Ата заң – мемлекеттің негізі. Дүниетану, 3 сынып, дидактикалық материал.


Дидактикалық материалдар (сабақта берілу ретімен)

  • «Үш қадамды сұхбат» стратегиясының конвертке салынатын таратпа материалы:

« Өзіңді сыныпқа келдім деп ойла. Сыныпта мұғалім жоқ. Сен не істер едің?»

«Сыныпта мұғалім жоқ болса да тәртіп болу үшін негізгі 3 ережені ұсыныңдар. Осындай ережелер қоғамда бар ма? Олар қалай аталуы мүмкін?»

  • «Т кестесі» стратегиясының таратпа материалы:

ҚҰҚЫҒЫ

МІНДЕТТЕРІ

  • «Талқыла. Дәлелде» тапсырмасының мәтіні:

18-бап.

Әркiмнiң жеке өмiрiне қол сұғылмауына, өзiнiң және отбасының құпиясы болуына, ар-намысы мен абыройлы атының қорғалуына құқығы бар.

24-бап

1. Әркiмнiң еңбек ету бостандығына, қызмет пен кәсiп түрiн еркiн таңдауына құқығы бар.

2. Әркiмнiң қауiпсiздiк пен тазалық талаптарына сай еңбек ету жағдайына, еңбегi үшiн нендей бiр кемсiтусiз сыйақы алуына, сондай-ақ жұмыссыздықтан әлеуметтiк қорғалуға құқығы бар.

27-бап

1.Неке мен отбасы, ана мен әкежәне бала мемлекеттiңқорғауындаболады.

2.Балаларына қамқорлық жасау және оларды тәрбиелеу - ата-ананың етене құқығы әрі мiндетi.

3.Кәмелетке толған еңбекке қабiлеттi балалар еңбекке жарамсыз ата-анасына қамқорлық жасауға мiндеттi.

30-бап

Азаматтардың мемлекеттiк оқу орындарында тегiн орта бiлiм алуына кепiлдiк берiледi. Орта бiлiм алу мiндеттi.

  • «Ата заңым- қорғаным» тақырыбында эссе жазу тапсырмасының таратпа парағы:

Оқушының аты-жөні: ______________________________________________

Ата Заңым – қорғаным

______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________Эссені бағалау критерийлері:

  • Сыныптың өзін-өзі басқару ережелерін біледі;
  • Оқушы құқығы мен міндетін ажырата алады;
  • ҚР Конституциясының баптарын атай алады;
  • ҚР Конституциясының маңызын түсіндіре алады;

Эсседегі сөйлем саны: минимум -5, максимум- 12

Грамматикалық қателер болмауы тиіс.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу