Өзім туралы. Әдептілікті сақтау қолымнан келе ме? Дүниетану, 2 сынып, сабақ жоспары.


Қысқа мерзімді жоспар

Пән: Дүниетану

Мектеп: Назарбаев Зияткерлік мектебі

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 1-бөлім: Өзім туралы.

Әдептілікті сақтау қолымнан келе ме?

Үйірмеде не үйренуге болады?

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:Иманбаева Н. З.

СЫНЫП: 2

Қатысқандар саны:

қатыспағандар:

Оқыту мақсаттары

2.1.1.3 Түрлі дереккөздерді зерттеу арқылы жалпыға ортақ әдеп нормаларын анықтау

Бағалау критерийлері

 

Оқушылар қандай ұғымдар жақсылыққа, қайсысы жамандыққа жататынын көрсетеді. Өздерінің әдеп туралы

ұғымын түсіндіреді.түрлі дереккөздерді зерттеу арқылы жалпыға ортақ әдеп нормаларын анықтайды.

Барлық оқушылар:

Оқушылар жақсылық пен жамандық жөнінде талқылайды, өз сезімдері мен істерін осы ұғымдармен сәйкестендіреді, өз таңдауын түсіндіреді,

Оқушылардың көпшілігі:

Өздерінің әдеп туралы ұғымын түсіндіреді. Қандай әрекеттер, сөздер мен істер жақсылыққа, қайсысы жамандыққа жататынын түсіндіреді.

Кейбір оқушылар:

Түрлі дереккөздерді зерттеу арқылы жалпыға ортақ әдеп нормаларын анықтайды

 Табыс критерилері

Жалпыға ортақ әдеп нормаларын анықтап үйренеді

Тілдік мақсаттар

Әдептілік, мейірімділік, жақсылық, қорқыныш, қайырымды

Құндылықтарды дарыту

Топтық жұмыс барысында өзара жауапкершілік, сыйластық, өзара түсіністік құндылықтары қалыптасады

Практикалық іс-әрекет барысында оқушыларда аақпаратты талдау және өңдеу, зерттеу, практикалық жұмыс, проблемалық жағдаяттарды шешу арқылы оқушылардың бойында білім мен дағдылары қалыптасады және дамиды

Пәнаралық байланыстар

Зерттеу жұмысы арқылы дүниетану, өлшем жасау арқылы математика пәнімен тапсырманы оқу және нәтижесін жазу барысында қазақ тілі пәнімен байланыс орнайды

АКТ пайдалану

Оқушылар осы сабақта АКТ пайдалану арқылы «Екі қасқыр» туралы астарлы әңгімемен танысады.

Осыған дейін меңгерілген білімдер

Әдептілік туралы білетін білімдеріне сүйенеді.

Сабақ барысы

Жоспарланатын уақыт

Жоспарланатын әрекет (төмендегілердің орнына өз тапсырмаларыңызды жазыңыздар)

Ресурстар

Басталуы

Психологиялық дайындық.

Шеңбер болып тұрайық,

Бізге келсін қуаныш нұр іздеген.

Шуақ толы жанымыз, жүрегіміз,

Үлгі алсын көрген жан мына бізден.

ОМ таныстыру әдептіліктің не екенін білетін

боласың;

• жақсылық пен жамандықты ажыратып үйренесің;

Ортасы

Әдептілікті сақтау қолымнан келе ме?

(МК, Ұ) Сабақты оқушыларға айнаға қарауды ұсыну. Олар әртүрлі эмоцияларды көрсетуі керек: мейірім,қорқыныш, ақкөңілділік және т.б.

  • Айнаға қарап күлімде.
  • Ал енді қуанышты, таң қалған,

ренжіген адам бейнесін келтір.

  • Қай бейне жағымды көрінді?

Неге?

Айнадағы эмоцияларын қағазға жаздыру.. Балалар өзіне ұнайтын эмоцияларды (жақсылық, қорқыныш, қайырымды және т.б.) бейнелейді.

Оқушылардан өз эмоцияларын парақшаларға жазып тақтаға ілуін сұрау. Тақтада қандай эмоция басым екенін анықтау, нәтижесін диаграммаға салу.

(Ұ) Жақсылық пен жамандық арасындағы күрес туралы шағын мәтінді оқып танысуға ұсыну.

Мәтінмен жұмыс. Адам ішіндегі екі қасқыр.

Талқылау сұрақтары:

  • Неліктен екі қасқыр арасында күрес жүрді?
  • Сен қай қасқырды асыраған дұрыс деп ойлайсың? Неліктен?

(Ж) «Домино» ойыны. Әдептілікке қандай іс-әрекеттер жатады? Әдептілікке қандай іс-әрекеттер жатпайды? Ой қорытындысын жасау.

(Т) «Әдептілік» терегін шағын топта құрастыру, әр оқушы өз қолынан келетін жақсы істер мен әдептілікті кеспе қағаздарға жазып, теректі безендіруді ұсыну.

Топта оқушылар өз бойында кездеспеген, бірақ басқалар жазған жақсы істер мен әдепті мінез-құлықты анықтайды. «Бұл менің де қолымнан келуі мүмкін, егер мен ...» деп өз дерегін сыныпқа ұсынады.

(МК) Өмір – бұл айна сияқты. Біз жақсы іс істесек те, жаман қылық жасасақ та,соның бәрі көрініп тұрады. Мысалы, біреуге күлімсіреп амандассақ, ол да бізге жымиып қарайды. Біреуге көмек көрсетсек, ол өз алғысын білдіреді.Өміріміздің жақсы немесе жаман болуы өзімізге байланысты.

Өміріміздің айнасын қалай жақсарта аламыз?

Оқушылардың пікірін білу.

Кішкентай айналар;

• жақсы және жаман істер бейнеленген суреттер;

• қағазға жазылған сөздер (жақсылық, жамандық,

қуаныш, жайдары, ашу, көз жасы, қорқыныш, достық,

жалқаулық).

• жапырақтары түсіп қалған ағаштың суреті

салынған постер.

Интернет-ресурстар:

• Екі қасқыр туралы астарлы әңгіме

https://www.youtube.com/watch?v=6EVZfPJ6U-I

Сабақтың соңы

6-сабақ. Сен білесің бе?

13 -қарашада Дүниежүзілік Мейірімділік күні.Осы күні жақсы, шынайы, қайырымды іс жасағысы келетін адамдардың бәрі қосылуға болады.

Сабақты қорытындылау.

Орындап көр

Бүгін қандай жақсы істер жасайсың?

Жақсы істер сөздігін құрастыр.

Жақсылық күніне арнам өз эмблемаңның суретін сал.(Ұ) Кері байланыс.

Дифференциация – Оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды

жоспарлап отырсыз?

зерттеу жұмысының нәтижесін жазу. Мағынасы қарама-қарсы

сөздерді табуға ұсынылған тапсырма оқушылардың деңгейіне қарай іріктелген.

Бағалау – оқушы материалды меңгеру деңгейін тексеруді қалай жоспарлайсыз?

Бейресми бағалау түрлері (мадақтау, түртіп алу, қолдау көрсету) қолданылады.

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Оқушылардың партада дұрыс отыру ережесі сабақ барысында қарастырылады



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
Пікір жазу