Салт-дәстүр және қонақжайлылық. Дүниетану, 2 сынып, сабақ жоспары.


Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

3С бөлім: Мерекелер мен салт-дәстүрлер

Мектеп: Көкшетау қаласындағы

Назарбаев Зияткерлік мектебі

Күні:

Мұғалімніңаты-жөні :Шамиганова Р М

Сынып: 2В

Қатысқандар:20

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы:

Салт-дәстүр және қонақжайлылық

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтемеу)

4. Адам.

Адам тіршілік әрекетінің үдерістері

 Сабақ

 мақсаттары

Қонақ күтуге байланысты салт-дәстүрді талқылай отыра, дәстүрлі мерекелер жайында білу, қонақжайлық ұғымын түсіну.

Жетістік

 критерилері

Егер төмендегі жетістік критерийлерін орындаса ,оқушы оқу мақсатына жетеді

  • Салт-дәстүрлер жайында өз ойымен бөлісе алады.
  • Наурыз мерекесі жайында толық айта алады.
  • Қонақжайлылық жайында өз ойын айта алады.

 Тілдік

 мақсаттар

 

Оқушылар:

дәстүрлі мерекелерді, фестивальдарды және мейрамдарды жүргізілуін зерттей отырып ,пікір білдіреді, талқылайды

іс-шараларға қатысу (ән айту, өлең шығару, сурет салу, би билеу, безендірут.б)

Қазақстандағы мерекелердің атаулары

жылқы өсіру, спорттық жарыстар және ұлттық ойындар

фестивальдар, фейерверктер, дыбыстық және жарықтық безендіру, декорация, дизайн.

нышан, нышанын білдіру, дәстүрлі тағамдар мен киімдердің атаулары.

нышандар мен ою-өрнектерді, әдеп-ғұрып, салт-дәстүрлерді

 

Талқылауға арналған сұрақтар:

Мерекелер өтіп жатқанда кандай сезімде боласыз? (фейерверктер, концерт, сайыстарда)

мерекелер кезінде қандай арнайы тағам мен сусындарды ішіп-жейміз?

Қандай ұлттық ойындарды білесіздер? Сіздер оны ойнауды үйрете аласыздар ма?

Қазақстанда тойланатын Наурыз мерекесі туралы не білесіздер?

айта аласыз ба?

… Наурыз мерекесінде киіз үйді қалай және немен безендіреді?

қазақ халқының қонақжайлылығы туралы не айта аласыздар ?

Жазуға арналған кеңестер:

Мерекені өткізу үшін арнайы заттардың мәзірі мен шақыру тізімімін жазыңыз:

Құндылықтарды

дарыту

 

 

Сыйластық және жауапкершілік, еңбекқорлық

Пәнаралық

байланыстар

Қазақ тілі,дүниетану,өнер

Алдыңғы меңгерілген білім

Оқушылар Қазақстандағы кейбір фестивальдар, мерекелер және салт-дәстүр жайында білуі қажет. Бөлім 1-сыныптағы 3В («Жарық») және 4В «Дыбыс») тақырыбы бойынша оқылған материалға сүйенеді.

Сабақ

барысы

Сабақтың

жоспарланған

кезеңдері

Сабақта жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

Ұйымдастыру кезеңі. Психологиялық ахуал

Туған соң адам боп,

Білімсізден жаман жоқ.

Ел дәстүрін білмесең,

Жұрт айтады надан деп.

Ата-бабаң ардақты,

Жамандыққа бармапты.

Ардай тұтып үлкенді,

Ата жолын жалғапты.

Балалар қалай ойлайсыңдар бүгінгі сабағымыз не жайында болмақшы?

Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы: «Салт-дәстүрлер мен қонақжайлық»

Мақсаты: Қонақ күтуге байланысты салт-дәстүрді талқылай отыра, дәстүрлі мерекелер жайында білу, қонақжайлық ұғымын түсіну.

Жетістік критерийлері:

  • Салт-дәстүрлер жайында өз ойымен бөлісе алады.
  • Наурыз мерекесі жайында толық айта алады.
  • Қонақжайлылық жайында өз ойын айта алады.

Салт-дәстүр суреттері бойынша топтарға бөліну.

1-топ « Бесікке бөлеу»

2-топ «Тұсау кесу»

3-топ «Атқа мінер»

4-топ «Қырқынан шығару»

5-топ «Беташар»

http://www.youtube.com/watch?v=o92QMX1PRd8

Сабақ

ортасы

Қызығушылықты ояту. «Сиқырлы қорап» ойыны ( 5 сұрақ)

Әр топтан 1 оқушы келіп 1 тапсырманы алып, сол тапсырмаларға топпен ауызша жауап берулері керек.

  • Қазақтың қандай салт-дәстүрлерін білесіңдер?
  • Наурыз мерекесі жайында не айтасың?
  • Қандай ұлттық ойындарды білесіңдер?
  • Қазақтың қандай ұлттық киімдерін білесіңдер?
  • Қазақтың қандай ұлттық тағамдарын білесіңдер?

Жұппен жұмыс.

  • Сенің үйіңе қонақ келгенде сен не істейсің?
  • Оқушылардан қонақ күту кезіндегі сезімдері жайлы сұрау.
  • Қонақжайлылықты білдіретін, тарихи мәні бар тағамдардың негізгі құрамымен таныстыру.

Мұғалімнің іс-әрекеті:

Топпен жұмыс.

1-топ «Мерекелік дастархан» постерін жасау.

2-топ « Ұлттық ойындар » постер жасау.

3-топ «Киіз үй» ішін безендіру.

4-топ «Ұлттық киімдерге» постер жасау

5-топ «Қазақтың салт-дәстүрлеріне» постер жасау

Топтар тақтаға шығып қорғайды. Өзара «Бағдаршам» арқылы бағалау жасау

Ойын «Қыз қуу» (1 ұл мен 1 қыз бала мақал-мәтелдер айтып жарысады)

ttps://www.youtube.com/watch?v=c871e5pf3N8

Сабақтың

соңы

Қорытынды. Не үйреніп,не білдік?

  • Сабақта не маңызды болды?
  • Сабақта қандай қиыншылық кездесті?
  • Келесі сабақта не білгілерің келеді?

Денсаулық және қауіпсіздік

техникасының

сақталуы

Дифференциация

деңгейлік тапсырмалар беру

Қалыптастырушы бағалау.

Қауіпсіздік

техникасының

ережелерінен

Кабілеті жоғары оқушылар өз беттері

мен салт-дәстүр мен қонақжайлы

лық жайында іздену.

Оқушылардың қабілеті топта жұмыс істеу барысында бақыланады, мұғалім жазбалар жүргізеді.

Сергіту сәттерімен белсенді іс-әрекет түрлері.

Сабақ бойынша рефлексия

Шеңберге шығу сабақ бойынша кері байланыс жүргізу.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу