Ауа райы адамдарға қалай әсер етеді? Дүниетану, 3 сынып, сабақ жоспары.
Қысқа мерзімді жоспар
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 1-бөлім «Жанды табиғат»
| Мектеп: | ||||||
Мерзімі: 1-тоқсан | Модератор: Сейтахметова Ж.М. | ||||||
Сынып: 3 | Қатысқандар: Қатыспағандар саны: | ||||||
Сабақ тақырыбы | Ауа райы адамдарға қалай әсер етеді? | ||||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 3.2.3.1 Адамдардың табиғи жағдайларға байланысты орналасуын түсіндіру (рельеф, климат, өсімдік және жануарлар әлемі, су нысандары) 3.2.3.2 геологиялық және табиғи-климаттық апаттар туындаған жағдайдағы өзін-өзі ұстау ережелерін құрастыру 3.2.2.2 ауа-райы қолайсыз жағдайларда өзін-өзі ұстау ережелерін құрастыру | ||||||
Сабақ мақсаттары |
| ||||||
Бағалау критерийлері |
| ||||||
Тілдік мақсаттар | Оқушылар:
Терминология: Катаклизм, геологиялық және ауа райы, климаттық катаклизмдер Пайдалы сөз тіркестер: Адам өмірі мен қызметі ауа райына және климаттық .... Табиғи апаттық жағдайда ең басты қағида- ... | ||||||
Құндылықтарды дарыту | Қауіпсіздік – ауа райының қолайсыз жағдайындағы қауіпсіздік ережелерін құрастыру арқылы жүзеге асады; Сыйластық – бір-бірінің жауабын мұқият тыңдау барысында көрініс табады. Адалдық – галереяны шарлау барысында әділ баға беруге үйрену арқылы жүзеге асады. | ||||||
Пәнаралық байланыстар | География:Катаклизм Геологиялық катаклизм ұғымдары талданады. Қазақ тілі:оқушылар катаклизм түрлерін кірме сөздер ретінде қарастырып, дұрыс жазылуын үйренеді | ||||||
Алдыңғы меңгерілген білім | Оқушыларда қолайлы, қолайсыз табиғи жағдайлар туралы түсінік бар. Ауа райының қолайсыз құбылыстарын біледі. Қауіпсіздік ережелерін құру тәжірибелері бар. | ||||||
Сабақ барысы | |||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақта жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | |||||
Сабақтың басы 0-3
4-5 5-6 |
-қандай табиғат құбылысы жөнінде репортаж? -бұл жағдайдың болуына не әсер етті? -зардабы қандай болды?
-катаклизм ұғымын түсінідіреміз; -ауа райы мен климаттық жағдайлардың адам өміріне әсерін түсіндіреміз; -ауа-райы қолайсыз жағдайларда өзін-өзі ұстау ережелерін құрастырамыз. | Видеокөрсетілім Қазақстан телеарнасы Ресурс: https://www.youtube.com/watch?v=yEWHbJXirpI Презентация Слайд№3 | |||||
Сабақ ортасы 6-12 12-18 19-23 23-27 27-35 |
-Оқушылар 5 топқа бөлінеді. Оларды топқа бөлу үшін 5 қолайсыз табиғат құбылыстарын атау ұсынылады. Атауларды ұстаз тақтаға жазып отырады. Оқушылар ретімен атауларды бір-бірлеп оқиды. Бірдей атауды атаған оқушылар бір топқа жинақталады. Мысалы: найзағай деп оқыған балалар бір топ болады. - Әр топ оқушыларына бір қолайсыз табиғат құбылыс суреті ұсынылады. Оқушылар сол табиғат құбылысын атайды, адам өміріне әсерін сипаттайды, қандай жерлерде (рельеф, климат т.б.) жиі болу қаупі барын әңгімелейді.
Оқушылар оқулықтағы мәтінмен танысқаннан кейін «катаклизм» ұғымына анықтама құрайды. Әр оқушы жеке параққа жазып қасында отырған сыныптасының анықтамасымен салыстырады. Бірнеше анықтама сыныпқа оқылып талданады. Ұстаз дұрыс анықтаманы ұсынады.
Оқушыларға катаклизм түрлері жазылған бос кесте және әр жолақшада жазылған катаклизм түрлері таратылады. Мақсаты: берілген сөздерді кестеге дұрыс орналастырып желімдеу.
Бағалау критерийлері:
Оқушылар 5 топта жұмыстарын жалғастырады. Әр топ 3 әрекет (ережені) сызба, сурет, белгілер арқылы флипчатқа салып безендіреді.( -Егер табиғи апаттық жағдай болған кезде үйде болсаң қандай негізгі 3 әрекет жасайсың?) Әр топ жұмыстарын сынып қабырғаларына іледі. Жұмыс аяқталғаннан кейін оқушылар галереяны шарлап, стикерлер арқылы бағалау жасайды. Бағалау критерийлері:
| Тақта, бор Табиғат құбылыстарының қима суреттері (дидактикалық материалға қараңыз) Жеке парақтар Кесте салынған парақтар, сөздер жазылған жолақтар, желім (дидактикалық материалға қараңыз) Маркер, флипчарттар, скотч, стикерлер (дидактикалық материалға қараңыз) | |||||
Сабақтың соңы 35-40 |
Бағалау критерийлері:
| Микрофон | |||||
Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | |||||
Анықтама құра тапсырмасында оқуда кедергісі бар оқушыларға тірек сөздер беруге болады. Қабілеті жоғары оқушыларға анықтама ғана құрып қоймай, катаклизм түрлері туралы энциклопедиядан ақпарат тауып қысқаша хабарлама жасауды ұсынуға болады. | Бағалау және кері байланыс беру сабақтың өн бойында жүріп отырады. Анықтаманы құр тапсырмасында оқушылар жұпта бір-біріне кері байланыс береді, ұстаздың ұсынған дұрыс анықтамасымен салыстырып өз-іздеріне баға береді. Кестені толтыр тапсырмасын бағалау мақсатында оқулықтағы кестемен салыстыруды ұсынуға болады. Әр дұрыс жауап 1 ұпаймен бағаланса жиыны 12 ұпай жинау қажет. Галереяны шарлау барысында бағалау критерийіне толық сәйкес келетін жұмысты таңдап, өз дауыстарын береді. | Оқушылар сынып бөлмесінде қозғалу барысында, топтық жұмыс барысында қауіпсіздік техникасы сақталады. |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?