Менің табиғи ортадағы қауіпсіздігім. Дүниетану, 3 сынып, қосымша материал.


Сабақты ұйымдастырудағы әдістемелік нұсқаулар

  • «Сюжетті суретті сөйлет» тапсырмасын ұйымдастыру ерекшеліктері

Дидактикалық материалда берілген сюжетті суретті үлкейтіп шығарып тақтаға іліңіз. Тақта алдына барлық оқушыларды шақырыңыз. Қазақ тілі пәнінде өткен мәтін түрлері қандай болады деп сұраңыз. Сыныпты үш топқа бөліп, бірінші топқа көркем сөздермен сипаттау мәтінін, екінші топқа -балалар әрекетіне байланысты әңгімелеу мәтінін; үшінші топқа - балалар әрекетіне баға беріп, пайымдау мәтінін құрауды тапсырыңыз. Мәтіндерді құрау барысында табиғи ортада балаларға қандай қауіп-қатер төнуі мүмкін деген басты сұрақ жөнінде айту керектігін ескертіңіз. Сюжетті суреттің аты мен авторын атап өтіңіз. Картинаны қалай өзгертер едің деген сұрақ қою арқылы оқушы жауабын қауіпсіздік мәселесіне аудартыңыз.

  • «Жалған-шын» әдісі қалыптастырушы бағалауды жүзеге асырудың тиімді стратегияларының бірі. Оқулықтағы мәтінге сүйене отырып, алдымен 7-10 дұрыс тұжырым жазыңыз. Оның жартысын өзгертіп бұрыс пікірге айналдырыңыз. Дайын болған тұжырымдарды араластырып жазыңыз.

Әдісті ұйымдастырудың екі жолы бар:

  • Оқушыларға сигналды карточка таратыңыз: қызыл түс – пікір жалған екенін, жасыл түс – пікір шын екенін білдіреді. Тұжырымдарды бір-бірлеп оқығанда, оқушылар сигналды карточкаларын көтеріп отырады. Бірден өзіңіз қателескен балаларды байқап отырыңыз. Жұмыс аяқталысымен сұрақ-жауап арқылы қателескен оқушылардың пікірлерін өзгертуге жағдай жасаңыз.
  • Жеке парақтар таратып беріңіз. Әр оқушы жеке орындайды. Бір-біріне алмастыру арқылы тақтадағы дұрыс жауаптармен салыстыру арқылы бағалатыңыз.

Ұсынылатын бағалау бағандары:

Ұпайлар

Нәтижесі

7-8

Өте жақсы

5-6

Жақсы

3-4

Орташа

1-2

Төмен

  • «Сиқырлы жәшіктерді» алдын ала дайындаңыз. Жәшіктің сыртына қоқыс жәшігінің, леп және сұрақ белгілерін жапсырыңыз. Суреттері анық әрі көлемді болсын. Оқушыларға әр жәшіктің мағынасын түсіндіріңіз. Сабақ қорытындысы бойынша қоқыс суреті бар жәшікке өзіне артық деп есептеген ақпаратты, леп белгісі бар жәшікке өзіне аса тиімді болған ақпаратты, сұрақ белгісі бар жәшікке түсінбеген, сұрақ тудырған ақпаратты жазып салуы тиіс. Уақыт жеткен жағдайда әр жәшіктен бір-бір стикерді алып, оқып талдап кетуге болады.

Жәшіктегі парақтарды сабақ соңында жинап алып, талдау жасаңыз. Келесі сабақты жоспарлауда ескеріңіз және келесі сабақтың басында сұрақтарға жауап беруді ұмытпаңыз.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу