Халық айтса – қалып айтпайды. Дүниетану, 3 сынып, сабақ жоспары.


Қысқа мерзімді жоспар

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

3-бөлім «Уақыт»

Мерзімі: 2-тоқсан

Модератор: Сейтахметова Ж.М.

Сынып: 3

Қатысқандар:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Халық айтса –қалып айтпайды

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

3.2.2.2. Қолайсыз ауа-райы жағдайдағы өзін-өзі ұстау ережесін құру

Сабақ мақсаттары

Оқушылар

  • Ауа-райын халық болжамдарына сүйеніп анықтайды;
  • Қолайсыз ауа-райы жағдайында қауіпсіздік ережелерін құрады.

Бағалау критерийлері

  • Қолайсыз ауа-райын анықтайтын халық болжамдарын біледі;
  • Қыс мезгілінің қолайсыз ауа-райы жағдайларын атай алады;
  • Қыс мезгілінде қолайсыз ауа-райы жағдайларына қауіпсіздік ережелерін құрастырады.

Тілдік мақсаттар

Оқушылар:

  • Қолайсыз ауа райы жағдайындағы кауіпсіздік ережелері жайлы әңгімелейді;

Терминология:

  • Халық болжамдары

Талқылауға арналған сұрақтар:

  • Қолайсыз ауа райынында қауіпсіздік ережелерін сақтау маңыздылығын дәлелде.

Жазуға берілетін тапсырма:

-қолайсыз ауа райы жағдайында өзін ұстау ережелерінің жаднамасын құрау.

Құндылықтарды дарыту

Қауіпсіздік және азаматтық борыш – өзінің және өзгенің өмірі мен қауіпсіздігіне жауапкершілікпен қарауды тәрбиелеу.

Пәнаралық байланыстар

Математика: уақыт өлшем бірліктері (ай, мезгіл, жыл)

Алдыңғы меңгерілген білім

Оқушылардың ауа-райы, климат, климаттық белдеулер туралы алғашқы түсініктері бар. Қолайлы және қолайсыз ауа-райын ажырата алады. Қолайсыз ауа-райында өзін-өзі ұстау ережелерін құру тәжірибелері бар.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақта жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

0-3

4-6

7-8

  • Жасырынбақ (ұжымда)

Ұстаз оқушыларға сынып бөлмесінің әр жерінде сөздер жазылған парақтар жасырынғанын айтады. Оқушылар барлық парақтарды тауып, сөйлем құрап тақтаға ілуі керек.

Жауабы:

Қарлығаштар су үстін бауырлай, төмен ұшса, жел соғып, жаңбыр жауады.

  • Талқылау (Ұжымда)

Тақтада ілінген сөйлем бойынша талқылау жүреді:

  • Қандай тұжырым шықты?
  • Тұжырымның ғылыми негізі бар ма?
  • Тұжырымды кім айтты деп ойлайсың? Ғалымдар ма әлде көпті көрген халық па?
  • Болжам деп нені айтамыз?
  • Тағы қандай ауа-райына қатысты халық болжамдарын білесіңдер?
  • Сабақ мақсатын анықтау (ұжымда)
  • Сабақ тақырыбы мен мақсаты жайлы оқушылардың болжамдары айтылады.
  • Сабақ мақсаты ұсынылады:
  • Ауа-райын халық болжамдарына сүйеніп анықтау;
  • Қолайсыз ауа-райы жағдайында қауіпсіздік ережелерін құрау.

сөздер жазылған парақтар (дидактикалық материалға қараңыз)

Слайд №3

Слайд №4

Сабақ ортасы

9-12

13-16

17-26

27-36

  • «Болжау» стратегиясы (ұжымда)

- Ауа-райын қандай халық болжамдарына сүйеніп анықтай аласыңдар? Оқушылар өз ойларын ортаға салады. Халық болжамдары жазылған қағаздар таратылып, айтылған болжамдармен салыстырады.

- Халық болжамдары немен байланысты?

- Ауа-райын алдын ала болжау қажеттілігі неден туындады?

- Қазіргі уақытта біз халық болжамдарына сүйенеміз бе?

«Келесі күнгі ауа-райының қандай болатынын алдын ала білу бізге не үшін қажет?» деген сұрақ төңірегінде пікір алмасады, қорытынды жасайды.

Бағалау критерийлері:

  • Қолайсыз ауа-райын анықтайтын халық болжамдарын біледі.
  • Бейнематериал көрсету (топта)

Қолайсыз ауа-райы туралы бейнематериал көрсетіледі.

Талқылау сұрақтары:

- Қолайсыз ауа-райы сипаттары қандай?

-Пайда болу себебі қандай?

-Бұндай ауа-райы жағдайында өзіңді қалай ұстайсың?

- Төтенше жағдай қызметкері болсаң жұртқа қандай кеңес берер едің?

Видеоматериал бойынша қорытынды жасалады.

  • Жаднама құрастыру (жеке, жұпта, топта)

Оқушылар «Қолайсыз ауа-райы жағдайдағы өзін-өзі ұстау ережелері» жаднамасын бейнефильм мәліметтері негізінде жеке-жеке құрастырады.

Жұпта оқып, талдайды. Бір жаднамаға біріктіреді.

Топта жұптың бірлескен жұмысы тыңдалады. Топ ішінде талқылау жүріп, ең үздігі таңдалады.

Бірлесіп сыныптың жаднамасы жасалады.

Бағалау критерийлері:

  • Қыс мезгілінің қолайсыз ауа-райы жағдайларын атай алады;
  • Қыс мезгілінде қолайсыз ауа-райы жағдайларына қауіпсіздік ережелерін құрастырады.
  • «Қос жазба күнделігі» тапсырмасы (топта)

Оқушылар қыс мезгіліндегі қолайсыз ауа-райы жағдайларын анықтап, кестені толтырады:

1топ: қатты аяз;

2 топ: боран;

3топ: тайғақ;

4топ: қардың еруі.

Қолайсыз ауа-райы жағдайлары

Қолайсыз ауа-райы жағдайында өзін-өзі ұстау ережесі

Бағалау критерийлері:

  • Қыс мезгілінің қолайсыз ауа-райы жағдайларын атай алады;
  • Қыс мезгілінде қолайсыз ауа-райы жағдайларына қауіпсіздік ережелерін құрастырады.

Халық болжамдары жазылған парақтар

Қысқы ауа райының қолайсыздығы туралы бейне материал: https://www.youtube.com/watch?v=K2YbXdY8teU

Жаднама таратпа парағы

(дидактикалық материалға қараңыз)

Таратпа кесте (әр топқа)

Әдістемелік

нұсқаулыққа

қараңыз

Сабақтың соңы

37-40

Рефлексия (жеке):

Оқушыларға сауалнама толтыру ұсынылады.

Аты-жөні:

Сабақта мен жұмыс жасадым:

  • Белсенді
  • белсенді емес

Сабақтағы жұмысыма:

  • көңілім толады
  • көңілім толмайды

Мен үшін сабақ:

  • жылдам өтті
  • бітіп бермеді

Сабақтан соң

  • шаршадым
  • шаршаған жоқпын

Көңіл-күйім:

  • тамаша
  • жоқ

Сабақтағы ақпарат:

  • түсінікті
  • түсініксіз
  • пайдалы
  • пайдасыз
  • жеңіл
  • ауыр
  • қызықты
  • қызықты емес

Сабақ бойынша түйін: (бір сөйлеммен түсінгенің)

Сұрақтарың болса:

Бірнеше жауаптарды талдауға болады.

Таратпа парақ

Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Қабілеті жоғары оқушыларға бір күнгі ауа-райына бақылау жүргізу немесе халық болжамдарын қамтитын шағын альбом жасау ұсынылады. Қолдау көрсету мақсатында жаднама құрастыру барысында кейбір оқушыларға үлгі таратуға болады.

Бағалау және кері байланыс беру сабақтың өн бойында жүріп отырады. Сабақ мақсатына жету деңгейн бағалауға арналған негізгі тапсырмалар: «Жаднама құрастыру» және «Қосжазба күнделігі». Сонымен қатар, оқушыларға арнайы тапсырма ұсынуға болады: қатты жел сипаттамасын жазу, қатты жел кезіндегі қауіпсіздік ережелерін таңдап белгілеу (дидактикалық материалға қараңыз).

Оқушылар сынып бөлмесінде қозғалу барысында, топтық жұмыс барысында қауіпсіздік техникасы сақталады.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу