Спорт – денсаулық кепілі! Дүниетану, 3 сынып, сабақ жоспары.
Қысқа мерзімді жоспар
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 3-бөлім «Уақыт»
| ||||||||||
Мерзімі: 2-тоқсан | Модератор: Сейтахметова Ж.М. | |||||||||
Сынып: 3 | Қатысқандар: Қатыспағандар саны: | |||||||||
Сабақ тақырыбы | Спорт – денсаулық кепілі! | |||||||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 3.1.4.2 Спорт түрлерін топтастыру, спорттың қандайда бір түрімен айналысу үшін қажетті негізгі және өзінің қабілеттерін анықтау | |||||||||
Сабақ мақсаттары | Оқушылар
| |||||||||
Бағалау критерийлері |
| |||||||||
Тілдік мақсаттар | Оқушылар:
Терминология:
Талқылауға арналған сұрақтар: - Спорттың қандай түрлерінен Қазақстандық спортшылар олимпиада шыңын бағындырды ? Жазуға берілетін тапсырма:
| |||||||||
Құндылықтарды дарыту | Салауатты өмір салтын сақтану өзіне қолайлы спорт түрін таңдап шұғылдануға қадам жасау арқылы көрінеді. Патриотизмді дамыту елімізді әлемге танытқан спортшылар үшін мақтану сезімін тудыру арқылы жүзеге асады. | |||||||||
Пәнаралық байланыстар | Математика: уақыт өлшем бірліктері (минут/секунд). Информатика: ақпараттармен жұмыс. | |||||||||
Алдыңғы меңгерілген білім | Оқушылардың салауатты өмір салтын сақтану маңыздылығы туралы түсініктері бар. Спорт ұғымымен таныс. Кейбір спорт түрлерін атап, сиппаттай алады. | |||||||||
Сабақ барысы | ||||||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақта жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | ||||||||
Сабақтың басы 0-5 6-7 |
Топтағы оқушылар 5 сұрақ дайындайды және оларды жеке парақтарға жазады. Сұрақтар спортпен шұғылданудың және салауатты өмір салтын сақтаудың себептерін анықтауға қатысты болуы керек. Содан кейін бұл парақтар басқа топпен ауыстырылады. Сұрақтарды алған топ, 1 минут талқылап алып, оларға жауап береді. Егер оқушылар сұрақтар құруда қиналса, бірнеше мысалдар келтіріңіз. Топтар өзі құрастырған сұрақтарға алған жауаптарына пікір айта отырып, кері байланыс береді.
| Таратпа қағаз Әдістемелік нұсқаулыққа қараңыз Слайд №3 | ||||||||
Сабақ ортасы 8-18 19-28 29-35 |
- Оқушылар төрт топқа бөлінеді. Әрбір топқа бір спорт түрі бейнеленген суреттер таратылады. Сұрақтарға жауап беруді сұраңыз: - Суреттегі спорт түрін атаңыз. - Суреттер қандай қағидаға сүйеніп топтастырылған деп ойлайсыңдар? - Қысқы және жазғы спорт түрлері арасындағы айырмашылық қандай? - Әр топ сұрақтарға жауап бергеннен кейін өздерінің суреттерін қысқы және жазғы спорт түрлері деп жазылған плакатқа желімдейді.
Оқушылар пікірталас барысында барлық спорт түрлері Олимпиадалық болып табылады деген қорытындыға келеді. Мұғалім оқулықтағы «Сіз білесіз бе?» айдарындағы ақпаратпен таныстырады (31-бет). Бағалау критерийлері:
Оқушыларға еліміздің споршыларының олимпиада ойындарындағы жетісіктері туралы бейнерепортажды көрсету ұсынылады. Тақырыбы: «Бассейнге ем іздеп келіп, Олимпиада чемпионы болған Баландин» Оқушылар видеорепортаж мазмұнын талдайды. Ойлан–Әр оқушы жеке ой (сұраққа жауап т.б.) жазады. Жұппен жұмыс– Оқушылар ойларын (жауаптарын) жұпта біріктіреді. Бөліс– Бірлесе талданған ой немесе жауапты сыныпқа талқылауға ұсынады. Талдауға арналған сұрақтар: - Тағы қандай Қазақстандық спортшыларды білесіңдер? - Олар қандай спорт түрлерімен айналысады? - Олимпиада жеңімпаздарының болғаны ел үшін неге маңызды? - Қалай спортшы болып, еліміздің атағын шығаруға болады? Бағалау критерийлері:
Оқушылардан төмендегі 3 сұраққа ойланып жауап жазуларын сұраңыз: - Сен қай спорт түрін таңдайсың?(таңдадың) Неліктен? - Бұл спорт түрі сенен нені талап етеді? - Қандай нәтижеге қол жеткізгің келеді? Үлгі ретінде екі нұсқаны ұсыныңыз: Жауаптарды ұжымда талдаңыз. | Таратпа қағаз (сұрақтар үшін) (дидактикалық материалға қараңыз) Плакат Суреттер (дидактикалық материалға қараңыз) Желім Әдістемелік нұсқаулыққа қараңыз Видеоға сілтеме: https://www.youtube.com/watch?v=18VBNB0I188 Қазақстан спортшыларының фотопрезентациясы Толтыруға арналған таратпа парақ | ||||||||
Сабақтың соңы 36-40 | Рефлексия (жеке): «Бір сөзбен» стратегиясы Оқушылар шеңберге тұрып, әрқайсысы өзіне қай спорт түрі қолайлы екенін дәлелдеп бір сөйлеммен айтады. Бағалау критерийлері:
|
Микрофон (дидактикалық материалға қараңыз) | ||||||||
Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | ||||||||
Қабілеті жоғары оқушыларға сабақтан тыс уақытта, өз мектебінің спорттық жарыстарға қатысушысынан сұхбат алуды ұсынуға болады. 5сұрақ стратегиясында оқуда кедергісі бар оқушыларды қолдау ретінде мысал сұрақтар ұсынуға болады. | Бағалау және кері байланыс беру сабақтың өн бойында жүріп отырады. «5 сұрақ» стратегиясында оқушыларға кімнен сұрағанын және олар қаншалықты дұрыс жауап бергенін белгілеп отыруды тапсырыңыз. Тапсырма соңында ең көп дұрыс жауап берген оқушыны анықтауға болады. Сабақ соңында спорт түрлерін ажырата алу деңгейлерін білу мақсатында 2 минуттық тапсырма ұсыныңыз. (дид. материалда берілген) | Оқушылар сынып бөлмесінде қозғалу барысында, топтық жұмыс барысында қауіпсіздік техникасы сақталады. |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?