Мен, сен, ол және олар – барлығымыз бір отбасымыз. Дүниетану, 3 сынып, сабақ жоспары.
Қысқа мерзімді жоспар
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 3-бөлім «Уақыт»
|
| |||||||||||||||||||
Мерзімі: 2-тоқсан |
| |||||||||||||||||||
Сынып: 3 | Қатысқандар: Қатыспағандар саны: | |||||||||||||||||||
Сабақ тақырыбы | Мен, сен, ол және олар – барлығымыз бір отбасымыз | |||||||||||||||||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 3.1.1.1. Отбасы мүшелерінің арасындағы туыстық қатынастарды түсіндіру; | |||||||||||||||||||
Сабақ мақсаттары |
| |||||||||||||||||||
Бағалау критерийлері |
| |||||||||||||||||||
Тілдік мақсаттар | Оқушылар:
Терминология:
Пайдалы сөз тіркестері: Ең жақын туыстар болып ..... саналады. | |||||||||||||||||||
Құндылықтарды дарыту | Өзара көмек көрсетудің, отбасы мүшелерінің арасында түсіністік пен қолдау көрсетудің маңыздылығын түсіну. Ынтымақтастық – біріккен топтық жұмыстан көрінеді. | |||||||||||||||||||
Пәнаралық байланыстар | Қазақ тілі: суреттер бойынша әңгімелер құрастырып, мини-эссе жазады. | |||||||||||||||||||
Алдыңғы меңгерілген білім | Оқушылардың отбасы құндылықтары, отбасылық дәстүр, отбасы ішіндегі туыстық қатынастар байланысы туралы білім негіздері бар. | |||||||||||||||||||
Сабақ барысы | ||||||||||||||||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақта жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | ||||||||||||||||||
Сабақтың басы 0-5
6-7 |
Оқушылардан үйден алып келген суреттерін алуын сұраңыз (отбасылық фотосурет және туыстарының фотосуреттері). Оқушыларды жұптарға бөліңіз. Оқушылар өз жұптарына суреттердегі адамдардың кім екендерін (анасы, атасы, немере ағасы, нағашысы және т.б.) бір-біріне айтулары керек. Болғаннан кейін екі бағанға отбасылық және туыстардың фотосуреттерін бөлек іліп қоюларын сұраңыз. Талқылауға арналған сұрақтар: • Фотосуреттерді қандай белгілер бойынша бөлдіңдер? • «Туысқандық» деген не? • Кімдерді туысқандар деп атайды? • Туысқандармен қарым қатынаста болу керек пе? Не үшін? • Отбасыңның туыстармен қарым қатынастары қандай?
| Әдістемелік нұсқаулыққа қараңыз Фотосуреттер Магниттер Слайд№3 | ||||||||||||||||||
Сабақ ортасы 8-12 13-18 19-29 30-34 |
Оқушылар шеңбер бойымен тұрады. Олар кезекпен мына сұраққа жауап береді: «Сені отбасыңдағы адамдар қалай атайды?» (мысалы, анаң, апаң, ағаң, нағашың және т.б.). Жауаптың нұсқасы: «Анам мені қызым деп атайды». Тек бір ғана жауапқа рұқсат етіледі, ары қарай шеңбер бойымен келесі оқушы жауап беруді жалғастырады. Жауап бере алмай қалған оқушы ойыннан шығады. Бағалау критерийлері:
Оқушыларды 4 топқа бөліп, фотосуреттерді таратыңыз. Оқушылар фотосуреттерге қарап, туыстық қатынастар түсінігін пайдалана отырып, қиялындағы жалған отбасы туралы әңгіме құраулары тиіс. Тапсырманы критерийлерге сай бағалау керек. Бағалау критерийлері:
Оқушыларға адамдар арасындағы туыстық қатынастарды ауызша түсіндіретін тапсырмасы бар карточкалар таратылады. Ары қарай туыстық атауларға өз туысқандарының есімін жазу ұсынылады.
Оқушыларға ой толғау жазу ұсынылады. Ой толғау жазар алдында бағалау критерийлері таныстырылады. (минималды сөйлем саны 6 кем емес) Бағалау критерийлері:
| Әдістемелік нұсқаулыққа қараңыз Фотосуреттер (дидактикалық материалға қараңыз) Тапсырмасы бар карточка (дидактикалық материалға қараңыз) Таратпа парақтар | ||||||||||||||||||
Сабақтың соңы 35-40 | Рефлексия (жеке):
Бірнеше жауаптарды талдауға болады. |
Таратпа парақ (дидактикалық материалға қараңыз) | ||||||||||||||||||
Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | ||||||||||||||||||
Қабілеті жоғары оқушыларға интернет желісінен ұлы адамдардың туыстық қатынастары туралы материалдарды табуды ұсыныңыз. Мысалы: Абай Құнанбаев, Генадий Головкин, Роза Рымбаева және басқалар. Материалды слайд түрінде ұсынсын. Сондай-ақ, қазақ халқының туыстық қатынастары туралы постер жасауды ұсынуға болады. | Бағалау және кері байланыс беру сабақтың өн бойында жүріп отырады. «Қиялдағы отбасы» тапсырмасында топтар бір-бірін критерийлер бойынша бағалайды. «Анықта» тапсырмасында бір ғана оқушының жауабын тыңдап және оны ұжымда талқылауға болады. Ары қарай әр оқушы өз жұмыстарын бағалайды. Эссені мұғалім өзі жазбаша толық пікірлер жаза отырып бағалайды. | Оқушылар сынып бөлмесінде қозғалу барысында, топтық жұмыс барысында қауіпсіздік техникасы сақталады. |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?