Табиғи жағдайлар және адамның іс- әрекеттері. Дүниетану, 3 сынып, сабақ жоспары.


Қысқа мерзімді жоспар

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

1-бөлім «Жанды табиғат»

Мектеп:

Мерзімі: 1-тоқсан

Модератор: Сейтахметова Ж.М.

Сынып: 3

Қатысқандар:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Табиғи жағдайлар және адамның іс- әрекеттері

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

3.2.3.1 Адамдардың табиғи жағдайларға байланысты орналасуын түсіндіру (рельеф, климат, өсімдік және жануарлар әлемі, су нысандары)

Сабақ мақсаттары

Оқушылар

  • Табиғи жағдайлардың адам қызметіне әсерін түсіндіре алады;

Бағалау критерийлері

  • адам қызметіне табиғи жағдайлардың әсер ету дәлелдерін келтіреді;
  • халықтың әр түрлі қоныстану себебін анықтап, мысал келтіре алады.

Тілдік мақсаттар

Оқушылар:

-табиғи жағдайларға байланысты халықтың орналасу себептерін түсіндіре алады;

- тілдік қорларын қызмет түрлері атауларымен толықтырады;

-ауызша сұрақтар құрастырып, жауап бере алады.

Терминология:

Шаруашылықтар (балық шаруашылығы, мал шаруашылығы т.б.)

Пайдалы сөз тіркестер:

Адам өмірі мен қызметі сол аймақтың климаттық ....

Халықтың қоныстануы табиғи жағдайларға...

Құндылықтарды дарыту

Сыйластық – бір-бірінің жауабын мұқият тыңдау барысында көрініс табады.

Еңбексүйгіштік – әртүрлі шаруашылықта қызмет ететін еңбек иелерін үлгі тұтудан, адал еңбекті бағалаудан көрінеді.

Пәнаралық байланыстар

География: Рельеф, климат, өсімдік және жануарлар әлемі, су нысандары ұғымдары талданады

Экономика: Қазақстандағы шаруашылық түрлері

Алдыңғы меңгерілген білім

Оқушыларда қолайлы, қолайсыз табиғи жағдайлар туралы

түсінік бар. Дүниежүзінде адам көп қоныстанған аймақтарды біледі және оның себебін түсінеді. Кескін картамен жұмыс жасау дағдылары бар.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақта жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

0-3

4

5-9

10

  • Топқа бөліну

Оқушылар туған күндері мен айларының кему ретімен қатарға тұрады. Бірақ дауыстап сөйлеуге рұқсат етілмейді, тек ыммен бір-бірін түсініп орналасады. Тұрып болғаннан кейін әр оқушы өз туған күні мен айын атау арқылы қатар дұрыстығы тексеріледі. Түзетулер еңгізіледі. Оқушылар 1-5 дейн санау арқылы 5 топқа бөлініп жайғасады.

  • Кіріспе әңгіме

Оқушылардың көңіл-күйлері сұралып, сабақ өтуге ҚОЛАЙЛЫ ЖАҒДАЙ туғанын айтылады. Бұл жасанды қолайлы жағдай екені айтылады.

  • «Гүл сыйлау» стратегиясы

Талқылауға ұсынылатын сұрақтар:

-адам өмір сүру үшін қандай табиғи жағдайлар қажет?

-қолайлы табиғи жағдайлар ата;

-қолайсыз табиғи жағдайларды ата;

-мысалдар келтір;

-Полярлық белдеуде адамдар өмір сүру үшін қолайсыз жағдайларды қалай жеңеді?

-Экваторлық белдеуде аса ыстықтан адамдар қалай қорғанады?

-Сенің ойыңша өмір сүруге ең қолайлы белдеу немесе аймақ? Дәлелде.

Т.б.

  • Сабақ мақсатын анықтау(ұжымда)
  • Сабақ тақырыбы мен мақсаты жайлы оқушылардың болжамдары айтылады
  • Сабақ мақсаты ұсынылады:

- табиғи жағдайлардың адам қызметіне әсерін түсінесің;

Әдістемелік нұсқаулықтарға қараңыз

Жасанды гүл немесе гүлдің суреті

Әдістемелік нұсқаулықтарға қараңыз

Слайд№3

Сабақ ортасы

11-14

15-25

26-34

  • Картамен жұмыс (жұпта) «Халықтың орналасуы тығыздығы» картасы ұсынылады.

-Неліктен кейбір аймақтарда халық көп, ал кейбір аймақтарда аз қоныстанған? Оқушылар өткен сабақта алған білімдеріне сүйеніп дәлелдер келтіреді.

  • «Үздік ойлар алаңы» стратегиясы (топта)

Әр топқа суреттер таратылып беріледі. (мақта, балық, мал, астық шаруашылығы)

Талқылауға ұсынылатын сұрақ:

-Бұл шаруашылық түрлері туралы не білесіңдер?

-Бұл шаруашылық түрлері қай аймақтарда басым болады?

-Табиғи жағдайлар адам қызметіне қалай әсер етеді?

Оқушылар суреттер негізінде сұрақтарға жауап іздейді. Өз ойларын ортаға салып, шағын зерттеулер жүргізу арқылы қорытынды шығарады.

Бағалау критерийлері:

  • адам қызметіне табиғи жағдайлардың әсер ету дәлелдерін келтіреді;
  • «Сәйкестендіру» тапсырмасы (жеке)

Қазақстанның физикалық картасымен жұмыс.

Халық шаруашылығы бейнеленген суреттерді физикалық картадағы халықтың орналасуына қатысты сәйкестендіреді. Халықтың әртүрлі қоныстануы және олардың шаруашылығы қолайлы климаттық жағдайларға байланысты екенін талдап, түсіндіреді.

Бағалау критерийлері:

  • адам қызметіне табиғи жағдайлардың әсер ету дәлелдерін келтіреді;
  • халықтың әр түрлі қоныстану себебін анықтап, мысал келтіре алады.

«Халықтың орналасу тығыздығы» картасы

Дәлелдер парағы

Ауыл шаруашылығы бейнеленген суреттер немесе шаруашылық аттары жазылған қағаздар

(дидактикалық материалға қараңыз)

Энциклопедиялар

Интернет сілтеме:

http://farmers.kz

Қазақстанның физикалық картасы

(дидактикалық материалға қараңыз)

Сабақтың соңы

35-40

  • Рефлексия «Екі жұлдыз, бір тілек»

Оқушылар сабақ мақсатына жету бойынша өздерінің әрекетінің екі плюсын және бір минусын (өзіне тілегін) айтады.

Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Қабілеті жоғары оқушыларға Қазақстанда облыстар бойынша халықтың қоныстануы туралы салыстырмалы талдау жасауды ұсыныңыз.

Оқуда кедергісі бар оқушыларға «Сәйкестендіру» тапсырмасында жекелей көмек көрсетіңіз, не болмаса жұптастырып орындатуға болады.

Бағалау және кері байланыс беру сабақтың өн бойында жүріп отырады.

«Гүл сыйлау» стратегиясында қай оқушы сапалы сұрақ қойды, қай оқушы дұрыс/қате жауап бергенін түртіп отырыңыз. Сабақ барысында бірден кері байланыс беріңіз. «Үздік ойлар алаңы» стратегиясында әр сұрақтың толық дұрыс нұсқасын 2 ұпаймен бағалауға болады. 6 ұпай жинаған топ үздік атанады. Топтардың жауаптарын бір-біріне толықтыруға мүмкіндік бере отырып кері байланысты күшейтіңіз.

Оқушылар сынып бөлмесінде қозғалу барысында, топтық жұмыс барысында қауіпсіздік техникасы сақталады.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу