Менің ататегім қайдан бастау алады? Дүниетану, 3 сынып, дидактикалық материал.


Дидактикалық материалдар

  • «Кластер құра» тапсырмасы

Ассоциацияға арналған дайын үлгілер

(қарапайым ассоциация):

«Фишбоун»:

Күрделі кластер:

  • «Шежірені оқы» тапсырмасы

Суреті:

  • «Менің шежірем» тапсырмасы

  • «Алақан» рефлексиясына арналған таратпа материал

Қосымша ақпарат:

 Қазақтың төр шежіресі

 Шежіре, (арабша шаджарат — бұтақтармақ) — тарих ғылымының халықтың шығу тегін, таралуын баяндайтын тармағы. Ру, тайпалардың тарихын ұрпақтан ұрпаққа жеткізген, қалыптасқан ресми Шежіре барлық халықтарда кездеседі. РесейГермания,АнглияФранция және көптеген шығыс елдерінде Шежіренің көп томдық жинақтары шыққан. БашқұртөзбектүрікменқырғызСібір халықтарында Шежіре дерек көздері ретінде молынан кездеседі. Шежірені шежіреші қарттар ауызша таратып отырған. Сондықтан оны кейбір ғалымдар далалық ауызша тарихнама (ДАТ) деп те әспеттейді. Кеңес өкіметі заманында Қазақстанда Шежірені зерттеу, оны тарихи дерек ретінде пайдалану идеологиялық саясат әсерінен көп қолға алына қойған жоқ. Дегенмен,Х.АрғынбаевМ.МұқановВ.Востров, т.б. этнолог ғалымдар еңбектері тарапынан ішінара көрініс тапты. Жалпы Шежірені жинақтаған көнекөз қариялардың көмегімен қазақтың ру-тайпаларының өткені туралы біршама мәліметтер алуға болатындығы 18 ғасырда белгілі болды.

 Қазақ халқы балаға 7-9 жасында әкесінен бастап ағайын-туысын, нағашы жұртын, алыс-жақынды таныстыруға, ататегін, руын, ел-жұртын білдіруге ерекше көңіл бөлінген, «Жеті атасын білу» заң болған. Әкесі, атасы балаға тек жеті атасына дейінгі бабаларының атын жаттатып қана қоймай, олардың қандай адам болғанын, ел-жұрты үшін жасаған ерлігі, өнегелі істері жайында әңгіме еткен. Сол арқылы бала ата дәстүрін жалғастырса екен деген мақсат көздеген. «Жеті атасын білген ұл жеті жұртқа жен айтар» деген аталы сөзді арқау етіп, баласына ата тарихын жастайынан жаттатқан. Ел-жұрт тарихын білу ер-азаматты ерлікке, елдікке, Отан сүюшілікке баулитынын білген.

https://tumalas.kz/%D1%88%D0%B5%D0%B6%D1%96%D1%80%D0%B5-%D0%B4%D0%B5%D0%B3%D0%B5%D0%BD%D1%96%D0%BC%D1%96%D0%B7/

 Қазақ хандығына шежіре неге керек болды?

 ХV-ХVІІІ ғасырда қазақ хандығы заманында қазақ хандары өзіне қарасты елдің ру, тайпа шежірелерін жинап, реттеп жаздырып хан ордаларында сақтауды өз дәстүріне айналдырды. Қазақ хандарының әкімшілік басқару жүйесі, жерлік басқару жүйесі емес, ұлыстық басқару жүйесі болатын. Сондықтан қазақ елін, ру, тайпа, ұлыс, жүздерге бөліп басқарғандықтан 200-ден артық ру, тайпалардан құралған қазақ елін билеп басқару үшін хандарға ру шежіресін білуді қажет етті. Нақтылап айтқанда хан басқарған жүйе уәзір, әскери қосын құру, билер белгілеу, ру басшылар белгілеу, қазына алып, салық, рулар, өріс-қоныс, жаз жайлау, қыс қыстау жерлерін белгілеу, рулар ара жер дауы, жесір дауы, құн дауына билік айтуда шежіре білудің маңызы заң білумен бірдей болды. Бұл ру-тайпа шежіресінен сырт ел билеген хандардың нәсілдік шежірелер, сол хан заманында туған ірі оқиғалар жылдарында жаздырып сақтады. Мұндай шежіре Есім хан, Тәуке хан, Әбілмәмбет ұрпақтарында болды. «Жоғарыда айтылған шежірелердің бір бөлімі Жәңгір ханда сақталған. ХVІІІ-ХІХ ғасырларда қазақ хандары қытай еліне барғанда мәдени қатынаста болған. «Қазақ шежіресі» атты кітап мәнжу тілінде Бейжіңдегі хан сарайы архивінде тұр2 . Тарихи, ғылымдық құндылығы жағынан ең құнды мәліметті шежіренің бірін Ш.Құдайбердіұлының «Қазақ, қырғыз һәм хандар шежіресі» араб, парсы, түрік, монғол, орыс, қытай тілдеріндегі мәліметтермен салыстырылып және өз көзқарасы да айтылған. Бұдан қалса тағы бір ғалым Құрманғали Халидов жазған «Тауарих хамса» атты шығармасында өте зор мәлімет бар. Шежірелік деректерді жазып, жинауда Шәкәрім Құдайбердіұлы, Шоқан Уәлиханов, Нұржан Наушабеков, Мұхаметжан Тынышбаев, Мәшһүр Жүсіп Көпеев болды.

http://kazorta.org/aza-shezhiresi-turaly/



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандықтар шетелге қай мезгілде жиірек шығады
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
Пікір жазу