Жергілікті жердің ауа райы. Дүниетану, 2 сынып, сабақ жоспары.


Қысқа мерзімді жоспар

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

7-бөлім: Қоршаған орта

4-ТОҚСАН

Күні:

Сынып:

Мектеп: Көкшетау қ. физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі

Мұғалімнің аты-жөні :

Қатысқандар:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Жергілікті жердің ауа райы

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтемеу)

2.2.2.1 ауа райының адам өмірі мен шаруашылық іс-әрекетіне оң және кері әсерін талдау

Сабақ мақсаттары

Жергілікті жердің ауа райының адам өмірі мен шаруашылығына тигізетін оң және кері әсерін талдау

Бағалау критерилері

  • Жергілікті жердің ауа райының адам өміріне тигізетін оң әсерін анықтады;
  • Шаруашылыққа тигізетін оң әсерін анықтады.
  • Адамдарға тигізетін кері әсерін анықтады.
  • Шаруашылыққа тигізетін кері әсерін анықтады.

 Тілдік мақсаттар

  • Тұман;
  • бұршақ;
  • мұз;
  • табиғи апат;
  • бақылау;
  • жауын өлшегіш;
  • температура;
  • термометр;
  • туризм;

ауа райы болжамы.

 Құндылықтарды дарыту

Еңбек және жауапкершілік.

 қазақстандық патриотизм және азаматтық жауапкершілік;

 - құрмет;

- ынтымақтастық

 Пәнаралық байланыстар

Қазақ тілі, дене шынықтыру, жаратылыстану пәнімен байланысты

Алдыңғы меңгерілген білім

Жер бедері дегеніміз не?

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақта жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Қызығушылықты ұйымдастыру

2 минут

3 мин

  • Ұйымдастыру кезеңі.
  • Мақсаты: оқушыларға психологиялық ахуал тудыру, бір-біріне көмектесе білуге, қоршаған ортаға жақсылық жасауға баулу.

Психологиялық дайындық:

Оқушылар шеңбер құрып, өлең жолдарын оқиды, қимылмен көрсетеді.

Қол алысып, қәне, біз,

Достасайық бәріміз.

Айтарым бар сендерге,

Тез тұрыңдар шеңберге.

Қандай жақсы бір тұру,

Достарменен бір жүру!

Қандай жақсы дос болу!

(Ұ,Ж) Суретпен жұмыс

Мақсаты: суреттердің атауын анықтау арқылы сабақтың тақырыбы мен мақсатын табу.Оқушының қызығушылығын арттыру.

Тақтаға курорттық зоналардың суреттері көрсетіледі де оқушылардан қай курорттық аймақты таңдайтығын сұрайды.

Жылдың 4 мезгілінде де осы аймақтың қайсысына демалуға баруға болатындығы сұралады.

/оқушы жауабы тыңдалады/

Оқушылардың жауаптарын негізге ала отырып, сабақ тақырыбы не туралы болуы мүмкін екендігін сұрайды.

/Оқушылардың жауабы тыңдалады/.

Сабақтың тақырыбы мен мақсатын таныстыру.

Бағалау критерийлерін шығару.

Слайд

Слайд

суреттер

Сабақ басы

3 мин

5 мин

10 мин

10 мин

2 мин

(Ұ)(Ж) проблемалық сұрақ.

Мақсаты: оқушылардың сыни ойлауын дамыту, өз ойын ашық айта отырып, өз сөзін дәлелдей білуге дағдыландыру.

- «Қоршаған орта» ұғымын қалай түсінесіздер?

- «Қоршаған орта» мен ауа-райының арасында қандай байланыс бар?қалай ойлайсыздар?

/Жұптық жұмыс орындалған соң ұжыммен жауаптар өзара талқыланып, ортақ ұғым шығарылады/.

(Ұ)(Ө) - «Ауа райы» сөздігін жасау үшін қандай сөздер пайдалануға болады? Тізімін жазыңыздар.

Мақсаты: оқушылар өздігінен анықтама құру дағдылары дамиды.

/оқушылар өздік жұмыс ретінде жазып, жұппен толықтырады, ортақ сөздік шығарылып, ауа-райының анықтамасы оқылады, жауаптарымен салыстырылады, өз жауаптарымен салыстырылады /.

(Ұ)(Ө) Ауа райын анықтау.

Мақсаты: оқушының байқампаздық, бақылағыштық қабілеттерін дамыту. Зерттеуді күнделікті өмірмен байланыстыру.

Тапсырма: Жегілікті жердің ауа –райын анықтаңыз.

Тапсырма орындалмас бұрын термометр, флюгер құралдарымен таныстыру.

  • Термометрмен таныстыру, жұмыс жасау дағдыларын дамыту.
  • Желді бақылау құралдарын таныстыру.
  • Бүгінгі ауа райының адамдарға және шаруашылыққа әсерін анықтау, өз ойларымен бөліседі.

Тірек сөздер: ыстық, қоңыржай, қоңыр салқын немесе өте салқын, бұлыңғыр, ашық, бұлтты, тұманды немесе ашық, шаруашылыққа әсері, менің ойымша, себебі.

/оқушы жауабы тыңдалып, тиімді ұсыныстар айтқан оқушылар ерекше мадақталып өтіледі/.

(Ұ, Т) суретпен жұмыс.

Мақсаты: Жергілікті жердің ауа-райының өзгерісінен туындаған мәселелерді ортаға сала отырып, азаматтық жауапкершілігін арттыру, проблеманың шығу жолын анықтай білуге дағдылану.

  • Көкшетау қаласының ауа-райының адамдар мен және шаруашылық үшін тигізер оң әсері.
  • Көкшетау қаласының ауа-райының адамдар мен шаруашылыққа кері әсерін анықтау.
  • Көкшетау қаласының ауа-райының адамдар мен шаруашылыққа

тигізер кері әсерін шешу жолдары.

/Әрбір топ берілген тапсырмаға жауап береді, түзетулер мен ұсыныстар ортаға салынады, қорытынды шағарылады/

Бағалау критерийлері бойынша оқушылар өзін-өзі бағалайды.

«Бас бармақ» әдісі арқылы

Слайд

Дәптермен жұмыс

Термометр

Флюгер

Слайд

Слайд

Суреттер

Сабақтың соңы

5 мин

(МК) Кері байланыс.

Жұмысты орындауда не қиын, не жеңіл болды? Неліктен?

+ Мен ................ үйрендім.

-Маған .............. қиын.

Маған сабақтың.........................бөлігі ерекше ұнады. Себебі,..................

«Шығу билеті» оқушылар сабақ бойынша алған білімдерін, нені білгісі келетіндігін шығу билетіне жазып қалдырады.

«Шығу билеті»

Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Қабылдау деңгейі жоғары оқушылар үшін тапсырманы күрделендіру:

Қабілеті жоғары оқушылар ережелерді, сұрақтарды өз бетінше құра алады.

Сергіту сәттерінде, белсенді жұмыс түрлерін өткізуде қауіпсіздік техникасын сақтау

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта дифференциация дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсарту үшін қандай өзгеріс енгізуге болады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылар туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу