Қазақстанның спорт белестері. Дүниетану, 3 сынып, сабақ жоспары.
Қысқа мерзімді жоспар
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 3-бөлім «Уақыт»
| ||||||
Мерзімі: 2-тоқсан | Модератор: Сейтахметова Ж.М. | |||||
Сынып: 3 | Қатысқандар: Қатыспағандар саны: | |||||
Сабақ тақырыбы | Қазақстанның спорт белестері | |||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 3.1.4.2 Спорт түрлерін топтастыру, спорттың қандайда бір түрімен айналысу үшін қажетті негізгі және өзінің қабілеттерін анықтау | |||||
Сабақ мақсаттары | Оқушылар
| |||||
Бағалау критерийлері |
| |||||
Тілдік мақсаттар | Оқушылар:
Терминология:
Талқылауға арналған сұрақтар: - Спорттың қандай түрлерінен Қазақстандық спортшылар олимпиада шыңын бағындырды ? Жазуға берілетін тапсырма:
| |||||
Құндылықтарды дарыту | Салауатты өмір салтын сақтану өзіне қолайлы спорт түрін таңдап шұғылдануға қадам жасау арқылы көрінеді. Патриотизмді дамыту елімізді әлемге танытқан спортшылар үшін мақтану сезімін тудыру арқылы жүзеге асады. | |||||
Пәнаралық байланыстар | Математика: уақыт өлшем бірліктері (минут/секунд) | |||||
Алдыңғы меңгерілген білім | Оқушылардың салауатты өмір салтын сақтану маңыздылығы туралы түсініктері бар. Спорт ұғымымен таныс. Кейбір спорт түрлерін атап, сиппаттай алады. | |||||
Сабақ барысы | ||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақта жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | ||||
Сабақтың басы 0-3 4-7 8 |
Қысқы олимпиадалық ойындар жайлы бейнематериал көрсетіледі. Тақырыбы: «Қысқы олимпиада ойындарына 6 спорт түрі қосылды»
Оқущылар бейнерепортаж мазмұнын талдайды. Ойлан – әр оқушы жеке ой (сұраққа жауап т.б.) жазады. Жұппен жұмыс – оқушылар ойларын (жауаптарын) жұпта біріктіреді. Бөліс– бірлесе талданған ой немесе жауапты сыныпқа талқылауға ұсынады. Талдауға арналған сұрақтар: - Олимпиаданың басты белгілеріне не жатады? - Бес шеңбер нені білдіреді? -Қысқы олимпиада түрлерін атап көр. -Қандай қысқы жаңа спорт түрлері қосылуда? -Жазғы және қысқы спорт түрлерінде айырмашылық бар ма?
| Видеоға сілтеме: Слайд№2 Слайд №3 | ||||
Сабақ ортасы 9-18 19-28 29-35 |
Оқушыларға сабақ тақырыбы бойынша («Қазақстанның спорт белестері») 5 сұрақ құрастырып (өзі жауабын білетін), кез-келген бес оқушыдан сұрау керек деген тапсырма беріледі. Қолдау ретінде слайдта (немесе таратпа суреттерде) Қазақстан олимпиада чемпиондарының фотосуреттері мен есімдерін жазып көрсетуге болады. Сұрақтар бәйгесін Қазақстанның әлем спортында жеткен жетістіктері туралы әсерлі әңгімемен аяқтаған абзал. Бағалау критерийлері:
- Мұғалім оқушыларды 5 топқа бес шеңбердің түсіне сәйкес бөледі. Топтың әрқайсысына спорттың 3 түрі бейнеленген сурет таратылады. Сұрақтар қою арқылы талқылау жүргізіледі: - Суретте бейнеленген спорттың түрін ата. -Суреттер қандай қағидаға сүйеніп топтастырылған деп ойлайсыңдар?
өздерінің суреттерін олимпиаданың шеңбері бейнеленген плакатқа әкеліп жапсырады. Талқылау барысында суретте берілген спорт түрлерінің барлығы олимпиадалық спорт түрлеріне жататындығын анықтайды.
Бағалау критерийлері:
Оқушылар шеңберге тұрып, әрқайсысы өзіне қай спорт түрі қолайлы екенін дәлелдеп бір сөйлеммен айтады. Бағалау кририйлері: Спорттың өзіне қолайлы түрін таңдап, негіздейді. | Таратпа қағаз (сұрақтар үшін) (дидактикалық материалға қараңыз) Олимпиаданың белгісі бейнеленген (5 шеңберлі) плакат. Әр топқа 3 суреттен (спорт түрлері) (дидактикалық материалға қараңыз) Желім Әдістемелік нұсқаулыққа қараңыз Микрофон | ||||
Сабақтың соңы 36-40 | Рефлексия (жеке): «Бағдаршам» (жеке) «Қызыл» – маған түсініксіз болды; «Сары» – әлі де қайталау керек; «Жасыл»- маған барлығы түсінікті. Оқушылар бағдаршам көздеріне сәйкес дөңгелектерді көтереді. Ұстаз сары және қызыл көтерген оқушыларды әңгімеге тартып, кері байланыс береді. |
Бағдаршам көздері (түрлі түсті дөңгелектер) (дидактикалық материалға қараңыз) | ||||
Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | ||||
Қабілеті жоғары оқушыларға «Менің спортта алар асуларым» тақырыбына ой- толғау жазу тапсырылады. 5 сұрақ стратегиясында оқуда кедергісі бар оқушыларды қолдау ретінде слайдта (немесе таратпа суреттерде) Қазақстан олимпиада чемпиондарының фотосуреттері мен есімдерін жазып көрсетуге болады. | Бағалау және кері байланыс беру сабақтың өн бойында жүріп отырады. «5 сұрақ» стратегиясында оқушыларға кімнен сұрағанын және олар қаншалықты дұрыс жауап бергенін белгілеп отыруды тапсырыңыз. Тапсырма соңында ең көп дұрыс жауап берген оқушыны анықтауға болады. Сабақ соңында спорт түрлерін ажырата алу деңгейлерін білу мақсатында 2 минуттық тапсырма ұсыныңыз. (дид. материалда берілген) | Оқушылар сынып бөлмесінде қозғалу барысында, топтық жұмыс барысында қауіпсіздік техникасы сақталады. |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?