Көне қалаларға саяхат. Дүниетану, 2 сынып, сабақ жоспары.


Қысқа мерзімді жоспар

Пән: дүниетану

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

8-бөлім: Саяхат

Мектеп: Көкшетау қаласындағы физика-математикалық бағыттағы Назарбаев Зияткерлік мектебі

Мерзімі:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 2

Қатысқандар:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

Көне қалаларға саяхат

Осы сабақта қол жеткізілетін

оқу мақсаттары

(оқу бағдарламасына сілтеме)

2.3.1.2 түрлі дереккөздерді зерделеу арқылы көне қалалар мен ескерткіштерді сипаттау

 Сабақтың мақсаттары

Түрлі дереккөздерді зерделеу арқылы көне қалалардың мәдениеті мен тарихын сипаттау

 Бағалау критерийлері

  • Көне қалалар жайлы біледі;
  • Ежелгі атауы мен қазіргі атауын ажыратады;
  • Көне қалаларды сипаттайды;

 Тілдік мақсаттар

 

  • Тарихи жәдігерлер, көне қалалар, ежелгі Қазақстанның мәдениеті

 Құндылықтарды дарыту

Отансүйгіштік, өз елінің тарихын құрметтеу

 Пәнаралық байланыстар

Оқушылар АКТ, ғылымға кіріспе, математика, бейнелеу өнері пәндерімен байланыс орнайды.

 АКТ

Қосымша ақпарат қарастырады

Алдыңғы меңгерілген білім

Қазақстандағы танымал туристік орындар.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақта жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

5 минут

Психологиялық дайындық Мақсаты:сыныпта жайлы ахуал орнату.

(МК,Ұ,Т)«Пазлдар» ойыны

Мақсаты:Ойын арқылы топтарды анықтау.

Оқушылардың әрқайсысына Қазақстандағы танымал туристік орындардың әр түрлі фотосуреттер бөлінген бөлігі таратылады. Мозайканы жинаған соң қай туристік орын екендігін атау қажеттілігі ескертіледі. Осылайша туристік орындардың атауымен бес топ құрылады.

(МК,Ұ) Қазақстанның тарихы туралы бейнеролик тамашалау.

Мақсаты: Оқушылардың қызығушылықтарын арттыру.Сабақтың тақырыбын ашу.

Мақсатын хабарлау, критерийлерді құру.

  • Еліміздің тарихын білу үшін көне қалаларға саяхат жасаймыз.

Сабақ ортасы

30 минут

 

(МК,Т) Көне қалалардың суреттерін таратып беру.

- Бұл қандай қалалар?

- Қалай аталады?

Оқушылар Қазақстан жеріндегі көне қалалар атауымен таныса отырып, қазір қалай аталғандығы жөнінде мағұлмат алады

Көне қала

Қазіргі атауы

Әулиеата

Тараз

Испиджаб

Сайрам

Ясы

Түркістан

Сарай Жүк

Сарайшық

Фараб

Отырар

(Ұ,Т) Көрсетілім бойынша жұмыс

Интерактивті тақта арқылы ежелгі Тараз қаласының тарихымен танысады.

  • Ежелгі Тараз тарихы, орналасуы
  • Тараздағы сауда-саттық жолдары
  • Шаруашылығы
  • Мәдениеті
  • Ескерткіштер

(ЖЖ) «Болжау» стратегиясы

Оқушылардан көне қалаларда кімдер өмір сүрген, немен айналысқан, қандай құрал-жабдықтарды пайдаланған т.б.туралы суреттер бойынша болжауды жұбымен талқылайды.

Бағалау: жұптар бірін –бірі бағалайды

(Ө,Қ)Карточкамен өздік жұмыс

Қорытынды ретінде «Көне құмыра» ертегісі қаралады.

Сұрақтар

бейнеролик

қазақстандағы көне қалаларhttps://www.youtube.com/watch?v=BQPRs-0G7IQ

https://www.youtube.com/watch?v=BQPRs-0G7IQ

ҚБ

Сабақтың соңы

5 минут

Рефлексия.

(Ж) Оқушыларды жұпқа бөлу.

Олар жұптарымен көне қалаларды көргенін не көрмегенін, көргісі келетіндігі туралы бір бірімен талқыласын. Олар жазғы демалысқа шыққанда ата-аналарымен бірге Таразға, Түркістанға және т.б. көне қалаларға саяхат жасауға мүмкіндіктері бар екендігін айтыңыз және өз маршруттарын картаға түсіруін сұраңыз.-Не жайлы білдік?

-Сабақ барысында не қиын болды?

-Не оңайға түсті?

Өзін бағалау

«Жетістік ағашы» оқушылар ағашқа өз жетістіктеріне сәйкес жасыл,сары,қызыл жапырақтарды жабыстырады.

Қима сөздер, суреттер

Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
Пікір жазу