Менің табиғи ортадағы қауіпсіздігім. Дүниетану, 3 сынып, сабақ жоспары.
Қысқа мерзімді жоспар
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 1-бөлім «Жанды табиғат»
| Мектеп: | ||||||
Мерзімі: 1-тоқсан | Модератор: Сейтахметова Ж.М. | ||||||
Сынып: 3 | Қатысқандар: Қатыспағандар саны: | ||||||
Сабақ тақырыбы | Менің табиғи ортадағы қауіпсіздігім | ||||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 3.2.2.2 ауа-райы қолайсыз жағдайларда өзін-өз іұстау ережелерін құрастыру 3.1.4.3 түрлі дереккөздер негізінде табиғи ортадағы қауіп-қатерлерді анықтау және бағалау 3.1.4.4 табиғи ортадағы өзінің қауіпсіздігін жоспарлау | ||||||
Сабақ мақсаттары |
| ||||||
Бағалау критерийлері |
| ||||||
Тілдік мақсаттар | Оқушылар:
Терминология: Табиғи орта, қауіпсіздік Пайдалы сөз тіркестер: Табиғи ортада адамға төнетін .... Өз қауіпсіздігіңді қамтамасыз ету үшін ... | ||||||
Құндылықтарды дарыту | Үйлесімділік – өздерін табиғаттың бір бөлшегі екенін түсінуден көрінеді; Қауіпсіздік – табиғи ортада қауіпсіздік ережелерін құрастыру арқылы жүзеге асады; | ||||||
Пәнаралық байланыстар | Қазақ тілі: мәтіннің үш түрі: әңгімелеу, сипаттау, пайымдау қолданылады. Ана тілі: Табиғат аясындағы сюжетті суреттерді көркем сөздермен сипаттайды; Жаратылыстану:улы жәндіктер мен шөптер атауларын біледі. | ||||||
Алдыңғы меңгерілген білім | Оқушыларда қолайлы, қолайсыз табиғи жағдайлар туралы түсінік бар. Ауа райының қолайсыз құбылыстарын біледі. Қауіпсіздік ережелерін құру тәжірибелері бар. Геологиялық және климаттық катаклизм түрлерін ажыратады. | ||||||
Сабақ барысы | |||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақта жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | |||||
Сабақтың басы 0-4 5-6 6-7 |
Сюжетті суретті сөйлет -көркем сөздермен сипатта; -балалар әрекетін әңгімеле; -балалар әрекетіне баға беріп, пайымда;
-Табиғи орта ұғымын түсінеміз; -Табиғи ортада қандай қауіп-қатерлер болатынын білеміз және анықтаймыз; -Табиғи ортада өз қауіпсіздігімізді жоспарлауды үйренеміз. | Сюжетті сурет /дидактикалық материалға, әдістемелік нұсқаулыққа қараңыз/ Презентация Слайд№3 | |||||
Сабақ ортасы 8-20 21-24 25-30 31-35 |
-Оқушылар 4 топқа бөлінеді. Әр топ табиғат аясына саяхат жасау керек. Ол үшін төмендегі жоспарда жұмыс жасайды:
Топта 3 сұраққа жауапты қамтитын жазбалар жасалып, сыныптың кез-келген бір бұрышына тығылады. Топтар бір-бірінің жазбасын тауып, оқып толықтырулар еңгізіп қайтарады.
Оқушылар саяхат барысында келесі жағдаяттарды жұпта талдайды: -«Егер мені кене шақса...» -«Егер өзге адамдардың орманда ошақты сөндірмегенін байқасам...» т.б.
Оқулықтың 11 бетіндегі «Есіңде сақта» мәтінін оқушылар мұқият топта оқып, талдап шығады.Мәтіндегі материал негізінде және өзге де ақпарат көздерін пайдаланып саяхатшыға арналған табиғи ортада қауіпсіздік жадынамасын жасайды. Жасалған жадынамаларды әр топ конвертке салып келесі топқа жеткізеді. Өзге топ оқушылары кері байланысын жазып, конвертті иесіне қайта жолдайды. Ұстазбен бірлесе қорытынды жасалады. Бағалау критерийлері:
Оқушыларға дайын тұжырымдар жазылған парақтар таратылады. Егер тұжырым дұрыс болса «шын», қате болса «жалған» деп белгілейді.
Бағалау критерийлері:
| Саяхатшы жазбалары, маркерлер Заттық суреттер Жеке парақтар Энциклопедиялар, газет мақаласының қиындылары, видеоресурстар т.б.
Конверттер (4 дана) Таратпа материал, слайд№ (дидактикалық материалға, әдістемелік нұсқаулыққа қараңыз ) | |||||
Сабақтың соңы 36-40 |
Оқушыларға 3 жәшік және стикерлер ұсынылады. Сабақ қорытындысы бойынша «қоқыс» суреті бар жәшікке өзіне артық деп есептеген ақпаратты, «леп белгісі» бар жәшікке өзіне аса тиімді болған ақпаратты, «сұрақ белгіс» бар жәшікке түсінбеген, сұрақ тудырған ақпаратты жазып салуы тиіс. | Картон жәшіктер -қоқыс суреті бар -леп белгісі бар -сұрақ белгісі бар Стикерлер | |||||
Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | |||||
Қабілеті жоғары оқушыларға улы өсімдіктер мен жәндіктер туралы ақпараттық шолу жасап келу тапсырылады. Оқуда кедергісі бар оқушыларды қолдау үшін №5 тапсырмада қабілеті жоғары оқушымен жұптастыруға болады. | «Жалған-шын» әдісі арқылы оқушылардың табиғи орта ұғымын түсінуі; табиғи ортада қауіп-қатерлерді анықтай білу дағдылары бағаланады. Сиқырлы жәшікті ұйымдастыру арқылы ұстаз келесі сабақты жоспарлауда қандай түсініксіз сұрақтар бар, оқушыларға қандай ақпарат пайдалы, қайсысы пайдасыз болғаны жайлы талдау жасайды. Келесі сабақтың басында сұрақтарды талдаудан бастаған жөн. | Оқушылардың топтық жұмыс барысында қауіпсіздік техникасы сақталады. Табиғи орта аясында қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша білім мен дағды қалыптасады. |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?