Отбасылық мерекелер. Дүниетану, 2 сынып, сабақ жоспары.
Қысқа мерзімді жоспар
Пән: дүниетану Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 3-бөлім «Менің отбасым және достарым» | Мектеп: Талдықорған қаласындағы физика-математикалық бағыттағы Назарбаев Зияткерлік мектебі | |||||
Мерзімі: 2 тоқсан | Мұғалімнің аты-жөні: Құрмансеитова Р.М. | |||||
Сынып: 2 | Қатысқандар: Қатыспағандар саны: | |||||
Сабақ тақырыбы | Отбасылық мерекелер | |||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 2.4.1.2 Отбасының әрбір мүшесі міндетінің маңыздылығын түсіну; 2.4.6.3 Жанұялық дәстүрлерді құрмет тұту; | |||||
Сабақ мақсаттары | Оқушыларда үйлену тойы туралы түсінік қалыптасады. Ұлттық дәстүрге құрмет сезімдері қалыптасады. | |||||
Жетістік критерийлері | Отбасы мүшелерінің арасындағы қамқорлықтың маңыздылығы туралы ойын айта алады немесе өз өмірінен мысал келтіреді. | |||||
Тілдік мақсаттар
| Оқушылар әңгімелеу барысында күйеу жігіт, қалыңдық, құда, құдағи, туыс, асаба, сәукеле, жар-жар, беташар, домбыра, музыка, би, ойын, дастархан, құттықтау, тойбастар сөздерін қолдана отырып, сөздік қорларын молайтады. | |||||
Құндылықтарды дарыту | Оқушылардың бойында отбасына деген сүйіспеншілік, сыйластық, қамқорлық қасиетері дамиды. | |||||
Пәнаралық байланыстар | Оқушылар әңгіме барысында тойға қанша адам жиналатынын есептейді. Үзінді көру және суретпен жұмыс кезінде өнермен байланыс жүзеге асады. | |||||
АКТ | Оқушылар әр ұлт өкілдерінің үйлену тойы туралы суреттер мен видеолар іздестіреді. | |||||
Алдыңғы меңгерілген білім | Отбасылық әдет-ғұрыптар мен салт-дәстүрлер туралы түсінік алды. | |||||
Сабақ барысы | ||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақта жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | ||||
Сабақтың басы 5 минут | (Ұ) Оқушылар шеңберде отырып жақын арада болған отбасылық мерекелер туралы әңгімелейді. | |||||
Сабақ ортасы 30 минут
| (Ұ) Оқушыларға үйлену тойынан үзінді көрсетіледі. Оқушылар болып жатқан шаралар туралы айтады. Яғни, жар-жар, беташар, музыка, би, ойын, дастархан, құттықтау сөздер т.б. Тойға байланысты жеке сөздерді үш тілде айтып үйренеді. (Ұ) Оқушылардан кімнің үйлену тойында болғанын сұрау. Үйлену тойы кезінде не болғанын сипаттаумен осы тақырыпқа әңгімелесу. (Ж, Қ) Оқушыларды жұпқа бөлу. Әрбір жұп блиц-сұрақ алуға қатысатын оқушыға үйлену тойы туралы қима қағазға жазылған бір сұрақтан қояды. Блиц-сұрақ алуға қатысатын оқушы сұрақтарға жауап береді. -Тойдан бұрын болатын қандай дәстүрлерді білесің? /Құда түсу, сырға салу/ -Қалыңдықтың бас киімі қалай аталады? /Сәукеле/ -Күйеу жігіт пен қалыңдықтың ата-аналарын кім дейді? /Құда-құдағи/ -Той басталар алдында қандай ән айтылады? /Жар-жар/ -Асаба қалыңдыққа арналған қандай жыр айтады? /Беташар/ Оқушылар қазақтың үйлену тойлары туралы ой-пікірлермен лексиканы жинақтайды. (Т, Қ) (Дифф.) Әр топқа үйлену тойының суреттерін зерттеуге уақыт беріледі. /Оқушылар қай ұлттың тойы екенін өздері анықтауы тиіс/ Туыстардың маңыздылығы мен рөлін талқылау ұсынылады. Тойда білдіретін тілектерді айтады. Қабілеті жоғары оқушылар сырттай бақылап, көп үлес қосып отырған оқушыларды анықтауға көмектеседі. Мысалы: жақын туыстар, алыс туыстар, достары. Әр топ тапсырманы қорғау барысында тойдың ұқсастықтары мен айырмашылықтарын айтады. | http://kivvi.kz/watch/gku93um736m8/ Сұрақтар | ||||
Сабақтың соңы 5 минут | Рефлексия «Топтастыр» Оқушыларға отбасылық мерекелер туралы суреттер мен қима сөздер беріледі. Суретке сәйкес сөздерді тауып, топтастырып қояды. | Қима сөздер | ||||
Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | ||||
Оқушылар тақырып бойынша айтқан әңгімелері мен топтық жұмысқа қосқан үлестері үшін мадақталады. Қабілеті жоғары оқушылар топты сырттай бақылап, көп үлес қосып отырған оқушыларды анықтауға көмектеседі. | Топтық жұмыста өз ойларымен бөлісуі, үйлену тойына байланысты сөздерді білуі бағаланады.
| Сабақ оқушылардың жас ерекшеліктерін ескере отырып жоспарланды. АКТ-да бейнеролик 3 минутқа жоспарланды. Топпен жұмыс кезіндегі қауіпсіздік ережелері түсіндірілді. |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?