Ұлы дала халқы. Дүниетану, 3 сынып, қосымша материал.
Сабақты ұйымдастырудағы әдістемелік нұсқаулар
- Түркі халықтарының ұлттық киімдері, тулары бейнеленген суреттер дайындалады.
Түрік тілдес халықтар: Қазақтар, өзбектер, татарлар, азербайжандықтар, тувалар, қырғыздар, түркімендер, башқұрттар, ұйғырлар, чуваштар т.б.
- Мұғалім «Көшпенділер» ойынын өткізеді. Оқушылар ойын барысында ежелгі түркі халықтарының көшпелі өмір салтының себебін анықтайды. Ежелгі түркі халықтарының қолөнері туралы түрлі дереккөздерді зерделеу арқылы, көне түркі халықтарының ескерткіштерін сипаттап, тарихи мұраларды сақтаудың маңыздылығын түсінеді.
- Теориялық ақпарат:
- Көшпелі өмір салты- табиғаттағы маусымдық өзгерістерге, жайылымның азаюына байланысты халықтың малын далалар мен жартылай шөлейт, шөлді мекендердегі белгілі жолдармен жүйелі қоныс аудара жаюы.
- Отырықшы өмір салты- көшпелі өмір салтына қарама-қарсы ұғым, яғни,бір орында тұрақты мекен ету (халық, тайпа).
- «Түркілер - түркі халықтарының этнолингвистикалық тобының жалпыланған атауы». Олар Еуразияның ¼-ін қамтитын үлкен аумақта мекен етеді. Түркілердің Отаны - Орталық Азия. «Түрік» этнонимінің алғашқы есімі б.э. 6 ғасырына жатады. (Түрік қағанатының пайда болуы) Әлемдік тарихта түркілер мемлекет пен империяның негізін қалаушылар, шебер малшылар және аса шебер жауынгерлер ретінде танымал ретінд. Түркілер сонымен қатар темір өндіру, қару-жарақ пен әшекейлер жасау, сәулет, сауда және поэзия салаларымен де танымал болды.
- Көшпелі өмір салты мен отырықшы өмір салтының айрмашылығына байланысты кестеден және «Түркі өнері» тапсырма нәтижесі арқылы оқушының білімі бағаланады.
Жауаптары:
Көшпелі өмір салты. | Отырықшы өмір салты. |
Бір орыннан екінші орынға көшіп-қонып жүрді | Бір орында өмір сүрді |
Тез жиналатын үйлерде өмір сүрді (киіз үй) | Сауда-саттықпен айналысты |
Мал шаруашылығымен айналысты | Жер өндірді |
- Қосымша сілтемелер:
№ | Тақырыбы | Сілтеме | ұзақтығы |
1 | Түркі мемлекеттері | https://bilimland.kz/kk/courses/dunie-zhuzi-tarixy/turki-xalyqtary/lesson/turki-memleketteri | 2.54 |
2 | Түркі халықтары | https://bilimland.kz/kk/courses/dunie-zhuzi-tarixy/turki-xalyqtary/lesson/orta-hasyrlardahy-turki-xalyqtary | 1.53 |
3 | Ежелгі түркі халықтарының жазба ескерткіштері | https://bilimland.kz/kk/courses/dunie-zhuzi-tarixy/turki-xalyqtary/lesson/ezhelgi-turki-xalyqtarynyng-zhazba-eskertkishteri | 2.29 |
- Түрік қағанатының картасы: http://i.2dip.su/%D1%80%D0%B5%D1%84%D0%B5%D1%80%D0%B0%D1%82%D1%8B/images/lcfbuq7375145.png
- Үзенгі, ер тоқым,киіз үй, көне түрік жазбалары суреттері:
http://i.ebayimg.com/00/s/NzU4WDc3Nw==/z/so0AAOSwPhdVFcLD/$_3.jpg
http://www.mln.kz/sites/default/files/jpg_1052.jpg?1416908450
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?