Табиғи апаттар. Су тасқыны. Дүниетану, 2 сынып, сабақ жоспары.


Қысқамерзімді жоспар.

Пән: Дүниетану

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

7-бөлім: Қоршаған орта

Мектеп: Талдықорған қаласы

Физика математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 2

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Табиғи апаттар. Су тасқыны

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

2.3 Табиғи жағдайлар және олардың әсері

2.2.3.2 зерттеу негізінде өз өңіріндегі табиғи жағдайлардың (жер бедері, климат, өсімдік және жануарлар әлемі, су нысандары) оң және кері жақтарын талдау

 Сабақтың мақсаттары

 Табиғи апаттарды белгілері бойынша анықтай алып, олар орын

 алған жағдайда тәртіп ережелерін сақтауды үйренеді.

 Бағалау критерийлері

Қауіпті және қолайсыз табиғи құбылыстарды ажыратады

 Тілдік мақсаттар

 

Пәнге тән лексика мен терминология: табиғи апаттар: көшкіннің құлауы, топансу, құрғақшылық, құм борандар

Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер:

«Қоршаған орта» және «табиғи орта» дегендер нені білдіреді’?

  • Бүгін ауа райы қандай?

 Құндылықтарды

 қалыптастыру

Жауапкершілік

 Пәнаралық байланыстар

Математика ,АКТ

Бастапқы білім

Табиғи орта туралы айтарлықтай білімдері бар.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

Психологиялық ахуал тудыру.

«Тез анықта» ойыны

Сөйлемдер

Дұрыс

Қате

1

Мемлекеттік рәміздерді құрметтеу-әрбір азаматтың парызы.

2

Ұшақ жер көлігіне жатады.

3

Жеңіл автокөлікте балалар артқы орындыққа отыруы керек.

4

Қазақстанда 10 облыс бар.

5

Астана-Қазақстанның астанасы.

6

Картада өзен-көлдер жасыл түспен беріледі.

7

Жазықтардың биіктігі 500 метрге дейін жетеді.

8

Табиғи апаттарды адамдардың қатесінен де болады.

Бағалау (өзін-өзі бағалау)

8-7 сұрақ –«5»

6-5- «4»

4 тен төмен –«3»

Бас бармақ әдісімен өзін өзі бағалату

Сыныпқа хат келгенін хабарлау.Оқыту.

-Төтенше жағдайлар зертханасына барамыз.Ол жерде табиғат апаттары,қауіп-қатерлер туралы білеміз.

Оған кіру үшін қамалдың коды керек.

Топтарға табиғат фотосуреттерін тарату, «Үшіншісі артық» ойыны арқылы артық суретті тапқызу

112 санын код ретінде жапсыру.

101,102,103,104 телефондары туралы айту.

Сабақ тақырыбын тапқызу.

Сабақтың ортасы

Сөздік

Қауіп-опасность-danger

Табиғи апат-стихийные бедствия-natural disasters

(Ж) Үй тапсырмасын ішінара тексеру.

51 беттегі кестені тексеріп,оқыту.

(Т) Сыныпты топтарға бөлу

Әр топқа жекелей тапсырма беру.

(Т) 1-топ: Шымбұлақтағы қыс мезгілі мен Астанадағы көктемнің байланысын табады. Картадан Астананы тауып, өзендерін, өсімдіктерін, көлдерін көрсетеді.

2-топ: Қазақстанның астанасы, Астана аталу себебін, көрікті жерлері туралы эссе жазады.

3-топ: Тірек сөздер арқылы туристік орындар, мешіт, ескерткіштер, ғимараттар туралы ой-толғау жазады.

4-топ: Астана қаласының көктемгі фотосуреттерін зерттеп, туристерге арналған жарнама жасайды.

Әр топ жұмыстарын қорғайды, бірін-бірі бағалайды.

(С)(Ж) Бейнефильм көрсету. Қазақтардың бұрынғы және қазіргі кездегі егін егу және жер телімдерін өңдеу жұмыстарын талқылату.. Егін егу, тұқым және дәнді дақылдардың әр алуан түрлері сияқты сөздерді сөздікке қосу. Оқушылардың жерде, отбасылық жайылымдарда немесе жалға алған телімдерде өз отбасыларына көмектесудегі жеке тәжірибесіне сүйенеді.

  • Көктемдегі үйлер
  • Фермалар мен бақтар
  • Спорт пен ойындар
  • Ауа райы
  •  Қауіптер мен қатерлер, мысалы, су тасқыны. (Ұ) (Ө) Астанадағы су тасқыны туралы суретті немесе бейнероликті көрсетіңіз және су тасқынының алдын қалай алуға болатындығын әрі ол орын алған жағдайда не істеу керектігін талқылаңыздар.

(Ж)(Т) Жұптаса жұмыс істей отыра оқушылар көктемдегі Астананың суреттерін талқылайды, зерттейді және толықтырады. Олар картинаның атауынан және бір сөйлемнен тұратын түсініктемеден нені түсінгендіктерін жазады.

(Ұ) Сюжетті суреттермен жұмыс. Суреттерде сел, су тасқыны, топан су, көшкін, нөсер жаңбыр, жер сілкінісі, құмды дауыл бейнеленген. Оқушылар суреттердегі апаттар жайлы бір-бірімен ой бөліседі. Сақтану жолдарын айтады.

(Ұ) (Ө) Танымал демалыс орындарын ата.

Оқушылардан Қазақстанның қандай демалыс орындарында болғаны жайлы сұраңыз. Сол демалыс орындарын суреттеп беруді ұсыныңыз.

  • Неліктен ол орын танымал деп ойлайсың?

Оқушылар бір-бірімен ой бөліседі. Қажеттісін дәптерлеріне жазып алады.

(Ұ) Әр түрлі жазғы демалыс орындары туралы бейнефильм көрсету. Сол жердің ауа-райы және климаты туралы ақпараттық қағаз таратыңыз. Ақпаратты қағазды және суретті пайдаланып, бұл демалыс орындарында қандай қолайсыз және қауіпті табиғи жағдайлар кездесуі мүмкін екенін анықтайды. Мұғалім тақтаға жазып тұрады. Бірлесіп талқылайды.

(Ұ) (Ж) (ҚБ) Зерттеушілік жұмыс. Сынып оқушыларына танымал демалыс орындары және олардың орналасуы туралы шағын зерттеулер жүргізетіндігін хабарлау. Мысалы: Каспий теңізі, Алтай тауы, Бурабай көлі және т.б. Демалыс орындарының кестесін беру.Оқушылар жұпта кестені толтырып, өздері барғысы келетін сүйікті демалыс орнын таңдайды.

Демалыс орны

Демалудың қолайлы жағы

Қолайсыз және қауіп-қатер жағдайлары

Сен білесің бе?

Жануарлар табиғи апатты алдын ала сезе алады.Олар өз әрекетімен адамдарға қауіп болатынын білдіреді.

ҮТ: «Табиғи апаттар кезіндегі» қауіпсіздік ережелерінің жадынамасын жазу.

Дәптерден: 53 беттегі кестені толтыру.

Астананың орналасуын

көрсететін Қазақстанның

картасы (дисплейдегі,

тақтадағы немесе

ноутбуктардағы,

планшеттердегі)

Өзен, аңғарлар, қыраттар,

өсімдіктер зоналарын

көрсететін жергілікті

топографиялық карта

Қазақстандағы,

мүмкіндігінше Астананың

айналасындағы, көктем туралы

бейнеролик

Көктемдегі Астананың

кадрлік топтамасы немес е

суретте р

жинағы (мысалы, үйлер,

шаруашылықтар мен бақтар,

спорт жән еойындар,

климат және т.б.)

Астанадағы су басу

туралы бейнеролик

http://www.youtube.com/watch?v=nuL6WT9wQeI

Сабақтың соңы

Сабақ соңында оқушылар рефлексия жүргізу

- нені білдім, нені үйрендім

- нені толық түсінбедім

- немен жұмысты жалғастыру қажет

Оқушылар өздерінің жұмысы мен сыныптастарының жұмысын белгілі бір критерийлер бойынша бағалай алады

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу