Туристерге арналған саяхат. Дүниетану, 2 сынып, сабақ жоспары.
Қысқа мерзімді жоспар
Пән: дүниетану Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 4 бөлім «Бізді қоршаған әлем» | Мектеп: Талдықорған қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі | |||||
Мерзімі: 2 тоқсан | Мұғалімнің аты-жөні: Құрмансеитова Р.М. | |||||
Сынып: 2 | Қатысқандар: Қатыспағандар саны: | |||||
Сабақ тақырыбы | Туристерге арналған саяхат | |||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 2.1.5.1 Оқушыларға және достарына өзінің көзқарасы мен пікірін білдіру; 2.1.4.2 Жергілікті жердің қарапайым сұлбасын құру 2.1.5.12 Топ немесе ұжым мүшесі ретінде жұмыс істеу қабілетін дамыту. | |||||
Сабақ мақсаттары | Жергілікті жердің көрнекі жерлері туралы білімдері мен көзқарастарын, дүниетанымын кеңейту. | |||||
Жетістік критерийлері | Қоршаған орта, демалыс орындары туралы өз көзқарастарын айта алады. Жергілікті жердің көрнекті орындарын біледі. | |||||
Тілдік мақсаттар
| Туған жер, туған өлке, атамекен, демалыс орындары, туристер | |||||
Құндылықтарды дарыту | Отанға, туған жерге деген сүйіспеншілік, мақтаныш пен құрмет сезімі қалыптасады. Бос уақытты тиімді ұйымдастыра біледі. | |||||
Пәнаралық байланыстар | «Менің өлкем» тақырыбында әңгімелеу кезінде қазақ тілі және әдебиеті пәнімен байланысады. Өнер пәні кіріктіріледі. | |||||
АКТ | Оқушылар өз таныстырылымдарын PowerPoint бағдарламасында қорғайды; Қаламыздың көрнекті жерлері туралы бейнебаяндар, суреттер көрсетіледі. | |||||
Алдыңғы меңгерілген білім | Әлеуметтік жауапкершіліктің маңыздылығын туралы түсінді. | |||||
Сабақ барысы | ||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақта жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | ||||
Сабақтың басы 5 минут | (Ұ) Оқушылар көңілді шеңберге жиналады. Қойылған сұрақтарға ақылдаса отырып, жауаптар іздейді. -Халықтың демалуы үшін берілген апта күні? -Бұл күннен басқа демалыс уақытын қай кезде ұйымдастыруға болады? -Сіздер күн тәртібіне демалыс уақытын қай кезге қоясыздар? Бос уақыттарыңызды қалай ұйымдастырасыздар? -Қаламызға демалуға келген туристерге қандай жерлерді көрсетуге болар еді?
(Ж) Оқушылардан демалыстың ең жақсы күндерін естеріне түсіруін сұрау.
|
| ||||
Сабақ ортасы 30 минут
|
(Ж,Қ) Оқушылардан туристер тобына өздері тұратын жер мен өңір туралы не айта алатындарын ойлануды ұсыну. (Дифф.) Оқушыларға сурет бойынша зерттеу жүргізетіндерін және осы ауданға туристерді тарту үшін қандай презентация жасауға болатынын ұсыну. (Т,Қ) Сыныпты топтарға бөлу. Оқушылардан туристерді қайда апаруға болатынын, ол жерде не көрсете алатындарын таңдап алып, ол туралы ақпарат іздеу үшін АКТ-да жұмыс ұсынылады. Оқушыларға әр топ өздерінің тармақтары үшін туристік ақпараты бар үлгі постермен PowerPoint-та слайдтар дайындайтынын айту. Топтар туристерге көрсету үшін қайсы элементті қолдануға болатынын оның мүшелері арасында талқылайды және таңдайды.
Әр топ сыныпқа өз слайдын көрсетеді. Баруға болатын жерлердің және сол жерде нені көруге және не істеуге болатын әңгімелейді. | Суреттер, бейнебаяндар АКТ | ||||
Сабақтың соңы 5 минут | Рефлексия «Мен өз қаламдағы көп демалыс орындарды тани білдім»- деген оқушылар ортаға шығады. |
| ||||
Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | ||||
Оқушылардың тақырып бойынша әңгімелері мен қосқан үлестері мадақталып, сабақ соңында естелік суреттер беріледі. Қабілеті жоғары оқушыларға сурет бойынша зерттеу жүргізетіндері ұсынылады. | Топпен жұмыс барысында оқушылардың әңгімесі сырттай тыңдалынады. Қаламыздағы көрнекті жерлерді көп білетін оқушының дүниетанымы бағаланады. | Сабақ оқушылардың жас ерекшеліктерін ескере отырып жоспарланды. Партада отыру кезінде денені тік ұстап, арқасын орындықтың жақтауына тигізіп отыру ескертілді. АКТ мен топпен жұмыс кезіндегі қауіпсіздік ережелері түсіндірілді. |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?