Көшпелілер мен жер өңдеушілер. Дүниетану, 3 сынып, сабақ жоспары.


Қысқа мерзімді жоспар

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

3-бөлім «Уақыт»

Мерзімі: 2-тоқсан

Модератор: Сейтахметова Ж.М.

Сынып: 3

Қатысқандар:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Көшпелілер мен жер өңдеушілер

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

3.3.1.1. Ежелгі адамдардың көшпелі және отырықшы өмір салттарының ерекшеліктерін түсіндіру.

Сабақ мақсаттары

Оқушылар

- көшпелілердің маусымдық жайылымдары мен жер өңдеушілердің өмірлері туралы біледі;

-  Көшпелі және отырықшы өмір салтын ажыратады.

Бағалау критерийлері

- Көшпелі және отырықшы өмір салттарын салыстырмалы түрде талдайды;

- Көшпелілердің маусымдық жайылымдары туралы айтады.

Тілдік мақсаттар

Оқушылар:

- көшпелі және отырықшы өмір салттарының ерекшеліктері туралы айтады;

Терминология:

  • отырықшы және көшпелі өмір сүру салты

Талқылауға арналған сұрақтар:

- көшпелі өмір сүру салтының отырықшы өмір салтынан қандай айырмашылығы бар?

- Көшпелі өмірдің қандай ерекшеліктерін білесіңдер?

-Көшпелілерге маусымдық жайылымдар не үшін қажет болды?

Жазуға берілетін тапсырма:

- көшпелі және отырықшы өмір сүру салттарының айырмашылығын кестеге түсір.

Құндылықтарды дарыту

Патриотизмді дамыту көне бабалар тарихын танып білу арқылы жүзеге асады.

Пәнаралық байланыстар

Математика: уақыт өлшем бірліктері (жыл/ғасыр).

Алдыңғы меңгерілген білім

Оқушылар ежелгі адамдардың өмірі, ежелгі артефактілер және қалалар, отырықшы және көшпелі өмір сүру салты туралы 1 сыныпта «Саяхат» , 2 сыныпта « Салт-дәстүр және әдебиет» тарауларынан оқып танысқан.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақта жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

0-5

6-7

  • «Білемін. Білгім келеді. Білдім» тапсырмасы (жеке, ұжымда)

Оқушыларды бірнеше топтарға бөліңіз. Оқушыларға өздері жеке «Көшпелі және отырықшы өмір салттары туралы не білесің, не білгің келеді?» деген сұраққа жауап бере отырып, кестенің екі бағанын толтыруларын ұсыныңыз:

БІЛЕМІН

БІЛГІМ КЕЛЕДІ

БІЛДІМ

Кейін оқушылар топта өз нұсқаларын талдайды және бір постерге біріктіреді. Әрбір топтың жауаптары ұжымда талданады, тақтаға жалпыланған негізгі жауаптар жазылады.

  • Сабақ мақсатын анықтау (ұжымда)
  • Сабақ тақырыбы мен мақсаты жайлы оқушылардың болжамдары айтылады.
  • Сабақ мақсаты ұсынылады:

- көшпелілердің маусымдық жайылымдары мен жер өңдеушілердің өмірлері туралы біледі;

-  көшпелі және отырықшы өмір салтын ажыратады.

Әдістемелік нұсқаулыққа

қараңыз

Слайд №3

Сабақ ортасы

7-12

13-18

19-23

24-28

29-35

  • «Сызбаны оқы» стратегиясы (ұжымда)

Оқушыларға көшпелілердің маусымдық жайылымдары туралы сызба ұсынылады. Олар сызбаны пайдалана отырып, жыл мезгілдеріне сәйкес көшпелілердің жайылымдарды ауыстыруы туралы әңгімелеу керек.

Жайлау, Көктеу, Күзеу және Қыстау сөздерін сөздіктеріне немесе дәптерлеріне жазып алады. Оқушылар осы сөздердің түбірлеріне қарап, өздері анықтама беріп көреді: Жаз, Көктем, Күз, Қыс.

Бағалау критерийлері:

- Көшпелілердің маусымдық жайылымдары туралы айтады.

  • «Мен - көшпелі» ойыны (ұжымда)

Мұғалім оқушылардың бір бұрышқа жиналуын сұрайды. Бормен шекара сызығын сызады. Осы шекарадан аспай қарапайым гимнастикалық жаттығулар жасау ұсынылады. Қайтадан бастапқы орындарына барып, сол жаттығуларды жасауға тапсырма береді.

Талқылауға берілетін сұрақтар:

-Неліктен сендерге бұрышта жаттығуларды жасау ыңғайсыз болды?

-Жаттығуларды қай жерде жақсы жасадыңдар ?

-Бұл ойын мен көшпелі және отырықшы өмір салтының қандай байланысы бар?

Өзіңді көшпелі өмір салтын ұстанатын адам деп ойла:

-Жайылымды таңдағанда сен бірінші неге назар аударар едің?

- Өзіңнің көшпелі өмір салтыңды сипаттап бер

Оқушылар өз зерттеулеріне сүйеніп, қорытынды жасайды.

Бағалау критерийлері:

- маусымдық жайылымдардың рөлін түсінеді.

  • «Суретші» тапсырмасы (топта)

Оқулықтағы жер өңдеушілер туралы мәтінмен таныстырыңыз. Топта «Жер өңдеушілер немен айналысады?» тақырыбында постер жасап немесе афиша салуларын сұраңыз. Жұмыстың нәтижесі: постерді қорғау.

Бағалау критерийлері:

- жер өңдеушілердің өмір салты туралы біледі;

  • «Көшпелі мен егінші арасындағы әңгіме» тапсырмасы( жұппен)

Жұптағы оқушылар көшпелі және егінші рөлдерін бөліп алуларын сұраңыз. Олар әңгімелесу үшін әрқайсысы 5 сұрақтан жазулары керек. Кейін сол сұрақтарын кестеге (әркім өз бағанына) жазып шығады. Осы кестедегі жазылған сұрақтарға сәйкес жұптар өзара әңгімелеседі.

КӨШПЕЛІ

ЕГІНШІ

Әңгімелесу нәтижесінде жұптар көшпелілер мен егіншілердің айырмашылықтары мен ұқсастығын талқылайды. Мұғалім жұптардың жұмысын бақылайды және тапсырманың соңында кері байланыс береді. Оқушылар нәтижелерін өздері қорытындылайды.

Бағалау критерийлері:

  • Көшпелі және отырықшы өмір салттарын салыстырмалы түрде талдайды.
  • «Тауарыңды сат» тапсырмасы (топта)

Әрбір топқа тауарлар бейнеленген суреттер беріледі. Тауарды «сату» керек. Ол үшін оқушылар тауарын мақтап, мадақтап, жетістігін айтып жарнама жобасын дайындайды (өлең, ән, қойылымдар және т.б.).

Бағалау критерийлері:

  • Көшпелілер мен жер өңдеушілердің өнімдерін біледі;
  • Осы тауарлар қандай мақсатта қолданылатынын түсінеді;
  • Тауарды шығармашылық түрде ұсынады.

Сызба

Әдістемелік нұсқаулыққа

қараңыз

Бор, Сюжетті суреттер

(дидактикалық материалға қараңыз)

Сюжетті суреттер

А3 форматтағы парақтар, маркерлер, түрлі түсті қарындаштар

(дидактикалық материалға қараңыз)

Рөлдерге бөлінген карточкалар

Әңгімелесуге арналған кесте

(дидактикалық материалға қараңыз)

Көшпелілер мен жер өңдеушілердің тауарларының суреттері

Сабақтың соңы

36-40

Рефлексия (жеке):

«Білемін. Білгім келеді. Білдім» тапсырмасы (жеке, ұжымда)

Оқушыларға «Көшпелі және отырықшы өмір салттары туралы не білдің?» деген сұраққа жеке жауап беріп, кестенің үшінші бағанын толтыруларын ұсыныңыз:

БІЛЕМІН

БІЛГІМ КЕЛЕДІ

БІЛДІМ

Содан кейін топтағы оқушылар жауаптарын талқылайды және оларды бір постерде біріктіреді. Әр топтың жауаптары ұжымда талқыланады, ал жалпыланған жауаптар тақтаға жазылады. Сабақты қорытындылайды.

Таратпа парақ

(дидактикалық материалға қараңыз)

Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

«Көшпелі мен егінші арасындағы әңгіме» тапсырмасында оқуда кедергілері бар оқушыларды қолдау мақсатында көшпелі және отырықшы өмір салттары бейнеленген суреттерді беруге болады.

Қабілеті жоғары оқушыларға көрнекі қазақ ғалымы Ш.Уалихановтың «Көшпелі елдің тұрмысында азығы да, сусыны да, киімі де малдан...» деген сөздеріне кем дегенде 5 дәлел келтіру ұсынылады.

Бағалау және кері байланыс беру сабақтың өн бойында жүріп отырады.

Әр тапсырмаға бағалау критерийлері берілген. Оны оқушыларға дайын түрінде беруге немесе оқушылармен бірге талдап жаңа критерийлер құруға болады. Әр тапсырманы критерийлер бойынша қорытындылап, бағалау маңызды.

Оқушылар сынып бөлмесінде қозғалу барысында, топтық жұмыс барысында қауіпсіздік техникасы сақталады.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу