Мектеп өмірі. Дүниетану, 2 сынып, сабақ жоспары.


Қысқа мерзімді жоспар

Пән аты: Дүниетану

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

1-бөлім: Өзім туралы.

Мектеп: Талдықорған қаласы Назарбаев Зияткерлік мектебі

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні : Сейсембаева С.И.

Сынып: 2

Қатысқандар:18

Қатыспағандар саны: 0

Сабақ тақырыбы

Мектеп өмірі

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары

2.4.3.1 Адамдардың өзіне қарым- қатынасын мойындау, түсіну және бағалау

2.4.3.1 Мектеп қоғамдастығының маңыздылығын түсіну және мектеп ұжымының барлық мүшелеріне құрметпен қарау

2.4.2.1 Мектеп ұжымының барлық мүшелеріне құрметпен қарау

2.4.2.2 Мектеп, сыныптың және сыныптан тыс өміріне қатысудың маңыздылығын түсіну.

 Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар істей алады:

Өз мектебін біледі. Мектеп қоғамдатығының барлық мүшелеріне қрметпен қарауды түсінеді.

Оқушылардың көпшілігі істей алады:

Сыныптан тыс үйірмелерге қатсудың маңздылығын түсінеді.

Кейбір оқушылар істей алады:

Өз ойын тұжырымдап, дәлелдей алады.

 Бағалау критерийлері

Мектеп және сыныптан тыс үйірме түрлерін атай алады.

 Тілдік мақсат

 

Хореография, жүзу, спорт үйірмелері, теннис, джиу – джитсу, домбыра, драма.

 Құндылықтарды дарыту

 

 

Сабақ барсында оқушылардың бір – бірін тыңдау, көмектесу, бірлесіп тапсырма орындау, диалогтық сөйлесу мәдениеті,мектебіне және мектептегі барлық қызметкерлерге құрметпен қарауды түсінеді, сүйіспеншілік қалыптасады.

 Пәнаралық байланыстар

Оқушылармен сабақ барсында сергіту сәтінде би билеу арқылы өнер сабағымен байланыс. Презентация көрсету арқылы АКТ пайдалану. Қазақ тілі және әдебиет сабақтары

Алдыңғы меңгерілген білім

Отан, туған жер, патриот.

«Мен еліммен мақтанамын» тақырыбы

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақта жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

(Ұ) Оқушыларды шеңбер құру.

Мектебің – алтын ұя жарқыраған,Ұстазың – бұлақ көзі сарқыраған.Шыңдалып, шыңға қарай қанат қақтың,Шарықта, жас қыраным, ақ жол саған.

Жалғасын тап ойыны:

(Ж) Жұппен жұмыс. Жұптасып төмендегі сұрақтарға жауап беріп көр.

Сен мектепке қашан келдің?

Сен нешінші сыныпта оқисың?

Нешінші партада отырасың?

Мұғалімнің аты-жөні кім?

Сендерде ертең неше сабақ болады?

Сенің досың сабаққа келді ме?

Мектепте сабақ нешеде аяқталады?

Сабақ ортасы

(Ұ) Дидактикалық ойын «Сөйлемді аяқта»1. Мектепте оқушыларды мұғалім.......2. Математика сабағында.........3. Қазақ тілі сабағында..........4. Дүниетану сабағында....5. Дене тәрбиесі сабағында........6. Информатика сабағында..............

(Ұ) Мектеп ішіне саяхатқа шығамыз.

(Т) Топпен жұмыс. Төмендегі сұрақтарға жауап ретінде постер құрастыру.

1.Мектепте кімдер жұмыс істейді?

2.Мектепті кім басқарады?

3.Сынып ұжымына кімдер кіреді?

4.Мектеп ұжымына кімдер жатады?

Мектебім - айтар әнімСан рет қайталадымСан рет қайталадымӨзіңнен алғанымдыӨзіңе қайтарамын.Мектебім, қия алмаймын,Көп нәрсе қиялдаймынМәңгілік оқушың бопҚалуға ұялмаймын.

Презентация

Постер, түсті қарындаш

Сабақтың соңы

Кері байланыс. Әр оқушы өзінің қай баспалдақта тұрағандығын стикер қою арқылы көрсетеді.

Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Топта жұмыс жасату арқылы дифференциациялау. Қабілеттері әр түрлі оқушыларды топтастыру оң нәтиже береді.

Жұптық,топтық тапсырмада жауаптарын бақылау арқылы оқушылардың сабаққа қандай дәрежеде қатысқанын бағалау,бақылау, өзін – өзі бағалау

Сергіту сәтінде би билеу арқылы днсаулық сақтауы қадағаланады



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу