Отбасындағы қамқорлық. Дүниетану, 2 сынып, сабақ жоспары.
Қысқа мерзімді жоспар
Пән: дүниетану Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 2-бөлім «Менің отбасым және достарым» | Физика-математикалық бағыттағы Назарбаев Зияткерлік мектебі | |||||
Мерзімі: | Мұғалімнің аты-жөні: Сабитова А.С. | |||||
Сынып: 2 | Қатысқандар: Қатыспағандар саны: | |||||
Сабақ тақырыбы | Отбасындағы қамқорлық | |||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 2.1.1.3 Түрлі дереккөздерді зерттеу арқылы жалпыға ортақ әдеп нормаларын анықтау | |||||
Сабақ мақсаттары | Отбасындағы қамқорлық жайлы әңгімелесеміз және этикалық нормалар жайлы ой бөлісеміз. | |||||
Жетістік критерийлері | Отбасы мүшелерінің арасындағы қамқорлықтың маңыздылығы туралы ойын айта алады немесе өз өмірінен мысал келтіреді. | |||||
Тілдік мақсаттар
| Этикалық норма, қамқорлық және мақал мәтелдердің ұғымы. | |||||
Құндылықтарды дарыту | Оқушылардың бойында отбасына деген сүйіспеншілік, сыйластық, қамқорлық қасиетері дамиды. | |||||
Пәнаралық байланыстар | Өзін өзі тану, қазақ тілі пәндері | |||||
АКТ | Интерактивті тақтада жазып, сызып көрсетеді. | |||||
Алдыңғы меңгерілген білім | Отбасылық әдет-ғұрыптар мен салт-дәстүрлер туралы түсінік алды. | |||||
Сабақ барысы | ||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақта жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | ||||
Сабақтың басы 5минут | Таңғы шеңбер Қуанамын мен е, Қуанасың сен де, Қуанамыз бәріміз Арайлап атқан күнге. Сабақтың тақырыбы мен мақсатын хабарлау. Отбасындағы қамқорлық Отбасындағы қамқорлық жайлы әңгімелесеміз және этикалық нормалар жайлы ой бөлісеміз. Бағалау критерийлерін құрастыру | |||||
Сабақ ортасы 30 минут
| (ЖЖ) Әр оқушы жұпта отбасылық альбомдарының таныстырылымын жасайды.
(Ұ Ж) «Автор орындығы» стртегиясы. Бір оқушы автор орындығына отырады. Қалған оқушылар отбасы тақырыбында сұрақтар қояды. (Ұ Ж) «Қос шеңбер» стратегиясы. Оқушылар ішкі және сыртқы шеңберге бөлініп тұрады. Ішкі шеңбер сұрақ қояды, сыртқысы жауап береді. Сыртқы шеңбердегі оқушылар жылжып отырады, ішкі шеңбердегі оқушылар қойған барлық сұраққа жауап береді. Сұрақтардың тақырыптан ауытқымауы керек. (ТЖ) «Менің ойымша,...» стратегиясы Нұсқаулық:
Топтарға берілген мақал мәтелдер:
Жамандықтың белгісі. Өзгені де ойлаған, Адамдықтың белгісі.(ӨЖ) «Қайырымдылық» тақырыбына сэнквейн құрастыру. | Сұрақтар Бейнеролик «Мерейлі отбасы» Таратпа материалдар | ||||
Сабақтың соңы 5 минут | Рефлексия Өз алақанын қағазға бастырып, өз отбасына тілегін жазады. | |||||
Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | ||||
Оқушылар тақырып бойынша айтқан әңгімелері мен топтық жұмысқа қосқан үлестері үшін мадақталады. Қабілеті жоғары оқушылар топты сырттай бақылап, көп үлес қосып отырған оқушыларды анықтауға көмектеседі. | Топтық жұмыста өз ойларымен бөлісуі, үйлену тойына байланысты сөздерді білуі бағаланады.
| Сабақ оқушылардың жас ерекшеліктерін ескере отырып жоспарланды. АКТ-да бейнеролик 3 минутқа жоспарланды. Топпен жұмыс кезіндегі қауіпсіздік ережелері түсіндірілді. |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?