Менің ататегім қайдан бастау алады? Дүниетану, 3 сынып, сабақ жоспары.
Қысқа мерзімді жоспар
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 3-бөлім «Уақыт»
| Мектеп: Физика-математика бағытындағы Назарбаев зияткерлік мектебі, Талдықорған қ. Мұғалім: Курмансеитова Р.М. | ||||||
Мерзімі: 2-тоқсан | Модератор: Сейтахметова Ж.М. | ||||||
Сынып: 3 | Қатысқандар: Қатыспағандар саны: | ||||||
Сабақ тақырыбы | Менің ататегім қайдан бастау алады? | ||||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 3.1.1.2 Әулет шежіресін құру. | ||||||
Сабақ мақсаттары | Оқушылар
| ||||||
Бағалау критерийлері |
| ||||||
Тілдік мақсаттар | Оқушылар:
Терминология:
Талқылауға арналған сұрақтар: - Неліктен өз ататегіңді білу маңызды? Қазақтар неге ататегін әке жағынан таратады? Пайдалы сөз тіркестері: Өз отбасыңның шежіресін білу ..... үшін маңызды. | ||||||
Құндылықтарды дарыту | Патриотизмнің дамуы өз әулетінің шығу тегін білу маңыздылығын түсіну арқылы жүзеге асырылады. Өзара көмек көрсетудің, отбасы мүшелерінің арасында түсіністік пен қолдау көрсетудің маңыздылығын түсіну. | ||||||
Пәнаралық байланыстар | Математика: уақыттың өлшем бірліктері. Бейнелеу өнері: атасы немесе бабасы туралы постер дайындайды. Ана тілі: әңгіме құрастырады. | ||||||
Алдыңғы меңгерілген білім | Оқушылардың отбасы құндылықтары, отбасылық дәстүр, отбасы ішіндегі туыстық қатынастар туралы білім негіздері бар. | ||||||
Сабақ барысы | |||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақта жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | |||||
Сабақтың басы
0-6 7-8 |
Оқушыларға «ШЕЖІРЕ» сөзіне ассоциация құруды ұсыныңыз.
Талқылауға арналған сұрақтар: -Шежіре, ататек деген не? -Сен өзіңнің атаңның, арғы атаңның аты-жөндерін білесің бе? - Өзіңнің жеті атаңды білесің бе?
| Әдістемелік нұсқаулыққа қараңыз Ассоциацияға арналған дайын үлгілер (таратпалар) Слайд №3 | |||||
Сабақ ортасы 8-10 10-15 16-20 21-27 28-36 |
Мұғалім оқушылармен әңгімелесу жүргізеді. «Тектілік» сөзінің қайдан шыққанын түсіндіреді. Қазақ халқында әулеттің шығу тегі мен таралуын шежіре деп атайды. Қазақ халқы ататегін ерлер тарапынан, яғни әке жағынан таратады.
Оқушылар шежіре ағашының суретіне назар аудартыңыз. Олардан ұрпақтар сабақтастығы қалай аталғанын ағаштың төмен жағынан бастап оқуларын сұраңыз. Сондай-ақ, әрқайсысының жанына өз ата-бабаларының есімдерін жазуларын ұсынуға болады.
Оқушыларға журналист болып ойнауды ұсыныңыз. Оқушылар өз қалаулары бойынша жұптарға бөлініп, «Өзіңнің жеті атаңды білесің бе?» деп бір-бірімен сұхбат жүргізулері қажет. Сұхбаттың қорытындысын жасаңыз. Өз ататегі мен отбасылық құндылықтарды құрметтеудің маңызды екендігін атап өтіңіз.
Оқушылар өзінің ата-бабасының есімдерін шежіре ағашына ретімен орналастырады. Жұпта бір- біріне ата – бабаларының есімін орналастыру заңдылығы бойынша пікір алмасады. Талқылауға арналған сұрақтар:
Бағалау критерийлері:
Оқушылар алдын-ала дайындап алып келген ата-бабаларының суреттерін қолдана отырып, постер (фотосуреттерді жабыстырады, қысқаша тарихын жазады) дайындайды да сыныпқа ұсынып, өз әулеті туралы әңгімелейді. Бағалау критерийлері:
| Әдістемелік нұсқаулыққа қараңыз Сурет Әдістемелік нұсқаулыққа қараңыз Шежіре ағашы (үлгі)
Постер, желім, фотосуреттер, маркерлер | |||||
Сабақтың соңы 37-40 | Рефлексия (жеке): «Алақан»
Оқушылар қағаздан киылған алақанның әр саусағына берілген сөйлемдерді аяқтай отыра, өз пікірлерін білдіреді: Мен бүгін білдім ... Менің түсінгенім, ... Мен үйрендім ... Менің қиналғаным ... Мен қалаймын ... «Алалақандарды» тақтаға іліп қояды (бірнешеуін оқып, талдап жіберуге болады). | Қағаздан жасалған алақандар (дидактикалық материалға қараңыз) | |||||
Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | |||||
Қабілеті жоғары оқушыларға интернет көзін пайдалана отырып, қазақ халқының атақты хандарының шежіресін құруды ұсынуға болады (tarikh.kz, e-history.kz). «Менің шежірем» тапсырмасында оқушыларға қолдау көрсету мақсатында дайын шежіре ағашының үлгілерін көрсетуге болады. | Бағалау және кері байланыс беру сабақтың өн бойында жүріп отырады. «Әңгімелеуші» тапсырмасының қорытындысы бойынша сабақ мақсаттарына жету деңгейлерін көруге болады. | Оқушылар сынып бөлмесінде қозғалу барысында, топтық жұмыс барысында қауіпсіздік техникасы сақталады. |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандықтар шетелге қай мезгілде жиірек шығады
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?