Климат және ауа райы. Дүниетану, 3 сынып, қосымша материал.
Сабақты ұйымдастырудағы әдістемелік нұсқаулар
- Топпен жұмыс істеу барысында, «Ауа-райы» туралы білімдерін еске түсіру арқылы, жаңа тақырыпты меңгеруге көпір салынады.
- ББҮ кестесін толтыруға берілген тапсырмалар оқушылардың «Ауа райы» туралы білім деңгейлерін байқап, «Климат» тақырыбына мақсат қоюға жетелейді.
- Климат туралы мәтін оқушылардың ауа райы мен климаттың ұқсастықтары мен айырмашылықтарын ажыратып, өз ойларын нақты жеткізуге мүмкіндік туғызады.
- Картадан Қазақстанның қандай климаттық белдеуде орналасқанын анықтау барысында, картаны оқу дағдылары дамиды. «Дүние жүзінің климаттық белдеулері мен облыстары» картасымен жұмыс жаңа тақырыпты меңгеру деңгейін анықтауға септігін тигізеді.
- Ұстаз климат пен ауа райының айырмашылығын, климаттық белдеулерді және оларды мекендейтін жануарларды жақсы білуі тиіс. Сабақ алдында бір қарап еске түсіріп алған жөн, себебі оқушылар кездейсоқ сұрақ қойып қалуы мүмкін;
- «Сұрақтар тізбесі» стратегиясы (ұжымда)
Толық жауап берілген әр тапсырманы 2 ұпаймен бағалаңыз. Жиыны 8 ұпай жиналуы тиіс. Ұсынылатын бағалау бағандары:
7-8 ұпай | Өте жақсы |
5-6 ұпай | Жақсы |
3-4ұпай | Орташа |
1-2 ұпай | Төмен |
Оқушылардың жұмыстарын парақтарды көршісіне беру арқылы өздеріне тексертіп, бірден кері байланыс беріңіз. Көп қате жіберген оқушыларды бірден байқап, сұрақтар қою арқылы түсінгендеріне көз жеткізіңіз.
Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?