Отбасы бюджеті деген не? Дүниетану, 2 сынып, сабақ жоспары.


Сабақ жоспары

Пән: Дүниетану

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 1-бөлім: Өзім туралы

Мектеп: Талдықорған қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Cарыева А.Т.

Сынып:

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

Отбасы бюджеті деген не?

Оқу мақсаты

1.1 Менің отбасым

 Сабақтың мақсаттары

2.1.1.4 бақылау мен сұрақ-жауап арқылы тұтыну заттарына деген отбасы қажеттіліктерінің құрылымын, олардың қайдан келетінін анықтау .

 Бағалау критерийлері

Өз отбасы қажеттіліктерінің

құрылымын, олардың қайдан келетінін анықтайды.

 Тілдік мақсат

Бюджет, қажеттілік, табыс, шығын, үнемдеу, қаржы, қаражат.

 Құндылықтарды дарыту

Отбасындағы өзара татулық, бірлік, қамқорлық сияқты құндылықтарды тәрбиелеу.

Пәнаралық байланыс

Қазақ тілі және әдебиеті. Оқушылар табыс пен шығынды жоспарлап, түсіндіру арқылы айтылым дағдыларын дамыта түседі.

Алдыңғы білімдер

Оқушылар ата-анасымен бірге дүкенге барып, тауар алып жүреді, сондықтан экономика жайында алғашқы білімдері бар.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

(Ұ) Сабақты «Серуенге дайындық» ойынынан бастау. Оқушы- ларға серуенге қажетті азық-түлік тізімін жасауды ұсыну. Ол үшін алдын ала азық-түлік тізімін жасап тарату. Оқушылардан қай азық-түліктің қажет екенін, қайсысының маңызды емес екенін сұрау. Қорыта келе сабақтың мақсатын бірлесіп қою.

Сабақтың ортасы

(Ұ) Оқушылармен «шығын», «табыс» сөздерін талқылап мағынасын ашып, «Отбасында шығындар қалай жоспарланады және табыс қайдан түседі?» сұрағына жауап іздестіру.

Отбасының табысы мен шығындары туралы бірлесіп кесте құру (қосымшада көрсетілген кесте бойынша).

Отбасы мүшелерінің әрқайсысының табысын жазу (ата-анасы- жалақы, атасы мен әжесі – зейнетақы, ағасы мен әпкесі – стипендия). Картаны оқулықтың 7 б. мәтінмен және «Отбасылық бюджет» мультфильммен толықтыру.

(Т) Оқушылар отбасылық бюджет құрылымын түсінгеннен кейін «Отбасылық бюджет» ойынын ұсыну. Оқушылар топты отбасы деп алып, рөлдерге бөлініп, отбасының бюджетін анықтайды. Табыс қалай құралғанын нақтылау үшін құрылған табыс пен шығын кестесін пайдалануды ұсыну. Отбасының әрбір мүшесі отбасына қажетті азық-түлік пен тауар тізімін құрайды. Анасы ас дайындауға қажетті заттар тізімін, әкесі құралдар, көліктің қосалқы саймандарын, баласы планшет немесе ойын құрылғысын, ал қызы жаңа киімдер тізімін, ұлы кино, театрға баруға жұмсалған шығындарды жазады. Тауарлар арасынан өзіңе қажеттілері туралы айтып, ал кейбіреуінің маңызсыз екенін талқылату. Өмір сүруге ең қажетті тауарлар қалай аталатынын сұрау.

(Ұ) Қажеттілік, мұқтаж деген сөздердің мағынасын ашып, бірге қажеттіліктердің концепт-сызбасын құру. Ол үшін топтар құрған тауарлар мен азық-түліктер тізімін жіпке іліп, қыстырғышпен бекіту. Кейін жіптен алып, «Қажеттіліктер» деп жазылған қорапқа салу. Оқушылармен бірігіп қорытынды жасау: «Қажеттіліктерге…….жатады». Оқушылар отбасылық бюджет құрғаннан кейін олардың үнемдеу және ысырап ұғымдарын түсінгенін нақтылау. Егер отбасы шығыны табысқа сай келсе, үнемдеу болады. Егер шығын табыстан артық болса, мұндай бюджетте ысырап болады.

) Оқушылар суретке сүйене отырып, сұрақтарға жауап береді:

- Автомобиль не үшін керек?

- Қандай көлік ыңғайлы, жылдамырақ?

- Көліктің бағасы неге тәуелді?

(Сол сияқты велосипед, көйлек, диван туралы да сұрақтар қою)

- Мұндағы қай зат аса маңызды?

- Олардың қайсысын бірінші кезекте сатып алу керек?

- Қайсыларын кейінге қалдыруға болады?

- Қайсылары арзанырақ?

- Қайсылары қымбатырақ?

Қажеттіліктерді міндетті және қалаулы деп бөлуге болатынын түсіндіру. Міндетті қажеттіліктерге үйді жатқызуға болады. Ал көлік мектепке, жұмысқа тез бару үшін қажет.

(Ө,Қ) Оқушылардың отбасылық бюджетті жоспарлау дағдыларын бекітіп, тапқырлықтарын дамыту үшін жұмыс дәптеріндегі «Отбасылық бюджетті қалай жоспарлай-мыз? (3 б.)» тапсырмасын орындауды ұсыну.

Әртүрлі қажеттілікті бір сөзбен атап, сәйкестендіруге мүмкіндік беру үшін «Қажеттіліктер» тапсырмасын орындату.

Тапсырманы шапшаң әрі дұрыс орындаған оқушыларға отбасылық бюджетті жүргізу кестесін құруды ұсыну.

Мультфильм «Отбасылық бюджет» http://rutube.ru/video/4e91c3de29861d812d52ac0e 278ec44e/

Сабақтың соңы

(Ұ,Қ) Оқушылардың тақырыпты түсіну деңгейін анықтау мақсатында сұрақтар қою:

  • Табыс деген не?

• Отбасы шығындарын қалай жоспарлауға болады?

• Табыс пен шығындарды бір сөзбен қалай айтуға болады?

«Бағдаршам» бағалау әдісін қолдану.

• Мен түсіндім – жасыл түс;

• Мен сенімді емеспін – сары түс;

• Мен толық түсінбедім – бағдаршамның қызыл түсі.

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Отбасылық бюджетті жоспарлауға және әртүрлі қажеттілікті атауға қиналатн оқушыларға бағыт бере отырып, жеке қолдау көрсету.

Тапсырманы шапшаң әрі дұрыс орындаған қабілеті жоғары оқушыларға отбасылық бюджетті жүргізу кестесін құруды ұсыну.

Бюджеттің концепт-картасын құрастыру барысында комментарий беру арқылы бағалау. Оқушылардың отбасылық бюджетті тиянақты құруына, табысқа сәйкестендіруіне назар аудара отырып, іс-әрекетін бақылау арқылы бағалау. Оқушылардың маңызды қажеттіліктерді ұғынуын, әртүрлі тауарларды пирамиданың қабаттарына орналастыра алуын комментарий беру арқылы бағалау.

Белсенді тақтаны шектеулі уақытта пайдалану. Осы сабақта 4 минут қолдануды жоспарлаймын.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу