  • «Серуен» ойыны (жұпта)

Оқушылар жұптасып, «серуенге» шығады. Сыныпты аралап, әңгімелеседі. Қоңырау соғылысымен жұптар алмасады.

Әңгімелесу сұрақтары:

  • Демалыс кезінде Қазақстанның қай жерінде болдыңдар? (Қала, ауыл, көрікті жерлер, демалыс орны)
  • Бұл жерге қандай мақсатпен бардындар? (Себеп)
  • Ол жер немен қызықтырды?
  • «Менің өлкем – ең көркем» тапсырмасы (топта)

Әр топ өз облысының картасын, энциклопедия ақпараттарын зерттеп, постер жасайды:

  • Қандай туристік нысандарды атап шығуға болады?
  • Неліктен туристер бұл жерді таңдайды?

Оқушылар көрікті жерін сипаттайды, оны туристік жер ретінде таңдаған себебін айтады.

Зерттеу нәтижелері келесі жұмыстар арқылы көрсетіледі:

1 топ: «Оңтүстік Қазақстан» - «Синквейн құрайды»;

2 топ: «Солтүстік Қазақстан» - «Өлең шығарады»;

3 топ: «Шығыс Қазақстан» - «Жарнама жасайды»;

4 топ: «Батыс Қазақстан» - «Сипаттау мәтінін құрайды».

Бағалау критерийлері:

  • Белгілі бір облыс бойынша туристік нысандарды сипаттайды;
  • «Бәсеке» тапсырмасы (топта)

Оқушылар көрікті жерді рейтингте көрсетеді. Ол үшін топта ақылдасып, стикерлерге өз облыс нысанының танымалдылық бойынша номерін жазып жапсырады. Рейтингтегі нысандар ретінің себебін түсіндіреді.

Бағалау критерийлері:

  • Белгілі бір облыс бойынша туристік нысандар рейтингісін құрады.

Сызбасы бар таратпа парақтары

Сюжетті суреттер

Дид. материалға қараңыз

Қоңырау

Әдістемелік нұсқаулыққа

қараңыз

Туристік карта

ҚР картасы

Энциклопедиялар /Қазақстан еліне сиқырлы саяхат, Шикула и К, 2004ж/

Постерлер, маркерлер

Стикерлер

Облыстар жазылған сызба парағы

Сабақтың соңы

37-40

Рефлексия (жеке):

«3 сәт» стратегиясы.

Оқушылар сабақта естерінде қалған 3 сәтті таратпа параққа жазып, кейіннен ой бөліседі (уақыт тапшы болса, жазып өткізуге болады).

Таратпа парақ

(дидактикалық материалға қараңыз)

Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Оқушылар топтық жұмыста шығармашылық танытады, күрделі сөйлемдерді колданады, өз пікірін білдіреді.

Ресурстар көмегімен, психологиялық тұрғыдан қабылдау әдістері қарастырылған (аудиал, визуал, кинестет).

Фотоға әуестігі бар оқушыларға өзінің туған өлкесінің танымал орындарын фотога түсіріп, фотогаллерея жасауды ұсынуға болады.

Бағалау және кері байланыс беру сабақтың өн бойында жүріп отырады. «Қала мен ауыл» тапсырмасында оқушылардың жазба жауаптарын өзін-өзі тексеру арқылы жүзеге асыруға болады: «Ауыл – қалаға: азық-түлік, шикізат, мақта, т б». «Қала – адамға: трактор, ауылшаруашылыққа қажет заттар т.б». Дұрыс жауапқа «+» белгісі қойылады. Топтық жұмыста әрбір оқушының үлесін қадағалан жөн. Рейтингті негіздеуді өз бақылауыңыз бойынша топтық жұмыста тыс отырған оқушыларға тапсырыңыз.

Оқушылар сынып бөлмесінде қозғалу барысында, топтық жұмыс барысында қауіпсіздік техникасы сақталады.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу