Дұрыс тамақтану пирамидасы. Дүниетану, 2 сынып, сабақ жоспары.
Қысқа мерзімді жоспар
Пән: дүниетану Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 8-бөлім «Дені саудың – жаны сау» | Мектеп: Талдықорған қаласындағы физика-математикалық бағыттағы Назарбаев Зияткерлік мектебі | |||||
Мерзімі: 4 тоқсан | Мұғалімнің аты-жөні: Құрмансеитова Р.М. | |||||
Сынып: 2 | Қатысқандар: Қатыспағандар саны: | |||||
Сабақ тақырыбы | Дұрыс тамақтану пирамидасы | |||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 2.4.5.1 Пайдалы және зиянды өнімдерді айыра білу; 2.4.5.2 Салауатты емдәмге қандай тағамдар жататынын түсіну. | |||||
Сабақ мақсаттары | Адам денсаулығына пайдалы өнімдерді таңдаймыз. | |||||
Жетістік критерийлері | Адам денсаулығы үшін пайдалы және зиянды өнімдерді ажырата алады. | |||||
Тілдік мақсаттар
| Дұрыс тамақтануға не кіретіндігін айтады және салауатты өмірдің маңызды екендігін талқылай алады. | |||||
Құндылықтарды дарыту | Қауіпсіздікке, тәртіпке, жаттығуларды орындауға, дұрыс тамақтануға қатысты мектепте және үйде күшті әрі дені сау болуы үшін не қажет екендігін біледі. | |||||
Пәнаралық байланыстар | Ғылымға кіріспе пәндерімен байланысады. | |||||
АКТ | Қарапайым оқу тапсырмаларын өз бетінше шешу үшін бірнеше дереккөздер арасынан қажетті материалды алады. | |||||
Алдыңғы меңгерілген білім | Оқушыларға біздің жануарлар мен өсімдіктерге ұқсайтындығымызды, біз немен тамақтанатынымыз бізге деніміз сау болуға көмектесетіндігі туралы айтылды. | |||||
Сабақ барысы | ||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақта жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | ||||
Сабақтың басы 5 минут | (Ұ)(Ж) Сыныпты шеңбердің бойымен отырғызу. Оқушыларды жұптарға бөліп, әрбір жұпқа нөмір беріледі. Оқушылардан олардың үйінде немесе бау-бақшасында қанша өсімдік бар және неліктен бұл өсімдіктер сау болуы және гүлденіп тұруы керек екендігін сұрау. Олардың өсуіне және сау болуына не көмектесетіндігін сұрау. | Сандар Гүлдер, өсімдіктер | ||||
Сабақ ортасы 30 минут
| (Ұ)(Ж) сыныпқа өсімдіктер немесе жануарлардың суреттері көрсетіледі. Оқушылардан олардың қайсысы жақсы тамақтанатындығын, қайсысы нашар тамақтанатынын және неліктен екендігі сұралады. Нашар тамақтанатын өсімдік немесе жануарға қатысты сұрақтар қою. Оларды тақтаға жазып, жаңа сөздерді сөздік блогына қосу. (Ж) (Қ) Жұптағы оқушылардан пайдалы және зиянды өнімдер туралы ой бөлісіп, талқылау жасауды өтіну. Оларға пайдалы және зиянды өнімдердің суретін салуды, тізімін жасауды,суреттерді екі топқа жіктеуді, пайдалы ас мәзірін жасауды тапсыру. Әр жұп сынып алдында өз ойларымен бөліседі. Олардың идеяларын «салауатты» және «дұрыс емес» деген тақырыптардың астына тақтаға жазу. https://www.youtube.com/watch?v=1OGtxDvmKtA (МК) Сыныпқа дұрыс тамақтану өсімдіктердің, жануарлардың және адамдардың денін сау қылатындығын және олардың өсуіне көмектесетіндігін түсіндіру. Неліктен балаларға дұрыс тамақтану пайдалы екендігін сұрау. Оқушыларға олардың өсіп келе жатқандығын және олардың қазір не жейтіндігі олар өскен кезде қандай болатындығына әсер ететіндігін түсіндіру. (МК) Оқушыларға олар «дұрыс тамақтану» пирамидасын және «салауатты тамақтану» пирамидасын жасайтындықтарын: пирамиданы жасайтын блоктар оны мықты ететіндігін, сондай-ақ біз тамақтанатын тағам түрлері де біздің мықты әрі деніміз сау болып өсуімізге көмектесетіндігін түсіндіру. (Ж) Әрбір жұпқа пирамиданың үлгісін және түсті фигуралардың жинағын таратып беру. Оқушылар бұл фигуралардан пирамида қалай пайда болатындығын көру үшін бірге жұмыс істейді. Олар фигураларды пирамидадағы нақты бір жерге бекітеді. (Қ) Тағам түрлері бейнеленген суреттердің ішінен пайдалы тағамдарды таңдап, пирамидаға орналастырады. (Ұ) Сыныппен олар дұрыс тамақтану туралы қандай маңызды нәрсені білгендігін талқылау. | АКТ
Пирамидалар Әртүрлі тағам суреттері
| ||||
Сабақтың соңы 5 минут | Рефлексия. «Пайдалы және зиянды» Оқушылар тағам түрлерін таңдап, түсіндіре екі бағанға орналастырады. | Суреттер | ||||
Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | ||||
Оқушылар тақырып бойынша айтқан әңгімелері мен топтық жұмысқа қосқан үлестері үшін мадақталады. Қабілеті жоғары оқушылар пирамида құруды басшылыққа алады. | Тағам түрлері бейнеленген суреттердің ішінен пайдалы тағамдарды таңдап, пирамидаға орналастырады. | Сабақ оқушылардың жас ерекшеліктерін ескере отырып жоспарланды. Пирамидамен жұмыс кезіндегі қауіпсіздік ережелері түсіндірілді. |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?