Денің сау болсын десең. Дүниетану, 1 сынып, сабақ жоспары.
Сабақ жоспарының үлгісі
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 4 Ббөлім: «Дені саудың- жаны сау» | Мектеп: Көкшетау қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі | |||||||||||||||||||
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: Сагинова Г.Т. | |||||||||||||||||||
Сынып: 1В | Қатысқандар: Қатыспағандар саны: | |||||||||||||||||||
Сабақ тақырыбы | Денің сау болсын десең. | |||||||||||||||||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 1.1.4.1 Жеке бас гигиенасын сақтау маңыздылығын дәлелді түрде түсіндіру | |||||||||||||||||||
Сабақ мақсаттары | Оқушылар дене тазалығы туралы біліп, түрлерін ажырата алады. Өз беттерімен ереже құрастырады. | |||||||||||||||||||
Бағалау критерийлері |
| |||||||||||||||||||
Тілдік мақсаттар
| Оқушылар дене тазалығы туралы айтады Пәндік сөздік және терминология:
Диалогқа/жазуға арналған пайдалы сөз тіркестері: Сіз неге … екенін айта аласыз ба?
| |||||||||||||||||||
Құндылықтарды дарыту | Еңбекқорлық, жауапкершілік, сыйластық. | |||||||||||||||||||
Пәнаралық байланыстар | Дүниетану, математика | |||||||||||||||||||
Алдыңғы меңгерілген білім | Оқушылар адам денесінің ішікі мүшелерін және олардың негізгі қызметтерін біледі | |||||||||||||||||||
Сабақ барысы | ||||||||||||||||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақта жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | ||||||||||||||||||
Сабақтың басы |
Психологиялық ахуал Балалар шеңбер бойынша отырады. Мұғалім еденге қима қағаздарда бейнеленген күннің, гүлдің, бұлттың, жаңбырдың суреттерін тастайды. Оқушылар тұрып, өз көңіл-күйлеріне сәйкес суреттерді таңдап алып, орындарына отырады. Неліктен бұл суретті таңдап алғандары туралы айтады. ІІ. Сабақтың тақырыбы мен мақсаттарын анықтау. Мұғалім оқушыларға жұмбақтар жасырады. Жұмбақтарды шешу:
Кетер кір ласың, тап – таза боласын. Бұл не? ( Сабын)
Суртеді қолынды, суртеді дененді. Бұл не? ( Сүлгі)
Басыңмен ісі бар. Бұл не? ( Тарақ)
Қарайды кісіге, ұқыпты ісіне. Бұл не? ( Айна) -Осы заттар адамдарға не үшін керек? -Сондықтан, біз бүгін сабақта не туралы айтамыз деп ойлайсыңдар? | Жұмбақтар | ||||||||||||||||||
Сабақ ортасы
| ІІІ. Ой шақыру. «Мойдодыр» фильмінен үзінді көрсету. Сұрақ: -Заттар неге баладан қашып кетті. -Ол баланы қалай атауға болады. -Ол балаға ұқсамайтындай, не істеуіміз керек? Оқушылар топ ішінде талқылап, қорытындыларын айтады. ІҮ. Зерттеу жұмысы. -Балалар, қазір біз бір тәжірибе жасаймыз. Сендердің алдарында айналар жатыр. Сендер саусақтарыңмен маңдайларынан сипап, айнаның үстінен жүргізіңіздер. -Не байқадыңдар? Қорытынды: Шынының үстінде дақ қалады. Ол кір. Бұл май мен адамнан шығатын тер.Май адамның терісін жұмсақ қылады. Адамнан термен бірге ұлы заттар шығады. Сол шыққан май мен терге шаң-тозаңдар жабысады. Олардың барлығы микробтарға айналады. -Қалай, ойлайсыңдар микробтар тек адамның терісінде ған бола ма? Тағы қай жерде болады? Бейнефильм. «Қолды қалай жуу керек» Сұрақ: -Сондықтан балалар, микробтар неден қорқады? Сергіту сәті: Оқушылар қолдарын жуу техникасын көрсетеді. ІІҮ. (Т) әр топ белгілі бір гигиена түріне ереже құрастырады. 1 топ- дене тазалығын сақтау 2 топ- киімдерге байланысты гигиенасы 3 топ-тамақ ішу гигиенасы Әр топ өз жұмыстарын қорғайды. | Мультфильмнен үзінді Айналар Бейнефильм Маркер, А3 қағаз | ||||||||||||||||||
Сабақтың соңы | Оқушылар бағалау парағын толтырады. Оқушының аты-жөн: ______________________________
| Бағалау парақтары | ||||||||||||||||||
Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | ||||||||||||||||||
Қабілеті төмен оқушыларға ереже жазған кезде, суреттер беріңіз. Қабілеті жоғары оқушыларға жууну заттары неге жеке болуы керек туралы әңгімелеуді сұраңыз. |
| Жеке бас гигиенасын сақтау техникалары Сергіту сәттері мен белсенді іс-әрекет түрлері. | ||||||||||||||||||
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен? Сабақта дифференциация дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен? |
| |||||||||||||||||||
Жалпы баға Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақты жақсарту үшін қандай өзгеріс енгізуге болады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылар туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет? |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?