Алпамыс туралы аңыз. Дүниетану, 2 сынып, сабақ жоспары.
Қысқа мерзімді жоспар
Пән: дүниетану Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 6-бөлім: Салт-дәстүр және ауыз әдебиеті | Мектеп: Талдықорған қаласындағы физика-математикалық бағыттағы Назарбаев Зияткерлік мектебі | |||||
Мерзімі: 3 тоқсан | Мұғалімнің аты-жөні: Cейсембаева С.И. | |||||
Сынып: 2 | Қатысқандар: Қатыспағандар саны: | |||||
Сабақ тақырыбы | Алпамыс туралы аңыз | |||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 2.2.4.1 Эпикалық батырлардың келбетін, оның ерліктерін қысқаша сипаттау 2.2.4.2 Қысқаша түрде батырлық әңдер, мифтер, аңыздар мен жырларды айту | |||||
Сабақ мақсаттары | Оқушыларда батыр,эпостық жыр, аңыз, мифтер туралы түсінік қалыптасады. Ұлттық дәстүрге,халық ауыз әдебиетіне деген құрмет сезімдері қалыптасады. | |||||
Бағалау критерийлері | Эпикалық батырдың (мысалы, Алпамыстың) келбеті, мінез – құлқы, ерліктері туралы сипаттап жаза алады. | |||||
Тілдік мақсаттар
| Оқушылар әңгімелеу барысында аңыз, батыр, миф, эпостық жыр, Алпамыс батыр, жыр сөздік қорларын молайтады. | |||||
Құндылықтарды дарыту | Оқушылардың бойында тарихына, еліне, жеріне деген сүйіспеншілік, сыйластық, қамқорлық қасиетері дамиды. | |||||
Пәнаралық байланыстар | Оқушылар | |||||
АКТ | Оқушылар Алпамыс батыр және басқа да батырлар туралы суреттер мен видеолар іздестіреді. | |||||
Алдыңғы меңгерілген білім | Әр заман баырлары тақырыбы бойынша материалдар қарастырылған | |||||
Сабақ барысы | ||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақта жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | ||||
Сабақтың басы 5 минут | (Ұ) Оқушыларға сыныпта жайлы ахуал орнатып, төмендегі сұрақтар қойылады. - Жыр дегеніміз не? -Қандай жырларды білесіңдер? - Батырлар жыры туралы естігендерің бар ма? | http://www.imektep.kz/batirlar-zhiry Батырлар жыры | ||||
Сабақ ортасы 30 минут
| (Ұ) Оқушылар белсенді тақтадан берілген сілтеме бойынша «Алпамыс батыр» мультфильмін дыбыс шығармастан көреді.Оқушыларға көру барысында мульфильмге ат ойлап табу тапсырылады. Содан соң орта тұсына келгенде дыбысы қосылады. (ЖЖ) Жұппен жұмыс. Оқушылар жұптаса мультфильмнің мазмұнын талқылап, ішінен Алпамыс туралы батырды суреттейтін бірнеше тірек сөздер айтулары тапсырылады. Бұдан кейін оқулықпен жұмыс жүргізіледі. Оқушылар Алпамыстың суретіне қарап, оның сырт тұлғасын сипаттайды. Алпамыс батыр өзіне – өзі сенімді, шешім қабылдай алатын ер мінезді батыр. Оның көзқарасы батылдық пен қайсарлықтыкөрсетіп тұрғандай. Үстінде жауынгердің киімі, бір қолында қылыш, екінші қолында өзінің атын құшақтап тұр. (Ұ,ТЖ) Сен білесің бе? Оқушылардан берілген айдарды оқып шығу тапсырылады. Оқушыларға «Келесіге бер» ойынын ойнау ұсынылады. Ол үшін алдын – ала ойыншық ат дайындалып қойылады. Барлық оқушылар шеңбер бойымен тұруларын сұрау. Қолында ойыншығы бар ойынға қатысушы жылқы туралы бір сөйлем айтып, келесі ойыншыға береді. Сөйлем айта алмаған оқушы ойыннан шығып отырады. Ең соңында қалған оқушы жеңімпаз атанады. (Ұ) Мен – жыршымын Оқушылраға кәсіби жыршының аузымен айтылған эпостан үзінді тыңдату. Тыңдап болған соң оқушылардың қалауына қарай бір батырдың ерлігін айтуларын сұрау. Анықта Оқушыларға келесі төрт сәт бойынша төрт сөйлем жазу ұсынылады. БТМЗ формуласы. Б – бағыт (Мен былай деп ойлаймын) Т – түсіндіру (Себебі,...) М – мысал ( Мен былай деп ойлаймын) З – зерттеу ( Осылай болғандықтан, мен мынадай қорытындыға келдім...) Сонымен қатар тек қана батырлар ғана көрнекті тұлға болмайтынын, кез келген адам қайырымдылық жасау арқылы да батыр тұлға бола алатынына назар аударту (Т) Мақалдың мәнін түсіну. Әр топ бір мақалды ребус жасап келесі топқа шешуге береді. Содан соң мақалдың мағынасын түсіндіру керек. Мақал – мәтелдер Ердің атын еңбек шығарады. Батыр бір рет өледі, Қорқақ мың рет өледі. Батыр елі үшін туады, Елі үшін өледі. Жұмы дәптерінде «Менің батырым» тапсырмасын орындау тапсырылады. Өзі таңдап алған батыр туралы қысқаша әңгіме жазады. | Алпамыс батыр. https://www.youtube.com/watch?v=D-VOcOQL1P0 Сұрақтар | ||||
Сабақтың соңы 5 минут | Рефлексия «Сәйкестендір» Оқушыларға батырдың құрал - саймандары туралы суреттер мен қима сөздер беріледі. Суретке сәйкес сөздерді тауып, сәйкестендіріп айтады және қояды. | Қима сөздер, суреттер | ||||
Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | ||||
Оқушылар тақырып бойынша айтқан әңгімелері мен топтық жұмысқа қосқан үлестері үшін мадақталады. | Топтық жұмыста өз ойларымен бөлісуі, батырдың қаруларын білу және сипаттауға байланысты сөздерді білуі бағаланады.
| Сабақ оқушылардың жас ерекшеліктерін ескере отырып жоспарланды. АКТ-да бейнеролик 3 минутқа жоспарланды. Топпен жұмыс кезіндегі қауіпсіздік ережелері түсіндірілді. |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?