Ата заң – мемлекеттің негізі. Дүниетану, 3 сынып, қосымша материал.


Сабақты ұйымдастырудағы әдістемелік нұсқаулар

  • «Бұлақ» (Ручеек) ойыны Балалар жұпқа бөлініп, қолдарынан ұстасып, бір-бірінің артына тұрып қолдарын жоғарыға көтереді. Ойынды жүргізуші тоннельден өтіп бара жатып, бір баланы қолынан ұстап әкетеді, екеуі жылғаның соңына барып, жұп құрады. Ал, жұпсыз қалған бала, басына жүгіріп барып, ішке кіріп, өзіне біреуді таңдап алып соңына барып тұрады. http://84.astana-bilim.kz/

Ойын осылай жалғаса береді. Соңында оқушылар кіммен қол ұстасты, сол оқушымен жұп болып жұмыс жасайды.

  • «Үш қадамды сұхбат» стратегиясында оқушылар жұпқа бөлінеді. А оқушы Б оқушыдан, В оқушы Г оқушыдан сұхбат алады. Жұптарымен ауысады. А оқушы Г оқушымен, В оқушы Б оқушымен жағдаяттан шығу туралы ойларымен бөліседі. Төртеуі бірігіп жағдаяттан шығу жолдарын ойластырып, ұжымға айтады. «Өзіңді сыныпқа келдім деп ойла. Сыныпта мұғалім жоқ. Сен не істер едің?» жағдаяты оқушылардың өзін-өзі реттеу, өз бетімен шешім қабылдау, көпшілік ортада өзін сабырлықпен ұстай білу және тәртіп сақтау туралы ойларын білуге көмектеседі. Құрастырылған сынып ережелері осы сыныптың оқушыларының ережесіне айналады. Сынып ережесі мен қоғамдық ережелердің арасындағы байланысты анықтату маңызды. Сыныптың ережесі «ҚР Конституция » ұғымын еңгізуге келесі іс-әрекеттерде қолданылатын болады.
  • Мұғалім оқушыларда Қазақстан Республикасы азаматының құқығы мен міндеті туралы нақты түсінік қалыптасуына назар аударуы қажет.
  • Отбасы және еңбек туралы баптарды алдын ала дайындап қою керек.

18-бап. Әркiмнiң жеке өмiрiне қол сұғылмауына, өзiнiң және отбасының құпиясы болуына, ар-намысы мен абыройлы атының қорғалуына құқығы бар.

24-бап

1. Әркiмнiң еңбек ету бостандығына, қызмет пен кәсiп түрiн еркiн таңдауына құқығы бар.

2. Әркiмнiң қауiпсiздiк пен тазалық талаптарына сай еңбек ету жағдайына, еңбегi үшiн нендей бiр кемсiтусiз сыйақы алуына, сондай-ақ жұмыссыздықтан әлеуметтiк қорғалуға құқығы бар.

27-бап

1.Неке мен отбасы, ана мен әке және бала мемлекеттiң қорғауында болады.

2. Балаларына қамқорлық жасау және оларды тәрбиелеу - ата-ананың етене құқығы әрі мiндетi.

3. Кәмелетке толған еңбекке қабiлеттi балалар еңбекке жарамсыз ата-анасына қамқорлық жасауға мiндеттi.

30-бап

Азаматтардың мемлекеттiк оқу орындарында тегiн орта бiлiм алуына кепiлдiк берiледi. Орта бiлiм алу мiндеттi.

  • Тапсырма орындалу барысында, әрбір оқушы айтылған баптарды есте сақтау қажеттігі ескертіледі.
  • Мектептегі өзін-өзі басқару ұйымы -оқушылардың білім беру мекемелерінің басқару жүйесіне араласу арқылы жалпы адамзаттық құндылықтарға бағытталған, ұйым мүшелерінің қызығушылықтарын, құқықтарын қорғайтын, ерікті, қоғамдық бірлестік.
  • Пайдалы сілтемелер:

1

Қазақстан – ортақ үйіміз

5 тарау

https://bilimland.kz/kk/courses/education-movies/tema-klassnogo-chasa/lesson/qazaqstan-ortaq-ujimiz

06.19



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу