Менің мерейлі отбасым. Дүниетану, 3 сынып, қосымша материал.


Сабақты ұйымдастырудағы әдістемелік нұсқаулар

  • «Фактілер және пікірлер» стратегиясы (ұжымда)

Қазақстандағы 9 мамыр мерекесіндегі фотосуреттер көрсетіледі. Батырларымыздың өшпес ерлігі туралы мағлұматтар беріледі. Оқушылар бірлесіп, талқылау барысында Ұлы Отан соғысы жылдарында жеңісті жақындатқан батырлар деп, тек, ұрыс алаңында ерлікпен шайқасқан әскери адамдарды ғана емес, сонымен қатар, тылда аянбай еңбек еткен еңбек ардагерлерін де мақтанышпен атауға болатынын түсінеді.

  • Мәтінмен жұмыс барысында оқушылар өз отбасы мүшелерінің қарапайым адамын да мақтан тұтуға болатынын ұғынады. Жұпта берілген мәтінді талдап, автордың неліктен өз ата-бабаларын мақтан ететінін анықтайды. Мысалы: Б. Момышұлының «Ұшқан ұя» повесінің үзіндісінен ата-бабаңның ерлігін білу үшін, жеті атаңды білу керек екенін түсінсе, Оралхан Бөкейдің «Апамның астауы» повесінен берілген үзіндіден қарапайым ғана қазақ әйелінің үлкен істерінен үлгі алуға болатынын түсінеді.

«Он бес жасыма дейін Апамның қойнында жаттым; он бес жасыма дейін әкенің, шешенің кім екенін білмей, сол айналайын Апамның тәрбиесінде өстім; он бес жасыма дейін Апамның етегіне жабысып, соңынан қалмай бүлкектеп құлындай еріп ержеттім. Сол кісімен жүрсем, мал сойған үйдің құлағы, тәттісі мен дәмдісі менің аузыма тиетін.

Бүгінде көз алдымда: арық ашаң кемпір, тарамысты мықты саусақтар, ерні мен иегін күйік шалып тыртықтанған әдемі ажар, кимешегінен дудырап шығыңқырап жүретін ақ шалмаған қара бұйра шаш...

Менің көз алдымда: тері илеп, көн тігіп отырған; жүн түтіп, арқан ескен, алаша тоқып, оюлап сырмақ тігіп отырған Апам...

Ертеректе қазақ әйелі не істеу керек болса, түгел қолынан келетін Апам; қазақ әйелінің ғана емес, ер-азамат атқарар істі қара нардай қасқая көтерер Апам.»

  • Мұғалім «Уақыт таспасы» тапсырмасын әр оқушының өз отбасының тарихына сүйене отырып орындауына бағыт береді.
  • Қосымша сілтемелер:

Отбасы жешіресі дегеніміз не?

https://bilimland.kz/kk/courses/education-movies/tema-klassnogo-chasa/lesson/otbasy-shezhiresi-deginimiz-ne

5.11сек

  • «Мәңгілік полк» фотосуреттері Алматы 2016 ж.

http://otyrar.kz/wp-content/uploads/2014/05/MG_4426.jpg

  • Уақыт таспасы мысалдары

https://fs00.infourok.ru/images/doc/224/24688/18/hello_html_m3fc7f2d7.gif

  • Әдеби көркем шығармалардан үзінділер.

Б. Момышұлы «Ұшқан ұя»

Оралхан Бөкей «Апамның астауы».

 Отбасы – шағын қоғам

 

 Ата, әже, әке, ана, қарындас, іні, әпке – отбасы болып есептеледі. Отбасының басшысы болады. Басшы отбасының бүкіл шаруасын ұйымдастырады. Басқа мүшелеріне қамқорлық көрсетіп, бастарын біріктіреді.

 Отбасының белгілі тұратын мекен- жайы және өзінің табысына лайықты шаруасы болады. Отбасы мүшелерінің бәрі де өз мүмкіндігінше іс атқарады: оқиды, жұмыс істейді, үй шаруасымен айналысады. Барлығының ортақ ісі- отбасын дұрыс ұстап, әр мүшенің дамуына жағдай жасайды. Отбасындағы шаруа ақылдасып шешіледі. Отбасы табысы да бәріне ортақ. Оның мүшелеріне керегінше жұмсалады. Отбасының ауқатты болуы қоғамға да байланысты. Халық тұрмысының жақсаруы қоғамның өркендеуіне жағдай жасайды. Отбасы туған-туыстармен қарым-қатынаста болады.Ата-ананың ақылымен қарым-қатынас түрлері реттеліп отырады. Қарым- қатынас түрлері көп: қонаққа шақыру, тойға көмек беру, ауырып- сырқағанға көмек беру, кәмелетке келгендерін үйлендіру. Адамның өз басының жұмысынан басқа да осындай қатынастарға үлес қосуы-адамгершілік парызы. Мұндай қатынастар арқылы ағайын, туған- туыс арасындағы адамның өз басының алатын орны айқындалады. Мейірімді болсаң сенен үнемі көмек сұрайды. Керек кезінде саған да көмек береді. Сөйтіп, отбасы шағын қоғамның жұмысын атқарады. 

 Отбасы дегеніміз – бұл мүшелері туыстық қатынаста болып, басқа мүшелеріне қамқорлық көрсетіп, бастарын біріктіретін шағын қоғам.Қоғам дегеніміз – бұл жалпыға бірдей мақсат-міндеттері бар, өмір жағдайлары мен қарым-қатынастары біріктірілген адамдар тобы.

 

 http://kk.convdocs.org/docs/index-273189.html



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандықтар шетелге қай мезгілде жиірек шығады
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
Пікір жазу