Отбасым – бақыт мекенім. Дүниетану, 3 сынып, сабақ жоспары.
Қысқа мерзімді жоспар
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 2-бөлім «Адамгершілік»
| Мектеп: | ||||||||||||||
Мерзімі: 1-тоқсан | Модератор: Сейтахметова Ж.М. | ||||||||||||||
Сынып: 3 | Қатысқандар: Қатыспағандар саны: | ||||||||||||||
Сабақ тақырыбы | Отбасым – бақыт мекенім | ||||||||||||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 3.1.1.3 Өз отбасының құндылықтарын анықтау. 3.1.2.3 Қоғамда өзін-өзі ұстау әдеп нормаларын ұсыну. | ||||||||||||||
Сабақ мақсаттары | Оқушылар
| ||||||||||||||
Бағалау критерийлері |
| ||||||||||||||
Тілдік мақсаттар | Оқушылар:
Терминология:
Талқылауға арналған сұрақтар:
Жазуға берілетін тапсырма:
| ||||||||||||||
Құндылықтарды дарыту | Сыйластық – отбасы мүшелерінің бір-бірін қолдауын, көмек көрсетуін түсіну арқылы жүзеге асады. Ынтымақтастық– бірлесе жұмыс жасай білуден көрінеді. | ||||||||||||||
Пәнаралық байланыстар | Қазақ тілі: байланыстырып сөйлеу дағдыларын дамыту | ||||||||||||||
Алдыңғы меңгерілген білім | Оқушылардың отбасы, отбасы құндылықтары мен дәстүрлері, туыстық қатынастар туралы білім негіздері бар. | ||||||||||||||
Сабақ барысы | |||||||||||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақта жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | |||||||||||||
Сабақтың басы 0-3
4-9 10 |
Оқушылар берілген әріптерді қатыстырып, сөз құрайды. О Т С А Ы Б – ОТБАСЫ Құрылған сөзді айтады.
-Оқушылар шеңбер бойымен отбасы сөзін қатыстырып, сөйлем құрайды, немесе отбасы туралы мақал-мәтел айтуына болады. -Оқушылар шеңберде тұрып, өз отбасы туралы бір сөйлемнен айтады.
-өз отбасыңның құндылықтарын анықтаймыз; - Отбасы және қоғамда өзін –өзі ұстау ережелерін құрамыз. | Қима әріптер Слайд №3 | |||||||||||||
Сабақ ортасы 11-14 15-19 20-30 31-36 |
-Мұғалім топтарға «құндылық» сөзін талқылауға береді. Оқушылар топпен ойласа отырып, «құндылық» сөзінің мағынасын ашады. Өз пікірлерімен бөліседі. Мұғалім әрбір пікірін тыңдап, жауаптарының дұрыс не бұрыс екендігін анықтау үшін тақтадағы суретке назар аударуларын сұрайды. -Отбасылық сурет көрсетіледі. Тапсырма: Отбасына сипаттама бер. -Суретте не бейнеленген? -Отбасы мүшелерінің іс әрекетіне назар аудар. Бұл қандай отбасы деп ойлайсың? Неліктен? Оқушылар суретте бейнеленген іс –әрекетті сипаттайды. Өз пікірлерін ортаға салады. Оқушылардың жауаптары негізінде анықталған отбасылық құндылықтар тізімі тақтаға жазылып отырады.
Оқушылар тақтада жазылған отбасылық құндылықтың ішінде ең маңызды деген 4 құндылықты таңдап алып, қима қағаздарға жазады. Қима қағаздар бүктеліп, «жеребе» таңдалады. Әрбір топ өзіне берілген отбасылық құндылықты анықтайтындай қойылым ұйымдастырады. Қойылым соңына «көрермен» топ қандай отбасылық құндылықты көрсетендерін анықтауы қажет. Бағалау критерийлері:
-Мұғалім оқушыларға сурет қиындыларын / бөліктерін таратып береді. Мұғалім рұқсат берген кезде әрбір оқушы суреттің келесі бөліктерін (жалғасын) тауып, тұтас сурет құрастырулары керек. -Құрастырған сурет бойынша оқушылар бір топқа бірігеді. -Топтық жұмыс тапсырмасы: 1 топ:отбасы әдеп нормаларына ереже құрастыру. 2 топ:қоғамдық көлік әдеп нормаларына ереже құрастыру. 3 топ: театрдағы әдеп нормаларына ереже құрастыру. Әрбір топ өз жұмыстарын қорғайды, қажеттілігіне қарай түзеулер мен толықтырулар енгізіледі. Бағалау критерийлері:
| Әдістемелік нұсқаулыққа қараңыз Сюжетті сурет (дидактикалық материалға қараңыз) Әдістемелік нұсқаулыққа қараңыз
Қима қағаздар Бағалауға арналған стикерлер Маркерлер Әр топқа арналған суреттер (дидактикалық материалға қараңыз) | |||||||||||||
Сабақтың соңы 37-40 | Рефлексия (жеке): Оқушылар берілген кестені толтырып,ұстазға өткізеді:
|
Таратпа парақ Әдістемелік нұсқаулыққа қараңыз | |||||||||||||
Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | |||||||||||||
Қабілетті оқушылар өз топтарындағы жетекші рольдер және проблемаларды шешу бойынша іс-әрекетке толығымен қатысу арқылы біршама күрделі тапсырмалар алады. Сабақ барысындағы әртүрлі сипаттағы тапсырмалар оқушылардың әртүрлі қабілеттерін көрсете алуына жағдай туғызады.(Мысалы, қойылым қою актерлік қабілеті бар балаларға ұнайды) | Бағалау және кері байланыс беру сабақтың өн бойында жүріп отырады. «Ізден. Ойлан. Құрастыр. Анықта». тапсырмасы «Басбармақ» стратегиясы бойынша өзара бағаланады.(жоғары көтеру – барлығы түсінікті, қырындату – сұрақ бар; төмен көрсету – көмек қажет) Оқушылардың білімдерін бағалау олардың жауаптарын тыңдау арқылы, сондай-ақ оқушылармен жұптық және топтық жұмыстар барысында бақылау және сапалы кері байланыс беру арқылы жүзеге асады. | Оқушылар сынып бөлмесінде қозғалу барысында, топтық жұмыс барысында қауіпсіздік техникасы сақталады. |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?