Мен, сен, ол және олар – барлығымыз бір отбасымыз. Дүниетану, 3 сынып, дидактикалық материал.


Дидактикалық материалдар (сабақта берілу ретімен)

  • «Қиялдағы отбасы» тапсырмасына арналған суреттер:

1 топ

2 топ

3 топ

4 топ

  • «Анықта» тапсырмасы

Тапсырамен карточка:

Аты-жөні:

  • Бұл адамдар арасындағы туыстық қатынастарды ауызша түсіндір;
  • Әр туыстық атаулардың астына өз туғандарыңның есімдерін жаз;
  • Тағы қандай туыстық қатынасты анықтайтын атауларды білесің?

....................................................

(атауларды мұнда жаз)

  • «Менің мерейлі отбасым» тақырыбына шағын ой толғау жазуға арналған таратпа парақ

Оқушының аты-жөні: ______________________________________________

«Менің мерейлі отбасым» ______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

____________________________________________________________________________________________________________________________________

Бағалау критерийлері:

  • Туыстық атауларды (3тен артық) біледі және туыстық қатынасты анықтайды;

Сөйлем саны: минимум – 5, максимум -12.

Грамматикалық қателер болмауы тиіс.

  • Рефлексияға арналған таратпа материал:

Сабақ мақсаты

+

(бәрі түсінікті)

-

(түсініксіз)

?

(сұрағым бар)

Туыстық қатынастарды білу

Туыстық қатынастарды анықтау

  • Қосымша ақпарат

 Отбасы – шағын қоғам

 

 Ата, әже, әке, ана, қарындас, іні, әпке – отбасы болып есептеледі. Отбасының басшысы болады. Басшы отбасының бүкіл шаруасын ұйымдастырады. Басқа мүшелеріне қамқорлық көрсетіп, бастарын біріктіреді.Отбасының белгілі тұратын мекен- жайы және өзінің табысына лайықты шаруасы болады. Отбасы мүшелерінің бәрі де өз мүмкіндігінше іс атқарады: оқиды, жұмыс істейді, үй шаруасымен айналысады. Барлығының ортақ ісі- отбасын дұрыс ұстап, әр мүшенің дамуына жағдай жасайды. Отбасындағы шаруа ақылдасып шешіледі. Отбасы табысы да бәріне ортақ. Оның мүшелеріне керегінше жұмсалады. Отбасының ауқатты болуы қоғамға да байланысты. Халық тұрмысының жақсаруы қоғамның өркендеуіне жағдай жасайды. Отбасы туған-туыстармен қарым-қатынаста болады.Ата-ананың ақылымен қарым-қатынас түрлері реттеліп отырады. Қарым- қатынас түрлері көп: қонаққа шақыру, тойға көмек беру, ауырып- сырқағанға көмек беру, кәмелетке келгендерін үйлендіру. Адамның өз басының жұмысынан басқа да осындай қатынастарға үлес қосуы-адамгершілік парызы. Мұндай қатынастар арқылы ағайын, туған- туыс арасындағы адамның өз басының алатын орны айқындалады. Мейірімді болсаң сенен үнемі көмек сұрайды. Керек кезінде саған да көмек береді. Сөйтіп, отбасы шағын қоғамның жұмысын атқарады. 

 Отбасы дегеніміз – бұл мүшелері туыстық қатынаста болып, басқа мүшелеріне қамқорлық көрсетіп, бастарын біріктіретін шағын қоғам.Қоғам дегеніміз – бұл жалпыға бірдей мақсат-міндеттері бар, өмір жағдайлары мен қарым-қатынастары біріктірілген адамдар тобы.

 

 http://kk.convdocs.org/docs/index-273189.html

 

 Отбасы адамға бақыт, толық мәнді тыныс-тіршілік әкеледі. «Үйлену оңай, үй болу қиын»дейді халық мақалы. Отбасының іргетасы ер азамат пен  әйел адамның ақ неке қиып, отау тігуінен құралады.Отбасының басты қазығы, алтын діңгегі бала. Баланың тәрбиелі, жан-жақты болып өсуіне  берекелі, өнегелі, ынтымақты отбасының ықпалы зор. Отбасы ата мен баланың, келін мен ененің және басқа отбасы мүшелерінің жылы қарым-қатынасынан құралады.Отбасы берекелі, тату болу үшін сыйластық, мейірімділік, жанашырлық, бауырмалдық қасиеттер әр адамның жүрегінен орын алуы керек.Балаларын өздерін қоршаған ортаға және қоғамға пайдалы азамат етіп өсіру- ата-ананың ең маңызды міндеті. «Отан оттан басталады» дейді халқымыз. Елдің, ұлттың, жалпыадамзаттың болашағы, даму деңгейі отбасынан басталады.

  •  Отбасы діңгегі –бала, ұрпақ өсіру, оның тәрбиесі.
  •  Отбасылық өнеге махаббатта, сыйластықта, береке мен бірлікте.
  •  Елдің, ұлттың болашағы әр отбасында шешіледі.

 

 Отбасы – адамзаттың алтын ұясы. Адам баласы дүние есігін ашқаннан бастап сол ортаға бейімделіп, ықпалына көніп, ер жетеді. Отбасы - адамзат баласының түп қазығы, алтын ұясы. Бала тәрбиесiнде отбасының алатын орны ерекше. Оны қоғамдық тәрбиенiң қандай саласы болса да алмастыра алмайды. Отбасының негiзгi қызметі баланы өмiрге келтiру ғана емес, оның бойына көне заманнан келе жатқан ұлттық тәрбиенің  тағылымдары мен аға ұрпақтың тәжiрибесiн сiңiру, қоғамға пайдалы жеке тұлға етiп тәрбиелеу болып табылады. Ата-ананың өз борышын мүлтiксiз орындауы – үлкен тәрбие мектебi. Осылайша, адамға тән рухани-адамгершілік сапа-қасиеттерді қалыптастырып, дамытудың негізі ең алдымен отбасында қаланады.

 Бала отбасында әкеден ақыл, анадан мейірім алады. Әке - тірек, ана – жүрек, бала – тілек. Осы бір ғажап тұжырым әке, ана, бала отбасы шағының үш тағаны іспеттес.

 

 https://ust.kz/word/otbasy__baqyt_uyasy-55362.html

 



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу